Материалдар / Жасыл жалын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасыл жалын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғалымдарға мәлім, қарапайым халық үшін құпия жүзеге асқан тәжірибе мен жаңа өмір
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасыл жалын

1 БӨЛІМ

Қазір, кезінде дұрыс шешім қабылдағаныма қуанамын.

Оқиға менің колледж бітіргенімнен басталады. Колледж бітіре салысымен, тәжірибе жинау үшін зертханаға жұмысқа кірдім. Ол лаборатория - тастанды, әскери емхана, қаланың ең шетінде, адам аяғы баспайтын, жанында шамамен 20 жылдық түрме бар жерде орналасқан. Осы жерді алағаш көрген кезде таң қалдым, себебі, бұл зертхана бай адамдардың жеке меншік зертханасы болған еді.

Ах, мен айтпаған екенмін ғой, менің атым – Со Ля, мен химия және биология ғылымдарының докторымын. Бірақ, менің докторлық дәреже алу жолым мүлдем басқа оқиға.

Сонымен, мені 23 жасымда зертханаға колледждегі профессорымның ұсынуымен осы жерге жұмысқа орналасамын (неге соншама студенттердің арасынан мені ұсынғаны маған беймәлім еді, шын мәнінде ол маған мүлдем қызық емес болатын). Солай мен жұмысқа басыммен кіріп кетемін, бұл жұмыстың бір қызығы - әр түрлі жануарлардың ДНҚ-сын қосып жаңа өнім шығару болатын.

Бір күні, күндегідей өз жүмысыма бара жатқан кезде жер сілкінісі болды, мен жұсыма қарай жүгірдім, жұмысымдағы әріптестерімнің барлығы мені күтіп отыр екен. Не болды деген сұрағыма олар маған су тасқаны сонымен қатар, әлем бойынша жер сілкінісі болып жатыр деді. Және де бұл апаттың ешқашан аяқталмауы мүмкін деп жауап берген еді. Сол кезде мен барлығын түсінгендей болдым, мен жұмыс істейтін зертхана осының барлығын алдын ала болжап, осындай апат болған жағдайда, басқа ғаламшарға көшу сияқты аман қалу жолдарын іздеген екен. Сол сияқты жануарлардың ДНҚ-сын араластыру ол да бір аман қалу жолын табу болған екен. Біздің қаланың айналасында судың болмағанынан бізде уақыт болды. Не үшін уақыт болды?- деп ойласаңыздар, біздің қала, сонымен қоса әлемнің басқа бөлігінде тірі қалған адамдармен басқа ғаламшарға көшуге уақыт болды.

Иә, иә, басқа ғаламшарға көшу қазіргі заманда ойға қонымсыз болғанымен сол кезде солай істеуге тура келді. Ол басқа ғаламшар - Файтин ғаламшары болды. Неге дәл Файтин десеңіздер, бұл ғаламшардың топырағы және климаты басқа ғаламашарлардың ішіндегі ең жерге ұқсас ғаламшар. Топырағы құнарлы болғандықтан жаңадан өмір бастау- жеміс-жидек, көкеністер өсіруге ең қолайлы жер. Бұның барлығын осы зертханадағы зерттеушілер 3 жыл бойы зерттеген екен. Сонымен, бір түн бойы адамдар заттарын жинап, керек жарақтарын өздерімен алды, ол адамдардың ішінде мен де бармын. Осы адамдардың барлығы зертханның астындағы құпия машина жасау заводынан жаңа шыққан атмосферадағы қысымға шыдайтын, темірден жасалған ұшақпен адам өмірінің басқа бөліміне көшіруге көмектесті. Осылай, бірнеше күн ішінде тірі қалған адамдарды басқа ғаламшарға жаңа технологиялармен жасаалған ұшақпен жеткізді. Бір қызығы, осы жағдайдың болатынын зертханада жүретін адамдар баяғыдан білген екен...

2 БӨЛІМ

Файтин ғаламшары біртіндеп әлемнің барлық бөлігінен жиналған адамдарға жаңа пана бола бастады. Осының барлығын білген зертхана иелері, осы апат туралы ойлап, суық пен ыстыққа төзімді, жинақы үйлерді әр отбасыға берген болатын. Сіздер қалай әр түрлі ұлт өкілдері бір бірімен сөйлесті деп ойлайтын шығарсыздар? - оған жауап: адамдар жаңа ғаламшарда жаңа өркениет құру үшін мектептер аша бастады, ол мектептерде жаңа тілмен, адамның өміріне керекті алғашқы білім берілді.

Сіздердің сұрақтарыңызға бірден жауап берейін, адамдар оттегісіз өмір сүре алмайды, сол себепті, бай адамдар өздерінің ұшағымен жерден оттегіні тасымалдаумен айналысты. Әрине, ешқандай зат тегін берілмейді. Адмадар шамамен 26 күнге жететін оттегіні, 25 күн бойы былай айтқанда, мемлекетке жұмыс істеп алатын (бұл осы жаңа мекеннің ережелері немесе тірі қалу жолы болатын). Қарапайым халық жаңа жерде жеміс-жидек, көкеністер өсіріп (бұл ғаламшардың жері кез-келген флораның өсуіне қолайлы болған), осылай күнін көретін.

Жалпылап қарасаң, барлығы өз ретімен, жаңадан дамып келе жатқан сияқты көрінген жер, бірде қарапайым халықтың өміріне ауыр қиыншылықтар алып келді.

3 БӨЛІМ

Алайда, қайғылы күндер де алыс емес еді. Осы ғаламшарға орныққанымызға тек қана 2 ай бола салысымен адамдардың алдына ең ауыр сынақ келе бастады. Дәлірек айтқанда, вирус пайда болды, ол менің айтуым бойынша вирус болатын, бірақта кейбір адамдарға ол қалыпты жағдай болып көрінді.

Осы уақыт бойы барлық зерттеушілерлің арасынан мен ғана қалдым, сол себепті осы “вирусқа” қарсы емді шығару менің мойныма артылды. Менің мақсатым - адамдарды бұл дерттен құтқару болды (көздің толығымен ештеңені көрмеуі, құлақта тек судың аққан дауысы, адамдардың өздерін кішкентай балаша ұстауы). Бұл аурудың шығу себебі: бұл ғаламшар Жерге қанша ұқсағанымен адамзаттың нағыз мекені емес. Адамның Жерде өмір сүрген кезде күннен, таза судан алатын дәрумендер тапшылығы еді.

Осы бір вирусқа ем табу жолында мен бірнеше күндер бойы зертханадан шықпай көптеген элементтерді қосып дәрі табу жолдарын қарастырдым, ақыр соңында маған ең керек элемент ол - фаумилин элементі екенін білдім. Бұл элемент - адамның денесіндегі антиденелер жинағы, осы антиденер арқылы адамдар күн сайын өседі. Бұл антиденелер 100 адамның ішінен тек 8 адамда болуы мүмкін, бірақ өкінішке қарай бұл антиденелер осы жерде өмір сүретін ешкімнен табылған жоқ. Тек қана менен басқа...

Шын мәнінде, мен бұл жаңалыққа еш қуанғаным жоқ. Себебі, егерде кем дегенде бұл элемент 5 адамның денесінен табылса, мен барлығын дерлік емдей алар едім. Ал қазір, соншама адам ішінен мен ғана осы дертке ем бола алсам менің өзімнен ештеңе қалмайды. Өйткені, байлар тек өзінің қамы үшін кез келген затты істейді. Сол үшін мен, бұл элементті іздеу үшін Жерге жол тарттым. Файтин мен Жердің арасы ұшақпен 2 сағат, мен осы элемент жайлы білген түні ешкімге білдіртпей бірден кетуді жөн көрдім.

Қысқасы, сол түні ұшақпен жерге жол тарттым. Жолдың ортасында менің артымнан адамдардың аңдып, мені ұстап алуы мақсат екенін түсіндім. Сол үшін бар жылдамдықпен, лезде Жерге жеттім.

Менің жоспарым - құтқаруға келмейтін бірақ, басқа адамның өмірін сақтап қалуға көмектесетін адамдарды іздеу. Яғни, денесінде фаумилин элементі бар адамды табу.

Бірақ, Жерге келген кездегі менің көрген көрінісім, маған барлық затты ұмыттырып жіберді.

4 БӨЛІМ

Мен Жерге келген кезде таң қалдым. Табиғаттың көрінісі өте керемет болып көрінді. Қираған ғимараттар мен тастанды үйлердің арасынан жасыл жапырақтар мен таза ауа өтеді. Айналада шу мен қоқыстың ешқандай ізі де қалмаған. Адамдардың істеген тіршілігі яғни, қоқыс, судың ластануы болмаған да сияқты. Қалалардың барлығы өте көрікті болғаны сонша, таңғажайып көрініске қарап 10 минуттай тұрып қалдым. Осы уақыт аралығында менің артымнан адамдар да келді.

Біткен жерім осы шығар деп, қозғалмай тек оларды күтумен болдым.

Бір кезде олар да жетті, көздерінің соқырлығы мен балаға айналу процессі біртіндеп баяулай бастады. Мұны көрген мен, өте қатты таң қалдым.

Олар менен кейін бірнеше минуттан кейін жеткен болатын. Олардың ауруы жазылуға жақын қалған сияқты болды. Бірақта, бұл жайт мені менің тағдырымнан ешқалай құтқара алмайтын еді (мені ешкімге айтпай, сатқын деп ойлап, осының барлығын адамдарды құтқарып қалу үшін жасағаныма ешкім де сенбес еді. ). Егер...

Егер, мен сол кезде басқа айла ойлап таппасам. Олар мені қайтадан Файтинге алып кетті. Сол баяғы, барлығын басқаратын байлардың алдына апарды. Мен барынша өзімді ақтау үшін “Мен жердің қазіргі жағдайы қандай болып жатқанын білу үшін бардым, өзімің басымды қатерге тіктім. Және егерде мені қазір жазаласаңыздар, ешқашан осы дерттің емін таба алмайсыздар” деп оларды маған сәл жұмсақ сөйлеуге көндірдім. Әрине, көп адамға басқаның емес, өзінің саулығы керек қой. Сосын, олар менімен бірге Жерге барып, менің керемет тапқан, менен басқа ешкім таба алмайтын ол қандай ем екенін көруге барды.

Жерге оралған кезде олар өздерін жақсырақ сезіне бастады. Түрлерінен байқалған жақсартудан кейін маған сәл-пәл сене бастады. Мен оларды қайдағы жоқ, тастанды бір мектепке апарып, өзімінің жасаған “ем” деп аталатын затымды оларға ұсындым. Оларға нәтиже болу үшін 2 апта күтіңіздер деп айттым. Әрине, өздеріне керек болғандықтан, маған сенулеріне тура келді. Және де, келесі бірнеше апта ішінде нәтиже кәдімгідей байқала бастады.

Шын мәнінде, менің жасаған “ем” деп аталатын затымның еш пайдасы болмас еді, тек қана егер...


5 БӨЛІМ

...Егер, олар осы жерде болмаса.

Себебі, адам организиміне керек барлық зат осы Жер ғаламшарында ғана бар. Адам осы ғаламшардан алысқа, ұзақ кетсе тек денсаулығы нашаралайды.

Сонымен, Файтинге көшкен барлық адам Жерге қайта оралды. Адамдардың денсаулығы күннен күнге жақсарып, сауығып кете бастады. Кеше ғана балаға толығымен айналып бара жатқан адамдар күнделікті “үлкен адамның тіршілігіне” қайта оралды десек болады. Қалалар мен мемлекеттер басынан бастап салынып, адамдар өзінің күнделікті, қалыпты өміріне орала бастады. Әрине, әр зат адамның жүрегінде үлкен орын алады, сол сияқты, жақындарын жоғалтқан адамдар ақырын болса да, өз өмірін жалғастыруға тырысты. Жерге белгілі уақыттан кейін, яғни дәл уақытында келгеніміздің арқасында, қазір көптеген адам тірі қалды.

Мен осы оқиғамен әлі ешкіммен бөліскен емеспін. Бірақта, адамдардың әр заттың қадірін білгенін қалаймын. Менің айтпағым, осындай апаттың болуы ол - адамдардың кесірі. Адамдар ойына келген кез-келген затты істей бастады. Айналаның барлығы ластанып, ауыз суының тапшылығы, ормандар өртеніп, жануарлардың үлкен жылдамдықпен азайып жатқанын біле тұра, адамдар өздеріне қатты керек емес заттарды ең негізгі затпен алмастырып алды. Жер ғаламшары адамдардың қашан маған назар аударып, осы қорқынышты түстен мені құтқарады деген үнін ешкім естімегендіктен, Жер ғаламшары өзін осындай жолмен тазартып, адамдарды жазалады. Сол себепті, тек сән үшін жасалған, табиғатқа зиян келтіретін заттардан алшақ болуымыз тиіс.

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды, бірақ табиғат адамсыз әлде қайда жақсы өмір сүреді!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!