ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК
ЖЕЛІЛЕРДІ ДҰРЫС МАҚСАТТА
ҚОЛДАНУДЫ
ҮЙРЕТУ
Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа
білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда елімізде интернет
пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Азаматтарымыз
әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап отырған барлық
әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы
ақпараттарды алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі
арқылы адамдар өзінің ішкі сұранысына қажетті барлық ақпараттарды
алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп,
өз қуанышымен бөлісе алады. Қазіргі кезде әлеуметтік желі
пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып,
әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып,
оны пайдалаушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті
толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін
туғызатыны белгілі.
«Әлеуметтік желі» қазіргі
таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген
сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын - жазушылар ғасыры
бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның
бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы
интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол
жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де
жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы,
қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы
алғанда әлеуметтік желі дегеніміз
адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым - қатынас жасайтын
құралы болып табылады.
Көптеген жастар, тіпті
ересектер де тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына,
әлеуметтік желілер арқылы қарым – қатынас жасауды жөн көреді. Ең
басында ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп,
соңында көптеген қиыншылықтарға тап
болады.
Бүгінгі таңда әлем халқының
57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі, интернет арқылы, оның ішінде
әлеуметтік желілерде сөйлеседі. Тиынның екі жағы бар демекші,
әлеуметтік желі де адам арасындағы қарым – қатынасқа оң және кері
әсерін тигізеді. Көптеген ғалымдардың ойынша,
адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен қарым
– қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым – қатынас жасаған
адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға
түседі, жолында пайда болған проблемаларды шешуге қабілеті аз
болады. Сондықтан да әлеуметтік желінің пайдасынан зияны
көп.
Әлеуметтік желілердің
пайдалы жақтарын тоқталсақ:
Әлеуметтік
желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз
бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға
болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз,
тек WWW немесе
Web
деп аталатын әлемдiк шырмауықты
қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi
басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың
кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы
жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік
желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай
елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. таныса
аласыз. Әлеуметтік
желілерден ғалым да, бизнесмен де,
компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба
алады. Әлеуметтік
желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың
айнымас құралына айналып келедi.
Ең маңызды және пайдалысы,
алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін
қолданылады. Үшінші себепте айтылғандай,
хат-хабару алмасудан басқа пайдалы жағы көрініп тұрған
жоқ.
Әлеуметтік
желілердің зиянды жақтарына
тоқталып өтсек:
Компьютердің, ұялы
телфондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші
жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар
жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне
зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде
дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын
тигізетін факторлары мынандай:
-
Көздің
көру қабілетін төмендетеді;
-
Омыртқалардың
қисаюына әкеледі;
-
Жүйкеге
салмақ түсіреді;
-
Шаршағыштық, әлсіздік
басады.
-
Сөйлеу
қабілеті төмендейді
Әлеуметтік желілерге сурет қою сәнге
айналған. Кез келген смартфон, i-phone немесе android жүйесіндегі
телефонмен түсірілеген сурет жайлы толық ақпарат алуға болады.
Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін. Картадан анық көрсетіп те
береді.
Бұл - мемлекет үшін, әрбір адам үшін үлкен
қауіп. Ақпараттық соғыстың ең өтімді қаруы өзіміз берген мәлімет
емес пе? Осы қаруды «біреудің қолына ұстатып бермеу үшін» тез арада
шаралар қолдану керек.
Бұған қоса және
жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс
компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді,
айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға,
ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды.
Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен
гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге
балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек
компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір
қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін
достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
ИНТЕРНЕТ ПЕН ҰЯЛЫ
ТЕЛЕФОННЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА КЕРІ
ӘСЕРІ:
Телефон ең алдымен, байланыс,
яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген
бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған.
Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек,
тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта
телефонымен өткізеді.
Cонымен қатар интернетті және
әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім
сапасының төмендеуіне де әсері бар екен. Сондықтан Интернеттің тек
жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық. Әрқашан әр
нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,
ал зиянынан сақтанайық!
ОҚО, Созақ ауданы, Таукент
кенті
«№24 Колледж»
МКҚК
Информатика пәнінің
оқытушысы
Жусипова Акбота
Нурпейсовна