400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жастар және еріктілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Еріктілікпен айналысудың адам өмірі мен ішкі психологиялық жағдайына әсері.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Жастар және еріктілік



Жастар - қоғамның лапылдаған отындай. Олардың білім алып, дамуға деген ұмтылысы - жарқын болашақтың кепілі. Қазіргі уақытта өскелең ұрпақтың арасында еріктілікпен айналысу трендке айналып кеткендей. Бірі бұл іске қызығушылық танытса, бірі өз пайдасын ойлап келеді. Алайда, қандай мақсатпен келсе де, бұл игі істің қоғамға пайдасы зор.

Еріктіліктің жастарға тиімділігін қарастырып өтейік.





Волонтерліктің ең маңызды әрі негізгі артықшылықтарының бірі – оның адамның психологиялық жағдайына тигізетін ықпалы. Көптеген зерттеулер еріктілік қызметке қатысу адамның бақыт сезімін арттырып, күйзеліс пен алаңдаушылық деңгейін төмендететінін көрсетеді. Дженнингс (2007) жүргізген зерттеу нәтижелері волонтерлікпен айналысатын адамдардың өзін-өзі бағалауы мен өзіне деген сенімі жоғары болатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, еріктілік қызметке қатысатын адамдардың менталдық жағдайы жақсарып, өміріне қанағаттану деңгейі волонтерлікпен айналыспайтындарға қарағанда жоғары екені анықталған.





Екіншіден, еріктіліктің әлеуметтік интеграцияға тигізетін әсері жоғары. Зерттеулерге сәйкес, волонтерлік қызметтегі адам қоғаммен байланыса отырып, коммуникативтік дағдыларын арттырады. Волонтер әлеуметтік топтармен қарым-қатынас орнатып, жаңа таныстықтар қалыптастырады. Бұл өз кезегінде адамдар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді күшейтеді





Сонымен қатар, волонтерлік қызмет қатысушылардың жеке және кәсіби қабілеттерінің дамуына зор әсер етеді. Еріктілік барысында адамдар топпен жұмыс істеу, уақытты тиімді ұйымдастыру, қарым-қатынас жасау және көшбасшылық сияқты түрлі дағдыларды меңгереді. Уильямс пен Хилл (2011) жүргізген зерттеу нәтижелері волонтерлік қызметтің уақыт пен ресурстарды ұтымды басқару қабілетін жетілдіретінін көрсетті, ал бұл өз кезегінде адамның кәсіби іс-әрекетіне оң ықпал етуі мүмкін.





Қорытындылай келе, еріктілікпен айналысу қоршаған ортаға ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да оңтайлы әсер етеді. Өзіңмен мақсаттас адамдармен бірлесе қайырымды іс жасау қоғамның дамуына қосатын игі үлес. Бүлдіршіндерге үлгі бола отырып, өз болашағымыз үшін бүгіннен қызмет етейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.07.2026
19
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі