Ұйымдастырылған ойын –сауықтыру іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту, математика негіздері,дене шынықтыру, қоршаған ортамен таныстыру, жапсыру, музыка.
Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау, шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау мен қиялды дамыту. Танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, саяхат, ТРИЗ технологиясы миға шабуыл әдісі.
Ұйымдастырылған ойын-сауықтыру іс-әрекет барысы:
Сары ММ Денс-Балжан: Мен ММ ДЕНС тәттімін
Дәмім менің бал шырын
Мені жақсы көреді
Кіп-кішкентай ұл-қызың
Қызыл ММ Денс Жооқ ең тәттісі мен боламын
Жалын оттай жанамын
Балалармен дос болып
Ойын- сауық құрамын
Екеуі мен тәттімін деп таласа жөнеледі. Екеуі де өздерінің достарын алып келуге шығып кетеді.
Жаңа жылдық паравоз әуенімен балалар кіреді.
Мыстан Жақсылықты келтірмеймін
Жаңа жылға жеткізбеймін
Мен тұрғанда балаларға
Мереке жоқ бұл жалғанда Ха ха ха Тоқта, тоқта, қайда келе жатсыңдар! Сендер менен рұқсат сұрадыңдар ма-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді бұл жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме?
Балалар абдырап қалады.
Сары ММ Денс-Балжан: Мыстан әже сіз мені танымадыңызба? Біз балаларға, адамдарға көңіл күй сыйлайтын тәттілерміз. Әже бір ашуыңызды бізгер беріп, мына тәттілерден ауыз тиіп, мерекені осында тойлауға рұқсат етіңізші.
Мыстан әжей тәтілерді аузына салып,: Ой ой ой неткен дәмді десеңізші. Жарайды ендеше мен сендерге тура жарты сағат уақыт беремін. Егерде жарты сағаттан кейін кетпесеңдер, мен сендерді құбыжыққа айналдырып, өзіммен бірге осы әлемге мәңгілікке алып қаламын.
Қызыл ММ Денс-Мөлдір: Жарайды Мыстан әжей біз мерекені тойлап туп-тура жарты сағаттан соң өз пойызымызға отырып, кетіп қаламыз.
Сары ММ Денс-Балжан:
Келіңіздер, келіңіздер
Би де билеп беріңіздер
Қызығы мол Жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер
Би «Жаңа жыл»
Қызыл ММ Денс: Жарайсыңдар балақайлар өздерің өте өнерлі екенсіңдер.Мен сендерді зерек,білімді деп білемін. Мен сендерге жұмбақ жасырамын тауып көресіңдерме?
Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран борап соғады
Айтыңдаршы балақайлар
Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)
Қыста қардан туатын
Сәбіз екен танауы
Шелек қалпақ басында
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.(Шырша)
Сары ММ Денс-Балжан: Ал балалар тұрмайық
Қызық ойын ойнайық
Шынықтырып денемізді
Үлкен шырша құрайық
Ойын «Шырша жасайық»
Мақсаты: Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту. Түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту; қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау
мен қиялды дамыту.
-Балақайлар біз шыршаны әсемдеп безендірдік, ертегілер еліндегі шыршалар санын да көбейтіп бердік.Енді бізге кім ?не? жетіспей тұр?
-Аяз ата мен Ақшақар және сыйлықтар.
-Ендеше Аяз ата мен ақшақарды дауыстап шақырып ортамызға алайық.
Әуенмен Аяз ата мен Ақша қар келеді. Тақпақтар:
Аяна: Жаңа жыл, Жаңа жыл Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр
Өркен:Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле Жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын
Қазына: Тамаша. Тамаша! Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.
Даяна: Ақ қар жапты даланы, Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын, Шырша келді ортаға
Әлинұр: Ал, балалар билейік, Ойнайық та, күлейік.
Аяз ата қуансын, Тақпақ айтып берейік!
Қанағат: Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз, Ән шырқайық баршамыз!
Ерасыл: Ақ таяғын таянып, Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр, Ақ көрпеге оранып.
Ұлжан: Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған.
Алихан: Ақ қырауға малынған Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына
Айсұлтан: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды Қонақтардың бәрінде!
Шерхан: Аппақ тоңға оранып Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.
Ибрахим: Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата-әже, ата-әже, Құтты болсын Жаңа жыл.
Айару: Келді міне Жаңа жыл, Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап, би билеп, Ән салайық бәріміз.
Гаухар: Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып, Жалғасады жырға жыр.
Ө Ахмад: Әкелсін жыл ырыс-құт, Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша Жаңа жылым тамаша!
Айзере: Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны Сағындым аяз атаны!
Мадияр: Келіңдер, келіңдер, Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан, Сыйлық алып көріңдер!
Ердос: Жасыл шырша жанында, Көңілдіміз бәріміз.
Тақпақ айтып ән айтуға Әрқашанда дайынбыз.
Қызыл ММ Денс: Балалар ендеше Аяз ат мен ақшақарды ортаға алып әсем ән шырқап берейік.
Ән «Шырша жыры»
Әуенмен қоян кіреді
Өзінің көжектеріне азық іздеп жүргенін айтады
Би «Қояндар»
Сары ММ Денс-Балжан: Ақ қоян біздің балақайлар сен сиқяты қос аяқтап жылдам секіре алады.
Ойын «Шырша ойыншықтары»
Мақсаты: Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту.
Оркестр « Жаңа жыл» (сылдырмақтармен, шашақтармен, сырнаймен)
Мыстан оянып айқайлаған дауысы шығады балалар жылдам паравоздарына отырып шығып кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жасыл шырша жанында" ереңгілік

шағым қалдыра аласыз