400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ЖасҰланның-Жұлдызы!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың репертуарларды жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, Қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады. Байқаудың міндеттері: Қатысушыларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру; Ең талантты дарынды қатысушыларды анықтау;Оқушыларды шығармашылық вокалдық бағытты дамытуға жәрдемдесу;
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Жас Ұланның- ЖҰЛДЫЗЫ!» ән байқауы сценариі

Мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың репертуарларды жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады.

Байқаудың міндеттері: Қатысушыларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

Ең талантты дарынды қатысушыларды анықтау;Оқушыларды шығармашылық вокалдық бағытты дамытуға жәрдемдесу;

Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!!

«Жас Ұланның- ЖҰЛДЫЗЫ!» ән байқауына қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші: Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша осынау  қауымды,

Әнімен залға сыйғызған- дей отырып, «Жас Ұланның- ЖҰЛДЫЗЫ!» ән байқауына қатысушы оқушыларымыз Әсетбек Аружан, Нұрсейіт Аяулым, Құралбек Күнсұлу, Байдүйсен Айзере,Сұлтан Тахмина, Жолшыбек Мереке, Наби Аянат, Күмісбек Жанелді ортаға шақырайық!

Жүргізуші: Құрметті көрермендер олай болса бүгінгі сайыста үміткерлерімізге әділ төрелігін айтар әділқазылар алқасымен таныс болайық:

1

2. ________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.-деп,

«Жас Ұланның- ЖҰЛДЫЗЫ!» ән байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші Ал, кәнеки, ағайын
Асқақ әнге салайын
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап әнге салайық, - деп байқауымызды алғашқы шымылдығын ашатын оқушымыз Әсетбек Аружанның орындауында «Еркем-ай» әнімен бастайық.

Жүргізуші: Ән көңілдің ажары,
Бөлейтұғын шаттыққа.
Қуаныштың базары,
Тарқамасын аптықпа.
Арман қуған жастарым,
Кеудеңе үміт нұрланар.
Ән шырқалсын келіңдер,
Талаптарыңа нұр жауар Құралбек Күнсұлудың орындауында

«Дастарханым» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып, сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
«Жас Ұланның- ЖҰЛДЫЗЫ!» ән байқауында,

Әуеленген әсем ән жолданады.

Нұрсейіт Аяулымның орындауында «Ұстаз Ана» әнін қабыл алыңыздыр


Жүргізуші: Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!

Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,

Таңымды тамылжытқан әсем әнмен

Тыңдаңыз елін сүйген оқушылар үнін

Байдүйсен Айзере орындауында «Ұстаз» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Аман боп халқымыз мәңгілік,

Жүрейік алғыс айтып сән құрып.

Бірлік пен ынтымақ нығайса,

Атады әрқашан таң күліп Сұлтан Тахмина орындауында

«Алғыс» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! дей отырып, Жолшыбек

Мерекенің орындауында «Отан» әнін қабыл алыңыздыр

Жүргізуші: Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы,

Қуантамыз ананы,-деп Наби Аянаттың орындауында

«Аяулы ана» әнін қабыл алыңыздыр


Жүргізуші: Көрермендер бүгін ерек күйге енген,

Өнерліден шексіз бейне сый көрген.

Бұл сайысты әділқазы алқалары да,

Әділдікпен шешер деген ой түйген.

Шын жүйрік сыналатын кезі келді,

Көрдіңдер тамашалап сайысты енді.

Әділқазы ойы терең,ақылы кең,

Саралап,әділ баға берсін енді,-дей келе сөз кезегін әділқазылар

алқасына береміз!


Жүргізуші: Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса оқушыларымыз,
Қазақтың ертеңі мен мақтаны
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Сау – саламатта болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.02.2022
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі