400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастардың қоғам өміріне араласу не үшін маңызды?

Материал туралы қысқаша түсінік
жастар, қоғам, әлеуметтік, белсенділік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жастардың қоғам өміріне араласу не үшін маңызды?


Қоғам – туыстық, серіктестік, қажеттілік пен аумақтық орналасу бойынша қарастырылатын ұғым. Ол әлеуметтік мәселеде бай, кедей және орта топ болып бөлінеді. Көп жағдайда күнделікті тұрмыс-тіршілікте қаржысы жеткілікті адамдар, ақша мәселесінде қыспаққа ұшырайтын жандарға көмек қолын созады. Әдетте олар қаржылай, астық өнімдері, әрі көзге көрінетін материалды дүние арқылы жәрдем көрсетіп жатады.

Қазіргі таңда, мұндай әрекеттерді қоғам белсенділерімен жиі байқаймыз. Олардың әлеуметтік жағдайының жоғары болуы шарт емес. Жүрегінде мейірімділік, ізгілік және еліне деген патриоттық қасиеті бар кез-келген адам өзінің бай не кедей екендігіне қарамастан, айналасындағы жандарға барынша қолдау көрсетіп, қашан да көмек көрсетуге әзір болуы тиіс.

Сонымен қатар, патриоттық пен белсенділік тек адамдарға ғана пайдалы болумен өлшенбейді. Оған қоса өзің қоныстанып жатқан аймақтың, ауданның, қаланың, тіпті қолыңнан келер болса еліңнің табиғатын аялаумен әрі сақтаумен айналысу, адамның ақшалай емес, рухани байлығын көрсететін, ішкі жан-дүниенің кеңдігін айғақтайтын іс-әрекет. Міне, «қоғам» деген сөздің жалпылама жойылған, менің түсінігімдегі мағынасы.

Меніңше, қорғашан ортаға өз пайдаңды тигізу жаспен өлшенбейтін әректтердің бірі. Әрине, көбіне мұндай ерікті жұмыстарды еліміздің жас птриоттарынан жиі байқап жатамыз. Мен өзімді сондай азаматтардың қатарынанмын деп есептеймін. Себебі, мектеп қабырғасында бастауыш сынып кезеңін аяқтағанда, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуды жөн санадым. Мысалы, жыл сайын оқу орнында өтетін «сенбілік жұмыстарға» атсалысуды борыш көремін. Одан бөлек, басқа уақытта «Алматы – жасыл қала» жобасына «Алматы қаласының белсенді жастары» тобының мүшесі болып, еліміздің табиғатын қорғауға өз үлесімді қосумен болдым.

Қорытындылай келе, қоғамға көмек берудің маңызы – өзіңді рухани тұрғыда байытып, әлеуметтік шұңқыр көздерін толықтырудың бастамасы екендігін сезіну. Өзің жасаған әрекеттер арқылы өзгенің де дәл сондай шара жасауына себепші болу.

Әлеуметтік белсенділік – адамдық қасиеттің алғышарты!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.06.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі