Жастар. Діни сенім. Болашақ. дөңгелек үстел

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар. Діни сенім. Болашақ. дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастар. Діни сенім. Болашақ. сыныптан тыс іс-шара, қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің бірін көтереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жастар. Діни сенім. Болашақ.

Мақсаты: Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету. Отанымызды сүю, ата – бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеу, имандылық, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд. Мерзімді басылымдар: Ислам өркениеті. Шапағат нұр. Ислам. Нақыл сөздер.

Түрі: Дөңгелек үстел.

Әдісі: Пікір алмасу

Мұғалім сөзі: Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар. Құрметті қонақтар. Бүгінгі пікірсайысымызға арқау болып отырған тақырып Жастар. Діни сенім. Болашақ.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жоғалтып жаздаған ана тіліміз бен салт-дәстүріміз, дініміз қайта жаңғырды. Жүздеген, мыңдаған мешіттер ашылды, жастар да дінге бет бұра бастады. Мұның бәрі тәуелсіздігіміз арқылы келген жақсылықтар мен игіліктер екендігі анық. Еліміз көп ұлтты және көп дінді мемлекет болғандықтан, түрлі конфессиялардың қатар өмір сүруіне құқықтық та, ұйымдастырушылық та жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, халықтың дінге деген қызығушылықтары пайда болған сайын түрлі жаңа діни ағымдар пайда бола бастады. Жаңа діни ағымдарға негізінен діни сауаты, білімі жоқ адамдар мүше бола бастады. Алғашында оған онша мән бере қоймасақ, кейін келе сектанттардың қолына түсіп, ақыл-естен, еріктен айырылған адамдардың отбасын, ұлтын, ата-дәстүрін, дінін ұмытып, күмәнді жолға түскендерін көріп, ести бастадық.
Сектанттардың қармағына түсіп жатқандардың дені діни сауатсыз адамдар. Олар бұрын ешқандай дінді ұстанбаған, яғни діни нық сенім-нанымы жоқ, өмірдің қиындықтарына тап болған кезде діннен сүйеніш іздеген адамдар.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 45 конфессиялар, 4001 діни бірлестіктер және 3100 ғимарат ғибадатханалар қызмет жасауда. Сонымен қатар елімізде 357 шетелдік миссионерлер жүр.

Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек еліміздегі жастардың 15 пайызы осындай ағымдарға ере бастаса, соңғы жылдары аралығында бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен.

Дөңгелек үстелімізге арқау болған кейіпкеріміздің хатына назар аударайық.

Хат

Менің қолыма қалам алуыма себеп болған оқиға өмірде жіберген үлкен қателігігім құрбыларыма, іні-сіңлілеріме, жалпы осы хатты оқыған барша адамдарға сабақ болсын деген ниетпен жазып отырмын.

Әке шешемнің сүйікті қызы едім, ағаларымның арқасында қамқорлықпен сүйіспеншілікке толы отбасында бойжеттім. 11 жылдық мектепті өте жақсыға аяқтап, ЖОО-ға өзім қалаған мамандыққа грандқа түстім. Сол кезде меннен бақытты жан болмаған шығар. Жатақханада қызықты күндерім өтіп жатты.

Күндердің күнінде Әйгеріммен таныстым. Сол күннен бастап ол менің ең жақын сырлас құрбыма айналды. Әйгерім жетім балалар үйінде тәрбиеленіп ер жеткен еді. Қаржы жағынан көп қиыншылық көретін. Соңғы уақытта оны тұйық, үнемі бір жерге барып жүргенін қалтасында көп мөлшерде ақша пайда болғанын байқадым. Ол меннен жексенбі күні бір жерге бірге баруымды өтінді.

Жексенбі күні Әйгеріммен бірге бардым. Кәдімгі тұрғын үй. Шарбағында білінер-білінбестен "Бірлік" ұйымы деп жазылып тұр. Үйдің ішінен музыка әуені естіліп жатты. Бәрі жиналып Иса мәсіхті мадақтап өлең айтуда. Жиналысқа қатысып отырғандардың барлығы да қара көз қазақтар. Кездесу шымылдығын құдайға мінәжәт етумен ашты. Бәрі орындарынан тұрып құдайды мадақтап ән айта бастады. Жан жағыма бағдарлай қарасам, барлығы гипноздың әсеріне түскендей күйге енген. Бірі көзін жұмып, бірі екі қолын аспанға айқара ашып тербеліп ән салып тұр. Қасымдағы Әйгерім тіпті жылап жіберді. Бір кезде әндерін бітірді. Енді құдайға жалынамыз деп 3-4 адамнан жинала бастады. Жаныма менін Мәдина мен Дінмұхаммед есімді жігіт отырды. Олар менің жағдайымды, мұқтаждықтарымды сұрай бастады.

Сол күннен бастап Евангелист шіркеуінің мүшесіне айналдым. Өмірім күрт өзгерді. Ата-анам , туған бауырларым, достарым бәрі меннен теріс айналды. Бастапқыда барлығы дұрыс деп ойлайтынмын кейін үлкен қателік жібергенімді оқудан шығып қалғанда түсіндім. Ол ұйымнан шығуға ұмтылғанда бәріде кеш еді...


1. Болашағынан зор үміт күтетін жастарымыздың осындай әрекетке не итермелейді?

2. Жалпы діни секта, ұйымдарға кірген жастардан қандай қауіп бар?

3.Олардың өзге діни ағым өкілі екенің неден ажыратуға болады?

4.Жоғарыда айтылған түйіткүл мәселенің шешімін табу үшін Үкімет, Қоғам, Өзің не істеуін керек?

(Оқушылардың пікірі тыңдалады)


Слайд. Статистикалық мәліметтермен таныстыру.

  • Бүгінгі таңда Қазақстанда 45 конфессиялар,

  • 4001 діни бірлестіктер,

  • 3100 ғимарат ғибадатханалар қызмет жасауда.

  • Сонымен қатар елімізде 357 шетелдік миссионерлер жүр.

  • 2007 жылы осындай ахуалдың салдарынан еліміздегі жастардың 15 пайызы осы ағымға ере бастаған.

  • соңғы жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен.

  • Вайшнавтар”, “Бахаи” сенімі, “Бірлестік шіркеуі”, “Иегова куәгерлері”, “Соңғы өсиет шіркеуі”, “Кришнаны тану қоғамы”, “Саентология” шіркеуі, “Мормондар”, “Сахаджа йога”, “Жаңа аспан”, “Жаңа өмір шіркеуі”…

Тізе берсек, тым көп-ақ. Және олар елімізде тіркеліп алып, тыныш жатқан жоқ.

  • Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады:

  • 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар;

  • 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар.

  • Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді.

  • Шымкент, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Атырау, Астана, Алматы қалаларының жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалдама бойынша:

  • Аумағыңыздағы таныс жастардың қатарынан шетелдік діни мекемелерде оқу үшін жолданғандар туралы хабарыңыз бар ма?” деген сұраққа олардың

32,7%-ы “естігенім бар”,

11,7%-ы “таныстарым бар”,

55,6%-ы “бұл туралы ешнәрсе білмеймін”

деп жауап берген.

  • Дінді қай тұрғыдан қарастырған дұрыс?” деген сұраққа респонденттердің

18,6%-ы “адамгершілік, мораль тұрғысынан”,

19,6%-ы “философиялық дүниетаным тұрғысынан”,

5,8%-ы “ерекше психологиялық құбылыс (феномен) тұрғысынан”,

56,1%-ы “жауап бере алмаймын”

деп жауап берген.

  • Еліміздің оқу орындарының бағдарламасына “дінтану” пәнін енгізу қажет пе?” деген сауалға

57,6%-ы “қажет”,

0,5%-ы “қажет емес”,

31%-ы “факультатив ретінде қажет”,

11%-ы “жауап бере алмаймын”

деп жауап берген

  • Оқу орындарында “дінтану” пәнін кім оқытуы тиіс?” деген сауалға

76,5%-ы “оқытушы”,

9,2%-ы “дін қызметкері”

14,3%-ы “жауап бере алмаймын”

деп жауап берген

  • Дін туралы ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыз?” деген сұраққа

7,7%-ы “теледидардан ғана”,

25,7%-ы “Интернеттен ғана”,

24,2%-ы “БАҚ-тардың барлық түрінен”,

17,8%-ы “басқа отбасыдан”,

24,7%-ы “жауап бере алмаймын”

деп жауап берген



Қортынды"Соңғы сөзді мен айтамын" микрофон әдісі бойынша қорытындылап ой бөліседі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.11.2023
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі