Жастар жылы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастар жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысының білім басқармасы

«№5 Агротехникалық колледжі» КММ




Тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік ұрпақтары»


2019 жыл- Жастар жылы



Топ жетекшісі: А.С.Байзақ












Бозайғыр ауылы.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Мақсаты: Студенттерге «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылуы салтанаты туралы ақпарат бере отырып, Отанды, жерді сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.

1. Жүргізуші: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазан айындағы Жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялады. Көз алдымызда цифрлы қоғамы мен білім экономикасы бар жаңа жаһандық өркениет туып келеді. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты. Жастар жылында біз жас қазақстан-дықтардың маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қарапайым және түсінікті қолдау құралдарын әзірлеудеміз. Бұл – ең алдымен, қолжетімді және сапалы білім, жұмыстың болуы, баспана және отбасын құру мүмкіндігі.

1. Біріншісі: Астанада, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс.Осы мәселені шешуге сондай-ақ бүгінде жүзеге асырылып жатқан «7-20-25» бағдарламасы да бағытталған. Мұндай баспанаға жұмыс істейтін және табысы барлар ғана үміт арта алатынын есте ұстаған жөн.

2. Екіншісі:Жасанды интеллект әзірге адамдарды алмастыра алмайтын «күрделі» кәсіптер ғана сұраныста қалады. Олардың қатарында – ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қайраткерлері, ақпараттық технологиялар саласындағы топ-мамандар, жоғары санатты дәрігерлер. Сонымен қатар медбикелер, бала күтушілер, әлеуметтік жұмысшылар және т.б сияқты «қарапайым» кәсіптер сақталады.

БҰҰ классификациясы бойынша, жастықтың жоғарғы шегі ретінде 44 жас белгіленіп отыр. Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін грант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есе арттыруды тапсырды.

Бітіруші курстардағы 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажет.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынды. Ауыл шаруашылығы роботтандыру, ақпараттандыру және селекция бағытында дамитын болады.

Білімнің қолжетімділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

Мәселен, бес әлеуметтік бастама аясында 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұдан бөлек, 2022 жылдың аяғына дейін 70 мың орыннан кем емес студенттік жатақхана құрылысын қамтамасыз ету қарастырылған.

Студенттер қауымы еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы болып саналады. Бұл жас адамдардың еңбек нарығында жедел бейімделуіне және олардың әрі қарай өз жолын табуына септігін тигізеді.

Үкіметке волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын ЖОО студенттерінің стипендиясын 30%-ке дейін көтеруді тапсырамын. Бұл біздің студенттеріміз үшін елеулі қолдау болады.

3. ҮШІНШІ. Қазіргі таңда өнерлі жастарды қолдау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінде таланатты жастарымызға селективті көмек көрсету үшін деректер қорын, жастардың зияткерлік банкін құру қажет.

Жастар кешкі, жексенбілік және онлайн-курстарға бару арқылы өздерінің мүмкіндіктері мен перспективаларын кеңейте алады. Тұтастай алғанда, үш жылда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге бөлінетін болады.

4. ТӨРТІНШІ. Жастардың күш-жігерін жасампаздық пен өз мүмкіндігін жүзеге асыру арнасына бағыттаған маңызды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарай «Жасыл Ел» қозғалысының базасында «Жасыл қала – жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасын іске қосу қажет.

20 жылда Астананың айналасында қолмен отырғызылған орман пайда болды. Бұл – 80 мың гектар жасыл екпелер, соның нәтижесінде қаланың іші экологиялық жағынан тазара түсті. Астананың үлгісі бойынша бүкіл өңірдегі елді мекендердің жасыл экожүйесін дамыту қажет.

Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына жастарымыз белсенді атсалысуы керек. Осы саладағы компаниялардың бәрі студенттік құрылыс отрядтары үшін арнайы квота бөлгені жөн.

5.БЕСІНШІ. Біздің жас отбасыларына, олардың денсаулығы мен әлеуметтік инклюзивтілігіне қолдау көрсету саласындағы көзқарасымызды айтарлықтай өзгерту маңызды. Жастарды жаңа әлеуметтік рөлдері мен отбасылық өмірдің ыстық-суығына дайындау қажет. Мұны орта мектептердің жоғары сыныптарынан бастаған жөн.

Ана институтының қолдауымен бірге әке институтын дамыту, жасөспірімдердің бойында өз отбасына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру маңызды.

Қорытынды:

Барша жастарды өздерінің әлеуетін белсенді жүзеге асыруға, мүмкіндіктерін барынша пайдалануға, заманауи білім алып, күннен-күнге шыңдала түсуге шақырамын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала дәл осы мақсатқа бағытталған.

Мен сендердің өз елдеріңмен мақтанғандарыңды, оның тарихын жақсы білгендеріңді және алға сеніммен қарағандарыңды қалаймын. Қазақстанның болашағы берік қолда екеніне және сендер оны әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосатындарыңа сенімдімін.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.01.2019
908
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі