400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жастарға рухани – танымдық тәрбие беруде Шоқан Уалихановтың мұралық рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уалихановтың шығармашылығымен танысу, артына қалдырған мұралық рөлі жайлы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұран» университеті колледжінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

оқытушысы Мукаева И.Т.



Тақырыбы: Жастарға рухани – танымдық тәрбие беруде Шоқан Уалихановтың мұралық рөлі.

Мақсаты: Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір тарихын, өзінің қысқа өміріндегі шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Шоқанды тану арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Әдеби – танымдық кеш.
Сабақтың әдісі: баяндау, әдеби монтаж, сахналық көрініс.
Сабақтың көрнекілігі: «Шоқан саяхаттары» карта - сызба, портреті, ұлы ғалым туралы жазылған ой - пікірлер.
Тәрбие шарасының нәтижесі:
- «Жастарға рухани – танымдық тәрбие беруде Шоқан Уалихановтың мұралық рөлі» тақырыбы негізінде қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын тану;
- Қазақ халқының өткенін танымай, ол өнерден нәр алмай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес, Шоқан Уәлихановтың өмірімен, қызметімен танысу арқылы, Шоқан Уәлихановтың ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып біледі.


Оқытушы сөзі:
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған, - деп
ақын Еркеш Ибраһим жырлағандай халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған «Жастарға рухани – танымдық тәрбие беруде Шоқан Уалихановтың мұралық рөлі» атты әдеби – танымдық кешке қош келдіңіздер!.

Ой қозғау.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған?

Пікір алмасу.

— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?

— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?

— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?

Сұрақтар.

1. Шоқан Уалиханов кім?

2. Шоқан Уәлиханов қай жерде туды?
3. Шоқан Уәлихановтың шыққан тегі кім?

4. Шоқанның әжесінің аты кім?
5. Шоқанның шын аты кім?

6. Шоқанның өмір сүрген кезеңі?

7.Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?

8. Шоқанды неге аққан жұлдыз дейміз?


І бөлім «Тектіден текті туар қайталанбас». Шоқан мен әжесі. (көрініс).


1 - оқушы: видео презентация. Шоқанның өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беру.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал - айласы мол Орта жүз ханы болған. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болған. Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштарына мұсылманша Мұхаммед - қанапия есемі беріледі. Анасы баланы Шоқан атаған, осы жалған ат дүйім жұртқа әйгілі болып, шын атқа айналып кетті.

Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсаң қарағайға.
Кербез сұлу Көкшетау Арқадағы,
Ертеде қоныс болған Абылайға.
Шоқанның ата - бабаларына қоныс болған жер Көкшетау елі.


1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой - пікірлі адамдар көп болған.
Кадет корпусында Шоқан өзінің зеректігімен ерекшеленген. Тілді тез меңгеріп, өзі қатарлас оқушылардан озық оқыған. "Корпуста ой - өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Оған талайлар - ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып озды" – деп жазды бірге оқыған досы, этнограф - ғалым Т. Н. Потанин.


2-оқушы. Қоғамдық, әдеби қызметі.


Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ - орыс әскерінің 6 - атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік - Батыс аймағының генерал - губернаторы Г. X. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай - ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты.


3-оқушы. Шоқан-әдебиет зерттеуші

Шоқан уәлиханов әдебиет теориясының кейбір мәселелерімен де шұғылданады, қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттеген. Қазақ өлеңдерін ол 5 түрге бөлген, олар: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең. Бұл жөнінде Т.Н.Потанин: «қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» деген пікір айтқан еді.

Әдебиет теориясы:

  • Поэзия жанры, түрі

  • Өлең құрылысы

  • Аңыз — әңгімелер

«Ш.Уәлихановтың  халық ауыз әдебиетін,

ертегілерді және мақал-мәтелдерді зерттеуі»

Шоқан жас кезінен-ақ аңыз-әңгімелерді, жыр-дастандарды тыңдап, оны жинақтай білді. Қазақ халқы аңыз ертегілерде ешкімге зияны жоқ сарыбас жыланды, пәк аққуды, үні әдемі көкекті, сыланған тотыны, сайраған бұлбұл мен сандуғашты қазақтар ешқашан балаға жәбірлетпеген. Шоқан Қашқарға барған сапарында ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлері мен аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтқан. Қашқарда жүргенде қолына «Тазкиряи Ходжагян» деген жазба түскен, ол жазбада қожалар әулиетінің тарихы баяндалады. «Қожалар тарихы», «Тарихи-Рашиди» кітабының жалғасы екенін анықтай түседі. Қазақ халқының ұлы перзенті Қашқардан «Сұлтан Бұғрахан тарихы», «Тоғылық Темірхан тарихы», «Қожалар тарихы» т.б. сирек кездесетін шығыс қолжазбаларын жеке қаржысына сатып алады. Бұларға қосымша ұйғыр, иран тілдеріндегі тарихи жазбалар, шежірелер алып қайтады.


4-оқушы. Шоқан – саяхатшы

Ішкі Азияға барған 4-ғалым, бұның алдында:

1-рет 1278 жылы Марко Поло;

2-рет 1603 жылы Иезуит Гастен;

3-рет неміс ғалымы Шланинтвейт;

4-рет Шоқан Уәлиханов 1858 жылдың 28 маусымында

Шоқанға осы еңбегі үшін 4-дәрежелі «Ізгі Владимир» ордені мен 500 сом күміс ақша берілді.

1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Кейін ол: «Тәңірі», «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы» деген еңбек жазады.

1856 жылы Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.

1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Ол сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы көп мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.


5. «Шоқан – Манасты зерттеуші»

Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, неміс, орыс және түрік тілін жетік білген. Шоқан француз халқының ҮІІІғ. Роланды туралы жырын, Грецияның «Илладасы» мен «Одессеясын», үндінің «Рамаянасын», кавказдың «нарттарын», қарақалпақтың «Қырық қызы» мен қырғыздың «Манасын» зерттеп, олардың мазмұнымен толық танысқан.

Шоқан 1856ж. М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды. Ғалым осы сапарында Манасқа назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Кейінірек «Манасты» айтушылардан негізгі нұсқасын жазып алып, «Көкетай ханның асы» деген тарауын алғаш рет орыс тіліне аударады.

«Манас» — бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі – дала «Иллиядасы» десе де болғандай деп Шоқан бұл жырды жоғары бағалаған.

Шоқанның айтуынша, Манас ноғайлының Талас пен Шу бойында көшіп-қонып жүрген бір руының биі Жақып байдың баласы. Манас жыл санап емес, күн санап өседі, он алты жасқа келгенде аты шулы батыр болады. Ақ жүзі ақша қардай хан қызы Қаныкейді алғанына місе тұтпайды. Қалмақ ханының шашы өкшесіне жететін сұлу қызы бар деген хабарды естіп, Манас өзінің қарт әкесін сол сұлуға айттырып келуге жұмсайды. Хан бұған намыстанып: «Менің қызыма ханның ұлы лайық, сенің ұлыңа бидің қызы лайық» — деп жауап қайтарады. Жақыптың ұлы жас Манас қалмақтың ханынан қорқып тайсалмайды, сөйтіп ол қолына қару алып, соғыс бастайды да, ұзын шашты сұлуды күшпен тартып алады. Поэманың жалпы сипаты міне осындай.


6. Шоқан – суретші.

Шоқан Уәлихановты замандастары шығыстану іліміндегі қайталанбас ірі тұлға деп танығаны белгілі. Суретшілік өнер – тарихшы, географ, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқанның сегіз қырының бірі ғана. Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған. Ол суреттер Шоқан Уәлихановтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші басылымының 5 - і томына енген. Ал «Өнер» баспасынан шыққан «Шоқан және өнер» атты кітапта Шоқанның әзірге белгілі суреттерінің бәрі басылып шықты. Бұл еңбектер Шоқан халқымыздың шын мәніндегі тұңғыш суретшілерінің бірі екенін дәлелдейді.

7. Шоқан мен Достоевский.

Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді, кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл достық хат арқылы нығая түскенін көреміз. Мәселен, Семейден кетіп бара жатып, Уәлиханов Достоевскийге былай деп жазады: «...Сізбен бірге Семейде өткізген азғана күн маған сондай тамаша әсер етті. Ендігі менің бір ойым сізбен тағы да бір кездесу. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін. Менің Сізге қандай берілгендігімді және сізді қандай жақсы көретінімді, әрине, өзіңіз де білесіз». Бұл хатқа Д.М.Достоевский өзінің шын жүрегінен шыққан жылы сөздермен былай деп жауап қайырды: «Мейірман достым! Сіз мені жақсы көремін деп жазыпсыз. Ал мен сізге қысылмай-ақ тура айтайын. Мен сізге ғашық болып қалдым. Мен еш уақытта да, ешкімге де тіпті туған ініме де, тап сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін. Бұған талай дәлел келтіруге болар еді, бірақ сізді несіне мақтай берем. Ал енді сіз менің ақ ниетіме дәлелсіз-ақ сенетін шығарсыз деймін. Достоевский өзінің хаттарында Шоқанға пайдалы кеңес беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қойғанын көреміз. Енді бір хатында: «Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз – сіздің материалдарыңыз өте көп. Сахара туралы мақала жазыңыз. Оны Россия халқына түсіндірудің өзі ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе. Европаша білім алған тұңғыш қазақ екеніңізді есіңізге толық алыңыз.Тек осы оқиғаның бір өзі ғана ғажайып нәрсе және оны ұғудың өзі сізге көп міндеттер жүктейді. Оның үстіне тағдыр Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан. Артта қалуға болмайды, жоқ болмайды...» деп жазады. Мұндай жанашырлық жалынды сөздерінде Достоевский Шоқанға шын жүректен ақыл-кеңесін білдіріп, оны белсенді іс, батыл әрекетке рухтандыра түседі.



  1. Қорытындылау. Рефлексия. Күн сәулесін толтыру.

«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», - деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқанның арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді.

Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.















































2. Шоқан Уәлиханов қай жерде туды?
3. Шоқан қай жылдары Омбы кадет корпусында оқыды?
4. Шоқанның ұстаздары кімдер болған?
5. Шоқанның орыс достары кімдер?
6. Шоқан қазақ халық поэзиясын неше топқа бөледі?
7. Шоқанның атасы кім?
8. Шоқанның әжесінің аты кім?
9. Шоқанның анасының аты кім?
10. Шоқанның әкесі кім?
11. Шоқанның ескерткіші бар қалалар?
12. Шоқан қайда саяхаттар жасады?
13. Шоқанның шын аты.
14. Шоқан жазып алған қырғыз жыры.
15. Шоқан оқып, білім алған қала.
16. Шоқанның ауыз әдебиеті жөніндегі зерттеулері.
17. Шоқан туралы қандай шығармаларды білесіздер?
18. Шоқан басқа жолдастары үшін де, мен үшін де «Европаға қараған терезе болды», - деген кім?
19. 1854-1855 жылдары қай жерлерді Шоқан Уәлиханов аралады?
20. Шоқан Уәлиханов қай жылы қайтыс болды?
































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

«Тұран» университетінің колледжі

Колледж университета «Туран»












тақырыбы: Жастарға рухани – танымдық тәрбие беруде Шоқан Уалихановтың мұралық рөлі.





















Алматы, 2019



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі