Материалдар / ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2018
12417
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру

Муйденова Алия КалжановнаҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Бүгінде біздің қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес  жүргізіліп келеді.Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі –ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты елімізде негізінен оған қарсы тұрудың басты құқықтық-ұйымдастырушылық әрекеттері қамтамасыз етіліп жатыр. Сөзсіз, негіз құраушы заңнама нормалары да баршылық, олар ұдайы жетілдіріліп, толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде. Кеңестік мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдады да халықаралық конвенцияларға қосылды. Жемқорлықпен күресуге арнайы мамандырылған органдар құрылған.Бұл жөнінде де Елбасымыз әр жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың болашақ Қазақстан үшін қауіптілігіне баса назар аударып, халықты сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды. Биылғы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдауында да көрініс тапты. Жолдаудың мазмұнына арқау болған 10 міндетті Елбасы Қазақстанның дамуы үшін атқарылуға тиіс маңызды істер қатарына қосты. Осы аталған 10 міндеттің тоғызынышы міндетін Елбасы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп атап көрсеткен. Тоғызыншы міндеттің мазмұны бойынша: ...Жемқорлықтың алдын - алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін. Қазіргі таңда көп жұмыс істеліп жатқандығын. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталғандығын. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залал өтелгендігін» атап көрсетті.Жемқорлық қылмыстарының алдын - алу мәселесі қазір барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарының күн тәртібінен орын алған. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресуді ғана емес, оның алдын-алу проблемаларын жүйелі түрде жүргізуді мемлекет басшысы әркезде тапсырма ретінде беріп жүр. Мемлекеттік қызмет істері, мемлекеттік қызметкерлердің жағдайын жақсарту, лауазымды тұлғалар мен құқыққорғау жүйесі, сот қызметі секілді барлық ықпалды органдарда жемқорлықтың алдын - алу бағытында жұмыстар жасалып жатыр. Осы бағытта ұлттық заңнама да жетілдірілуде.2015 жылы 18 қарашасында қабылданған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңында да осы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты нормалар (9-бап) қарастырылған. Аталған бап бойынша: «..Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі» деп көрсетілген.БҮГІНГІ ЗАМАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУЫ
  • Жастардың өз-өзіне сенбеушілгі;
  • жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы;
  • Жастардың жұмыссыздығы;
  • Осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы;
  • баспана мәселелесі;
  • елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі;
  • билік құрылымдарының жауапсыз іс-әрекеттері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет:
  • Бұл адамның саналы және адамгершілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті
  • Тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті
  • Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы
  • Ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция.
ТҰЛҒАНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САНА- СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – БҰЛ ҮЗДІКСІЗ ПРОЦЕСС, ОНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарлы сіңіру
  • Тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру
  • Қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдістерді дамыту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді:
  • Жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі
  • сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез-келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі
  • жемқорлық көріністеріне қатысты материалдарды объективті және сыни көзбен бағалай білуі.
ЖАСТАР АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі
  • МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ (3-6 жас) - Әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек.
  • КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДА (7-10 жас) - Біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор.
  • ОРТА МЕКТЕП ЖАСЫ (10-14 жас) - Балалардың өміріндегі күрделі кез – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі.
  • ЖОҒАРЫ МЕКТЕП (14-18 жас) - Бұл дене және психология-лық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең.
Студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті нығайту мақсатында біздің университетімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» курсы оқытылып жатыр жән сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.Биылғы оқу жылында «Құқықтану» кафедрасы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің хаты (№03-3/615, 24.06.2015 ж.); Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің хаты (№02-02/4991, 10.08.2015 ж.) негізінде құқықтық емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне элективті курс ретінде оқытылып жатыр. Пән 2 кредиттік оқу жүктемесі ретінде орындалуда. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлға ретінде тәрбиелеу, жемқорлық әрекеттеріне әсер ететін факторлар, жемқорлық көріністері туралы жалпы кешенді білімдер, сыбайлас жемқорлық саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліктермен, білімдермен қаруландыру; студенттердің бойынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы «иммунитетті» қалыптастыру болып табылады.Бұл пән биыл үшінші оқу жылында оқытылып жатыр. Пәнді оқытуда алғашқы жылдары біраз қиыншылықтар болғаны рас. Себебі, оқулықтардың болмауы, арнайы бекітілген жұмыс жоспарының болмауы оқытушыларға қиындық тудырды. Оқытушылар пәнді оқытуда ғаламтор материалдары мен баспасөз беттері мен нормативтік актілердің көмегімен дәріс берілді.Қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жарық көрген (2016ж, Астана қаласы) авторлар ұжымымен құрастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралының көмегімен дәріс берілуде. Кафедраның ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер арасында топтық жарыстар, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай лекциялар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізіліп тұрады. Осы аталған іс-шаралар мен жұмыстар жастардың болашақ мамандардың ой-санасында сыбайлас жемқорлыққа деген жол бермеушілікке қатысты пікір қалыптасады деген ойдамыз.Осы сөз болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресуде, оның алдын-алуда оңтайлы, жағымды тәжірибелерді ескеріп, тек теорияда ғана емес, тәжірибеде пайдалануымыз қажет. Өйткені бізде азаматтық қоғам деген атау, түсінік бар ал олардың сыбайласқан жемқорлықпен күрестегі белсенділігін қазіргі кезге дейін байқалмай отырғандығына куәміз. Осы жәйт әрине бізді қатты қынжылтады. Сыбайласқан жемқорлықпен күресте азаматтық қоғамның институттарының ішіндегі партиялардың орны маңызды. Осы дертпен күресуде тек «Нұр Отан» партиясының белсенділігін ғана аңғаруға болады. Ал қалған партиялар, тек президенттік, парламенттік сайлауларда ғана өздерін көрсете бастайды. Ал қалған кезде ұйықтап жатқандай тып-тыныш. Біз барлығымыз біріге отырып сыбайласқан жемқорлық орын алғаннан кейін күреспей, онымен қоса оның алдын алуымыз керек. Ойымды қорыта келе біз «бір жеңнен қол» шығарып біріксек осы дертті толық жоймасақта, оны азайтуға болады және бұл алғашқы қадамдардың бірі болар еді. Сондай-ақ, бұл дертпен сатылап күрессек, әрі ұтымды, әрі қолайлы болар еді. Жастардың бойындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен жастардың:- Сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тану,- Жемқорлық көріністерін анық ажырата білу,- Әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы болуы қажет.Қазақстандық әрбір жас:
  • Мәдениетті;
  • Ең алдымен құқықтық сауатты;
  • жемқорлық көрністерін ажыратын білетін;
  • «Нөлдік» төзімділігі қалыптасқан;
  • Білімді, бәсекеге қабілетті;
  • Азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!