Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, конфликтілік мінез-құлықтың себеп- салдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы белең алып жатқан суицид жайында ақпарат, оны болдырмау жолдарын қарастыру, пайда болу себептерін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Психолог: М.Т. Мухаметкалиева

Тақырыбы: Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, конфликтілік мінез-құлықтың себеп- салдары.

Түрі: тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Мақсаты: білім алушыларға жасөспірімдер мен жастар арасындағы белең алып жатқан суицид жайында ақпарат беру, оны болдырмау жолдарын қарастыру, пайда болу себептерін түсіндіру.

Міндеті:

1. Білім алушыларға суицидтің, конфликтілік мінез-құлықтың себеп-салдарын түсіндіру;

2. Оқушылардың  арасында  конфликтілік жағдайлардан шыға білулеріне  ықпал  ету;

3.Оқушыларды  сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, слайд, карточкалар.
Әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ-жауап, пікір алмасу.


ӨТІЛУ БАРЫСЫ:


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.Тәрбиелік іс шараның түрі және мақсатымен таныстыру.

2. Кіріспе сөз

Құрметті білім алушылар! Бүгінгі өткелі отырған  «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, конфликтілік мінез-құлықтың себеп- салдары» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер! Тәрбие сағатының мақсаты білім алушыларға жасөспірімдер мен жастар арасындағы белең алып жатқан суицид жайында ақпарат беру, оны болдырмау жолдарын қарастыру, пайда болу себептерін түсіндіру.


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

  1. Білім алушылар аудиториясы не дейді?

Нұсқаулық: Тақырыпты ашу сұрақтарына толыққанды жауап беру.

1.Конфликті қалай пайда болады және оны болдырмау жолдары?
2. Суицидке кімдер бейім? Бейімділіктің түрлері (сөздік, жүріс-тұрыстық, жағдайлық);
3. Жақындап қалған суицидті қалай аңғаруға болады? (Суицидтік қауіпті топ);
4.Эмоционалды бұзылыстың көріністері;
5. Суицидтің белгілері байқалған жағдайда жасалатын алдын алу жолдары?
6. «Жасөспірімдерге нені үйрету қажет?» осы және т.б..

  1. Бейнероликті тамашалау.

  2. Баяндама.

  3. Сергіту сәті

  4. ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Балалар, бүгін біздер жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің, конфликтілік мінез-құлықтың себеп- салдары туралы танысып, жаман қасиеттерден арылуға күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізде конфликтілік жағдайлар аз болады деген тілекпен тәрбие сағатын аяқтаймыз.


Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:

  1. өзінің сырт келбетіне салақ қарау

  2. өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну

  3. бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау

  4. өлу туралы ойға салыну

  5. болашаққа жоспардың жоқтығы

  6. ұсақ түйектерге ашулану

  7. сыртқы бейнесімен түрінің мұңлы болуы

  8. бір қалыпты дыбыс

  9. асықпай сөйлеу

  10. сөздің қысқа болуы

  11. жауаптың жоқтығы

  12. жылдам экспрессивті сөйлеу

  13. жоқтау

  14. сыңсуға құмарлық

  15. жалпы қозғалыстың саябырсуы

  16. ештеңе істемеу

  17. тым асыра қозғалу

Эмоциялық өзгерістері:

  1. көңілсіз жүру

  2. қабақ шытуы

  3. ашулылық

  4. бұрқылдау

  5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас

  6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау

  7. өз-өзіне деген мейірімсіздік

  8. қатыгездік сезімі

  9. мәнсіз қорқыныш

  10. мәнді қорқыныш

  11. көңіл-күйдегі қайғының үнемі болуы

  12. қайғыға душар болу

  13. айнала қуанған сайын көңілсіздікке ұшырау

  14. психикалық аурулар, депрессия

  15. үрейлі қорқыныштың мінездемесі, невроз, ішкі үрей және қорқыныш

  16. шизофрения

Суицидтің белгілері:

  1. өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру

  2. өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру

  3. қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист көзқарас

  4. болашақта перспективтіктің болмауы

  5. айналадағы ортамен қарым-қатынасқа түспеу

  6. сыңсуға құмарлық

  7. қырсығу

  8. өзінің қайғысына эгоцентристік бағыттау

  9. көзжасының вегетативті бұзылуы

  10. көз қарашығының үлкеюі

  11. ауыз құрғақшылығы

  12. дем жетпеу

  13. бас ауруы

  14. ұйқысыздық

  15. іштің түйілуі

Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:

  • Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы

  • Ішкі эмоцоналды жағдайдың бұзылуы

  • Әлеуметтік шеттетілу

  • Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал

  • Өзіндік “Менінің” жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы

Суицидтің шығу себептері

  1. Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатқа жол болдырмау, жыныстық қарым-қатынастағы әлжуаздық;

  2. Психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;

  3. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқу;

  4. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар;

  5. Жұмыс және оқу орындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;

  6. Қоғамдық -саяси жағдайлар;

  7. Тұқым қуалаушылық;

  8. Даму акселерациясы.

Сыртқы белгілері:

  • Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс;

  • Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;

  • Іс-шарасыздық.

Эмоцоналды бұзылыстар

  • Қоршаған ортаға деген көңілсіздік;

  • Кекшіл, жылдам ашуланғыш;

  • Қобалжу, негізсіз қорқу.

Қарым-қатынаста:

  • Оқшаулану, қоршаған ортаман қарым-қатынастан қашу;

  • Келешекке жоспардың болмауы;

  • Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

Психикалық бұзылыстар:

  • Жылауықтық;

  • Ауыздың кебуі;

  • Тахикардия;

  • Демнің жетпеуі;

  • Бас аурудың жиілігі;

  • Дене салмағының түсуі;

  • Тәбеттің қашуы;

  • Кеуденің ауырлығы.

Демонстрациялық мінез:

  • Өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту

  • Қан тамырларын кесу

  • Дәрі-дәрмек ішу

  • Өзіне назар салуды талап ету

Суицидтік аффектілік мінез:

Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дәрмекпен улану

Жыл мезгілі

  • Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.

Сәуір-ең қатыгез ай” (Томас Эллиот)

Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары

Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету:

  • Стресті жеңуге үйрету.

  • Отбасы, мектеп, референттік топтың көмегімен жасөспірімге әлеуметтік қолдау көрсету.

  • Қиыншылықты жеңуге арналған психологиялық тренингтер жүйесін ұйымдастыру.

  • Суицидтік жағдайларға жеткізген психологиялық қажеттіліктерді азайту.

  • Өмірге ерекше қатынасты қалыптастыру.

  • Суицидтік мінез-құлықты тани білу, алдын алу.

Көмек беру үшін:

  • Суицидке әкелген себепті табуға тырысу.

  • Суицидке бейімділігі бар тұлға деп, оның әрекетіне нақты көзқараспен қарау.

  • Қамқорлық көрсете білу.

  • Тыңдаушы бола білу.

  • Өмірдегі қажеттілігін түсіндіре білу.

  • Сөз таластырмау.

  • Дәлелденбеген басу айтпау.

  • Үміт беру.

  • Мамандармен байланысу керек.

Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бұл бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының зерттеулері нәтижесіне жүгінсек, өзін - өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, елімізде әр сағат сайын бір адам өз - өзіне қол жұмсайтын көрінеді.
Жалпы әлемді алаңдатып отырған қоғамдық дерт ғылымда өз - өзіне қол жұмсауды «суицид» деп атайды екен. Суицид – алдын – ала ойластырылған өз - өзіне қол жұмсау (өзін өмірден қию). Суицид тек адамзаттың әрекеті. Әдетте суицид жасаушы адамдар өте күшті жан ауруымен ауырады және стресс күйінде болады, сонымен бірге өз проблемаларын шешудің мүмкін еместігін сезінеді. Олар жиі психикалық аурулармен ауырады, эмоциялық бұзылыстар, әсіресе депрессия жиі болады және болашаққа үмітсіз қарайды. Суицид негізгі үш түрлі жолмен жүзеге асатыны белгілі.
1) Нағыз - Өлімге бағытталу. Ол кезде ойланбай жасалынған сияқты көрінуі мүмкін. Бұндай суицидке көңіл - күйдің төмендігі, депрессиялық күй немесе өмірден кету туралы ойлар. Қоршаған орта бұл адамның осы күні байқамауы да мүмкін. Өмірдің мәні туралы ойлау, уайымдау нағыз суицидтің ерекшелігі болып табылады.
2) Жасырын - бұл суициалдық мінез - құлықтың түрінде, суицидке бару себептері байқалмайды, бірақ сол бағыт пен сондай нәтижені көздейді. Бұндай іс - әрекеттік мінез - құлық өлімге бағытталмайды, өз өміріне қауіп келтіру, өліммен ойынға ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден кетудің ашық түрін таңдамайды «өз еркімен», суицидтік мінез - құлықтың себептеріне байланысты. Мысалы: көлікті өте қатты жүргізу, спорттың қауыпты түрімен шұғылдану немесе қауыпты бизнеспен айналысу, зиянды наркотиктерді пайдалану.
3) Демонстративті (парасуицид)- өмірмен қоштасумен байланысты емес, өзінің проблемаларына көңіл аударуды қалауы, көмек сұрау, қарым - қатынасқа түсу. Шантаж жасаудың өзіндік әрекеті болуы мүмкін. Осындай іс - әркетте, ойламаған кенеттен, өз өмірімен қоштасқан оқиғалар кездеседі.
Суицидке ұшырасу себептері:
1.Бақытсыз махаббат;
2.Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
3.Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өртіруге дейін жеткізу);
5.Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;
6.Өмір мәнін жоғалту;
7.Қаржы проблемасы;
8.Денсаулық проблемалары
9.Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
10.Психикалық аурулар
11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.
Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді деседі. Ойлап қарасаң, дене түршігерлік жәйт. Расында, мұндай жағдайларға адамдар түрлі себептермен барады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
809
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12