400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жастықтың жалынды жырлары" әдеби поэзиялық кештің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби поэзиялық кеш өткізу үшін таптырмас сценарий, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жастықтың жалынды жырлары» әдеби – сазды поэзиялық кеш

Зал әсем безендірілген.

Музыка ойнап тұрады.

Кештің мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен

шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру, өз шығармашылықтарын шыңдау, өлеңге, сөз өнеріне баулу, қазақ әдеби тілінің қасиетті екенін ұғындыру

Дамытушылығы: Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелігі: Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағыландыру.

Көрнекілігі: Ақын – жазушылардың портреттері, кітаптар мен баспасөз материалдары бойынша көрме, жазушы туралы лебіздер мен пікірлер, интерактивті тақта.



Ашылуы: Сахнаға Мағжан Жұмабаев, Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаев Шығып өлең-өнерін аманаттайды.Оны біздің студенттер қабыл алып оларға арнау өлеңдерін оқиды.

Би қазақ биі

Кеш барысы

1-жүргізуші: Құрметті жиналған барша қауым! Бүгінгі «Жас қаламгер» әдеби клубымыздың ашылуына орай ұйымдастырылған «Жастықтықтың жалынды жырлары» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

Данышпан  қазақ  халқы  ақынға  кенде  болған  емес. Поэзия   әлеміне   көз   салсақ   қазақ   халқының  арман  мұраты,  шаттығы  мен  қайғысы   ең   алдымен ақын  жүрегіне  жиналған, ақын  өлеңдеріне   арқау   болған.



Поэзия   досым   менің   күй  аңсаған,

Өзімді,  өмірімді   қиям   саған,

Шағымда  шабыттанған,  қиялданған,

Шапағың   бар   шаттығын   құяр  маған



1-жүргізуші: Армысыздар, жыр сүйер қауым!
- Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар көп-ақ.Бүгінде сол ағаларымыз бен апаларымыздың ізін жалғар жастар біздің ортамызда яғни Басқару колледжінде де жетерлік екен.Ендеше бүгінгі кеште сол жастарымыздың өнеріне сусындап, әдемі жырларына тәнті боламыз!


2-жүргізуші: Олай болса, кешімізді ашу үшін алғашқы сөзді колледж директоры Айман Сапарғалықызына сөз береміз.

1-жүргізуші: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Әлқисса, қазақтың әрбір ұл-қызы саналы ғұмырында қаламның қасиетіне бас иіп, сезімге толы сырын желдей желбіреген жалынды жырларымен ұштастырып жатады. Әрине, ақындық шабыт әр адамға берілмейді. Бойға шабыт келген күнде де оны дұрыстап ұйқасы мен буындарын үйлестіре білу тағы бар. Дегенмен, ақын болмасам да ақындарға жақынмын деп, жүрегінің сыры болған жырын ұсынатын колледж студенттерін сахна төріне шақырамыз.

(Сахнаға өз өлеңдерін оқуға студенттер шығады)

2 – жүргізуші:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

 Әсем ән мен тәтті күй.

 Көңілге түрлі ой салар

Әнді үйсең менше сүй.

Ән

Айшаның орындауында

2-жүргізуші: Өзіңді   өмірге  келтірген,  тіршілігіңе  нәр  берген    ата-ананың  алдында  адамның  парыз-міндеті   өлшеусіз.Қазақ   ғұрпындағы  ата-ананың   ерекше   биік  орны,  қадір-қасиеті   ше?  Ананың   ақ  сүтін әкенің  адал  күшін   ақтау -   өз  болашағыңды  сақтау.

1-жүргізуші: О,  Ата-анам,

Таянышым,  тірегім!

Бар  бақытты  бір  басыңа  тіледім.

Бізді  жақсы  болса  екен  деп  қашанда,

Лүпілдейді  сенің  қамқор  жүрегің.

Монолог Соқыр ана

2-жүргізуші : Ерқанаттың орындауында «Әке-ана» әні

1-жүргізуші :

Сезім жыр, кебізім күй, ерке едім

Өз жерім,өз елімде еркеледім

Өмірдің алтын сарай аспанына

Қиялым қақты қанат ерте менің

2-жүргізуші

Ризамын, туған елiм, көктемiңе,
Қиялмен қол созамын көкте күнге
Жайқалам гүлiң болып қырларыңда
Жүземiн аққуың боп көк көлiңде

Сахнаға патриоттық әндер оқуға студенттер шығады

1-жүргізуші: Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра,- деп бабаларымыз айтып кеткендей.сахна төріне күмбір күйімент құлақ құрышын қандыратын домбырасымен күй төгетін Орынбаев Санжарды шақырамыз.



2-жүргізуші: Поэзия дегенің-халық қаны,

                       қасіреті, мұрасы, жарық таңы;

                       ол-сезімнің оралмас мөлдірлігі,

                        уақыт шаңын бойына дарытпады.


2-жүргізуші: Жыр-таңбадай қасиет халықтағы,

                       ақын - заман, дәуірдің алыптары,

    ұрпақтардың, ортаның шын сенімі-

                                              ақынның шабыт нәрі.


Сахнаға өз өлеңдерімен ақын ұлдарымызды шақырамыз!

Домбыра үні қазақтың құлағына ежелден сіңірген қасиетті үн болса, гитара да танымал аспаптардың бірі ретінде жастардың сүйікті аспабына арналған.

Сахна төріне Казимов Хасенді шақырамыз.

  1. Жүргізуші: Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия болады
    Көңілді, жайлы күнімді,
    Азапты қайғы мұңымды
    Өзімменен бөліскенің үшін
    Қатем мен жеңістерім үшін
    Менің мынау қиындау тағдырым болып
    О,баста көріскенің үшін
    Өлең, мен сені аялап өтем! – деп Ақын апамыз Фариза жырлағандай, сезімдерін өлеңмен аялап жүрген ақын қыздарымызды сахна төріне
    шақырамыз..

1-жүргізуші:Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

2-жүргізуші:Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…

Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Сахнада диалог «Кешкі ода»

2-жүргізуші: Шәріп Ахадтың орындауына «Байқоңырдағы махаббат»

2-жүргізуші:

Поэзия – әйелдей жұмбақ әлем

Сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Жаны –тұнған тұңғиық тереңдік те,

Қимылы –ырғақ, әуен.

Поэзия-

арудай

құпиясын

Ұқтырар жылдап әрең…. деп  Фариза апамыздың өзі айтқандай, жыр құпиясының сыры тереңде.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
деп Абай атамыз айтқандай, осы талантты ақындарымыздың қаламдарыңыз мұқалмасын. Тәрбиеленушілерімізге, жас ақындарымызға болашақтарына сәттілік тілейміз

1-жүргізуші: Қадірлі   көрермен! Біз  бүгінгі  кешімізде   қазақ  деген  ұлы  халықтың    тектілігі   мен  өршіл  рухын жырға  қосқан  ақындарымыздың   өлеңдерін  сіздерге  жеткіздік.

Арыстандай  айбатты,

Жолбарыстай  қайратты,

Қырандай  күшті  қанатты

Мен  жастарға  сенемін , —  деп  М.Жұмабаев  айтқандай , аға  буынның  сенімін  асқақтататындай    парасат-пайымы  биік   азамат  боп  өсейік!

2жүргізуші:  Сіздерге         жылы   жүрек,  ыстық   қайрат,   нұрлы   ақыл        тілей  отырып,  бүгінгі  кешімізді  аяқтаймыз. Еліміз  аман, жұртымыз   тыныш   болсын! . Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!











































Мен – қазақтың ұлымын!..



Қазақ деген халықтың сарбазымын,

Ата-бабам қанындай ар-намысым.

Атқа мінер күн туса айыл жимай,

«Аттандайтын!» азулы мен де арысың.



Өктемдігін кеше алмас өзгелердің

Өр мінезді, асаулау, боз дөненмін.

Көңілім де даламдай дархан-дария,

Әулиемдей пір тұтам сөз-өнерін.



Мен – қазақтың ұлымын, түркі – тегім,

Қия-құздың қайсарлау бүркіті едім.

Тақымыма тар келер құзғын-қарға,

Кез келгенін тағының үркітермін.



Жүре алмаймын тегінде бұғып төмен,

Жаралыппын от мінез-құлықпенен,

Туған ел мен туған жер тағдыры үшін

Жанып-күйіп тұрмай ма жігіт деген?!











Шолпан жұлдыз жарқыраған қазағымның көгінде,
Орны тақ, құламайтын поэзияның төрінде.
Ер Түріктің арда туған ардақты ұлы Мағжаным,
Кірбең, сызат түсірмейміз сен білдірген сенімге.



Мағжан күні сөнген жоқ-ты, еш уақытта сөнбеген,
Жалындаған жас ұрпағы бұған жолды бермеген.
Тоқтамаған өлгенімен елім деген жүрегі,
Елі барда Мағжан әлі сан мың ғасыр тірі еді.

Сен туралы жырлап өтем таңнан таңға асырып,
Құдіретіне табынамын жырларыңа бас ұрып.
Сен секілді алға ұмтылам арыстандай ақырып,
Сен секілді жүріп өтем, жыр қып өтем
Алаш атын бар әлемге асыр





































Дүниенің ағын да, қарасын да,

Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Жер мен көктің желпініп арасында,

Желігесің, түсесің қара суға.

Құйын қуған қаңбақтай аласұра,

Ей, өмірім, зымырап барасың ба?

Мен отырмын теңіздің жағасында,

Бересім де жоқ оған, аласым да.

Мені тастап, толқындар, ағасың ба?

Толқынданып, өмірім, барасың ба?

Шаң шығарып ізінен құйындаған,

Барасың ба, өмірім, қиындаған?

Сыйын маған, Ей, өмір, сыйын маған,

Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
7 қазан
8286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі