жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасыл шырша
Тақырыбы: «Жасыл шырша»
Əдемі əуенмен түрлі аңдардың киімін киген ұлдар, əдемі ұлпа қарлар, қыздар залға кіреді.
Жүргізуші:
Кəне, достар тұрмайық,
Қарсы алайық жыл басын.
Қызықтан бос қалмайық,
Шырша тойын бастайық!
Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл барлық үйге құт-береке алып келсін! Еліміз тыныш болсын! Жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Никита:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Осы кезде қолында кішкентай балығы бар түлкі өзімен-өзі сөйлесіп, залға кіреді.
Түлкі: Мына балықты жеп қойсам ба, əлде суға жіберейін бе? Өзі кіп-кішкентай екен.
Жүргізуші: Сəлеметсің бе түлкі, сен өзіңмен-өзің сөйлесіп келесің ғой.
Түлкі: Сəлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа келе жатып, бір шалдың шанасынан бір балық түсіп қалды, өзі тірі екен. Соны жесем бе, жоқ суға жібере салсам ба, деп ойлап тұрмын.
Жүргізуші: Түлкі, сен балықты жеме, одан да ана суға жібере сал. Ол саған рахмет айтып, жүзіп кетеді.
Түлкі: Балалар, балықты суға жіберейін бе? Жарайды, жіберсем жібере салайын.
Түлкі балықты суға жібереді. Балық суға сүңгіп, алтын балық болып шығып, сөйлейді.
Алтын балық: Балалар, түлкі, сендерге рахмет. Мен жай балық емеспін, мен алтын балықпын. Маған көмектескендерін үшін мен сендердің үш тілектерінді орындаймын. Көмегім керек болса, мені шақырыңдар.
Жүргізуші: Түлкі, балықты жібергенің жақсы болды. Енді түлкі бізбен бірге əн айтсан қайтеді. Хор «Шырша жыры».
Жүргізуші: Түлкі, балалар, Аяз ата мен Ақшақар кешігіп жатыр. Кəне бəріміз дауыстап шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар бізді естімей жатыр ғой димін. Енді не істесек екен, кімнен көмек сұраймыз?
Түлкі: Аяз ата мен Ақшақар жолды таппай, орманда адасып жүрген шығар.
Алтын балықтан сұрайық.
Балалар: Алтын балық, алтын балық,
Су үстіне тік тұр,
Бізге қарай бет бұр.
Алтын балық су бетіне шығып, балаларға былай дейді:
- Балалар, мен сендерді тыңдап тұрмын, қандай тілектерін бар?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар əп-сəтте осы жерде болсын!
Алтын балық: Жарайды, балалар, тілектерін орындалады.
Жарық өшіп, Аяз ата мен Ақшақар шырша жанында тұрады. Аяз ата таң қалып:
- Ақшақар, біз қайда келдік?! Ой, біз балалардың ортасында екенбізғой. Сəлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару, қыздарым.
Балаларым, балғындарым,
Өмір-гүлім, шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығын.
Ақшақар: Сəлеметсіздер ме, қонақтар, балалар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл табыс, қуаныш əкелсін!
Жүргізуші: Сəлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар. Төрлетіңіздер. Балалардың өнерін тамашалаңыздар. Балалар тақпақ айтып берсін.
Ақниет:
Кел, жаңа жыл, бас алға,
Тұрғызайық көп қала.
Тілегеніміз қашанда,
Бейбітшілік тек қана.
Даша:
Ал, келіңдер, келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Əн «Аяз ата».
Ақшақар:
Жңа жылды тойлауға,
Дайындалды қанша қыз.
Ұлпа қарлар болып ортада,
Би билейміз шаттана.
Кəне, қыздар, «Ұлпа қарлар» биін билейік.
Би: «Ұлпа қарлар».
Түлкі: Жарайсыңдар, балалар! Əнді жақсы айтып, биді де жақсы биледіңдер. Енді бір ойын ойнасақ қайтеді. Ойын «Қар тасу».
Шарты: Екі топқа бөлініп, қарды күрекпен кезек-кезек бір себеттен екінші себетке тасимыз. Тез, жылдам біткен топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, түлкі, осы біздің шыршамыз көңілсіз болып тұрғой. Кəне, барлығымыз сиқырлы сөздерді айтып, шырша шамдарын жағайық.
Балалар:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Шырша шамы жанбайды.
Жүргізуші: Қап, шырша шамы жанбады ғой. Енді не істейміз?
Түлкі: Алтын балықтан көмек сұрайық.
Балалар:
Алтын балық, алтын балық,
Су бетіне тік тұр,
Бізге қарай бет бұр!
Алтын балық: Балалар, мен сендерді тыңдап тұрмын, қандай тілектерін бар?
Балалар: Алтын балық, біздің шыршамыздың шамын жақшы.
Алтын балық: Жарайды, шырша шамын жанамын.
Жарық өшіп, шырша шамы жанады.
Жүргізуші: Осы əдемі шыршаның құрметіне барлығымыз «Шырша» əнін айтайық. Əннен кейін ашуланып, мыстан келеді.
Мыстан: Бұл не той, не мереке?! Сендер жаңа жылды менсіз қарсы алып жатырсыңдар ма? Мені неге шақырмайсыңдар? Қазір мен бұл жердің тас-талқанын шығарамын. Мына балаларды орманға алып кетемін.
Аяз ата: Ей, мыстан, саған не болды? Доғар енді, тыныштал.
Мыстан: Жоқ, Аяз ата, доғармаймын. Бұл жердің тас-талқанын шығарамын.
Жүргізуші: Мыстан апа, сізге не болды? Ашуыңызды басыңыз. Одан да балалардың өнерін тамашалаңыз. Бізбен бірге жаңа жылды қарсы алыңыз.
Мыстан: Жарайды, осы əдемі балалар үшін еш нəрсеге тиіспеймін. Бірақ менің үш шартымды орындайсыңдар.
Балалар: Шартыңызды орындаймыз.
Мыстан: Бірінші шартым: маған би билеп беріңдер.
«Аңдар биі».
Мыстан: Екінші шартым: əн айтып беріңдер: əн «Шыршаға бардық».
Мыстан: Үшінші шартым: «Кім жылдам» ойының ойнайық.
Мыстан балаларға риза болып:
- Балалар, сендер өте өнерлі, ақылды екенсіңдер! Мен сендерге тиіспеймін, бірақ мына шыршаны кесіп, орманға алып кетемін, орманға орнатып қоямын.
Жүргізуші: Мыстан апа, орманда шырша көп қой, бұл шыршаны қайтесіз?
Мыстан: Орманда шырша көп, бірақ олар мына шырша сияқты əдемі емес, əдемі ойыншықтары жоқ. (Мыстан еңкейіп, шыршаны арамен аралайды).
Аяз ата: Ей, мыстан кемпір, қойсаңшы, балалардың мерекесінің берекесін алдыңғой. Қазір қоймасаң, сені таяныммен қатырып тастаймын.
Аяз ата таяқпен еденді ұрады, мыстан еңкейіп қатып қалады.
Жүргізуші: Аяз ата, мыстан кəрі ғой, бұлай тұра берсе, белі ауырады. Оны қайтадан орнына келтірсеңіз қайтеді. Ол енді жамандық жасамайды.
Аяз ата: Жарайды, сендердің айтқандарын болсын.
Мыстан: Ойбай, белім, белім, енді мен жамандық жасамаймын. Мені кешіріңдер. Аяз ата мен саған əлі көрсетемін.
Жүргізуші: Аяз ата, балалар сізге тақпақ айтқысы келіп тұр.
Тақпақ айту. «Қуыршақ» биін билейді. Мыстан биден кейін Аяз атаның қапшығын білдірмей ұрлап алып кетеді.
Аяз ата: Ой, балалар, өте өнерлі екенсіңдер, рахмет сендерге.
Ақшақар: Йə, əнді жақсы айтып, биді де өте жақсы биледіңдер. Аяз ата, балаларға сыйлық берейік.
Аяз ата: Йə, Ақшақар, балалардың сыйлықтарын берейік, сыйлық салынған қапшықты əкел. Ақшақар шыршаны айналып, түлкі екеуі қапшықты іздейді.
Ақшақар: Аяз ата, сыйлық салынған қапшық жоқ, мыстан кемпірде жоқ.
Аяз ата: Қап, жана мен сендерге айттымғой, мыстанға сенбеу керек еді, енді ол балалардың сыйлығын өзі жеп қоятын болды ғой, енді қайттік!
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, қамықпаңыздар, алтын балықтан көмек сұрайық, біздің соңғы тілегімізді айтайық.
Балалар:
Алтын балық, алтын балық,
Су бетіне тік тұр,
Бізге қарай бет бұр.
Алтын балық: Балалар, мен сендерді тыңдап тұрмын, қандай тілектерін бар?
Балалар: Алтын балық, мыстан біздің сыйлығымызды ұрлап кетті. Сыйлық салынған қапшықты қайтарып берші.
Алтын балық: Балалар, бұл сендердің үшінші соңғы тілектерін. Енді мен өз патшалығыма кетемін. Тілектерін əп-сəтте орындалады. Сау болыңдар! Жарық өшіп, сыйлық шырша түбінде пайда болады.
Аяз ата: Бəрекелді, міне сыйлық толған қап, мыстан оны ашып үлгермепті. Балаларға сыйьықтарын берейік.
Жүргізуші: Рахмет сіздерге Аяз ата, Ақшақар. Құметті қонақтар, жаңа жыл құтты болсын. Əр үйге қуаныш, бақыт əкелсін. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген