400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЖАСТАР ПАТРИОТИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ РӨЛІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
«ЖАСТАР ПАТРИОТИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ РӨЛІ»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ЖАСТАР ПАТРИОТИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АЛАШ ТАРИХЫНЫҢ РӨЛІ»

ҚОНАҚБАЕВА АЙГҮЛ СЕРІКБОЛҚЫЗЫ


Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ КМК «Жоғары медицина колледжі»


Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ,
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!
М.Дулатұлы

Алаш зиялылары- елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында олар өздерін, де өз замандастарын да, өздерінен кейінгі ұрпақтыда қайраткерлік жағынан болсын, қаламгерлік жағынан болсын, дайындап жетілдірді. Сол жүйе барысында қазақ қоғамына бірлесе отырып көпбағытты саяси жұмыстар атқарды, баспасөз-ақпараттық құралдарын құрды, Алаш автономиясын таратты, азаттық, бостандық идеяларын, қоғамдық мәселелер, саяси үндеулер арқылы өз пікірлерін жариялап соның нәтижелерін негізге ала отырып олар Алаш демократиялық партиясын құрды.

Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп өткен жолы, олардың күресі, қаламгерлеріміздің жүрегі мен ақылынан туған көркем ойлары– тәуелсіз мемлекет құрған, егемен ел болған қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де тағылым болуға тиісті. Алаш зиялыларының азаттық үшін алысқан күндерінің салмағы мен бағасын ұғынған сайын біз бүгінгі тәуелсіздігіміздің мәнін сезініп, баянды болашағымыз үшін әрекет істеуге дайын бола бермекпіз. Бұл ең алдымен өскелең ұрпағымыз үшін, қазақ елінің өміршеңдігі үшін аса қажетті міндетті қасиетті қадамы болмақ.

Алаш қозғалысының тарихы - қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз.

Алаш қайраткерлері қазақ қоғамының өміріне белсене араласып көпбағытты саяси істер атқарды - баспасөз-ақпараттық құралдарын құрып газет-журналдар шығарды, азаттық, бостандық идеяларын, Алаш идеясын таратты, ұлттық қоғамда туындайтын қайшылықтарды бейбіт түрде шеше білді, әртүрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілегерлік үлкен еңбек атқарды, саяси үндеулерін, өлеңдерін, пікірлерін жариялады, қаулы-қарардар қабылдады, съездер ұйымдастырды, демократиялық негізде Алаш партиясын, Алаш үкіметін құрды, ұлттық атрибутикаларды дүниеге әкелді, Алаш автономиясын жариялау арқылы ұлтты ұйыстырды, біріктірді, тұтастырды.

Алаш зиялыларының зерттелмеген сан-қырлы еңбектерін кәсіби тұғырда саралап, зерделеп, келешек жеткіншек ұрпаққа, жалпы қазақ ұлтына пайдалы еңбектерін, оған дау жоқ, білім саласындағы оқулық бағдарламаға енгізіп келешек қоғамның рухани өресін өсіруге, қазіргіден де биік белеске көтеруге болады деп ойлаймыз.

Мен бұл мақаламмен өз отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға, Алаш зиялыларының зерттелмеген сан-қырлы еңбектерін келешек жеткіншек ұрпаққа, жалпы қазақ ұлтына пайдалы еңбектерін әрі қарай да дамытуға. Келешек қоғамның руханияттын өсіруге, қазіргіден де биік белеске жетуіне үлкен сенім артамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Астемес Г. Болашақ мұғалімдердің патриотизмі ауадай қажет. Қазақстан  мектебі. - Алматы, 2011. - №3. – Б.24-26.

    2. Жұмағұлов Б.Т. Патриотизм және азаматтық  ұстаным  // Егемен Қазақстан. – Алматы, 2011. - № 260 – 263 (2661), 21 маусым. – Б.2-4.

    3. Мұхаметханұлы.Н. Ізденіс: тарих және заман: мақалалар. – Алматы: «Мерей», 2014. – Б.248- 250.

    4. ppt.online.org

    5. Alash 24/kz

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13.06.2023
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі