Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Жасыл шырша жанында" мерекелік ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Күншуақ» жекеменшік

бөбекжай- бақшасының

әдіскері А.Ә.Жақсылықова




«Жасыл шырша жанында»

(Ересек «Ер Төстік » тобының ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігі)

Shape1 Shape2






Тәрбиеші:Ходжа-Ахметова К

Ыбраева И





Таушық ауылы, 26.12.2023 жыл.



Маша: -Досым,ондай тақпақ емес, шырша туралы,қыс туралы тақпақ сұрадым ғой. Жарайды! Ендеше менің кішкентай достарымнан сұрайын.Сендер қыс,шырша туралы тақпақ білесіңдер ме?Қане кім айтады?

-Ия.

(Ақбөбек,Райана,Асқарұлы Әлинұр,Жарас,Нұрәлі, Аршат,Ханшайым)

Ақбөбек: Райана:

Далада қар борайды, Қыс келді,қыс келді.

Ақ мамыққа орайды. Ақтарып ақ қарды.

Мұз болады қатады, Аралап қайтайық,

Жып-жылтыр боп жатады. Ақ күміс бақтарды.

А.Әлинұр: Жарас:

Ақ көрпесін жамылып, Қыстың күні көңілді,

Ұйықтап жатқан дала нұр. Көп қызықты көреміз.

Балаларды сағынып, Шығып алып далаға,

Келді міне,Жаңа жыл! Сырғанақты тебеміз.

Нұрәлі: Аршат:

Дала аппақ,жапалақтап, Сықырлаған аязда,

Қар жауады тынбастан. Шымыр біздің денеміз.

Қалың орман,қар жамылған, Шаңғы теуіп ақ қарда,

Маужырайды түнгі аспан. Құстай ұшып келеміз.

Ханшайым:

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау,қарлы шың.

Маша: Неткен,тамаша! Жарайсыңдар! Аю,досым көрдің бе? Балалар қандай күшті айтады тақпақты.

(осы кезде қоянды қуған қасқыр екеуі самокатпен жарысып келе жатады.Қасқыр абайсызда құлап қалады,қоян жерге жата келіп күледі.Екеуі бір-бірімен сөзге келіп жатқанда,Маша оларды татуластырады)

Қасқыр: Қап,бәлем қоян мен сені қуып жетемін қазір.Менің атым-қасқыр.Менде сен сияқты қатты жүгіре аламын.

Қоян: Жете алмайсың! Мен жүйрік қоянмын.Мен сеннен озып кетемін.(Қасқыр құлайды,қоян күледі)

Маша: Сендерге не болған? Үнемі осылай дауласып жүресіңдер.Олай дауласқаннан не пайда?Жаңа жыл мерекесі келді.Келіңдер,татуласып дос болайық.Мұнда кішкентай достарымызбен бірге достасып,ойын ойнайық.Балалар,қасқыр мен қоянды өзімізбен жаңа жыл мерекесін бірге өткіземіз бе?Қалай ойлайсыңдар?Бірігіп ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия.

Ойын: «Қар мен сәбіз жинау»

(Қасқыр мен қоян өзіне балаларды шақырып екі топқа бөлінеді. Самокатпен жарысып себетке қар мен сәбіз жинап жарысады)

Маша: Алақай! Достық жеңді.Балалар шыршамыздың шамын жағатын уақытта жетті. Шырша шамын жағайық,алыс жолдан Аяз атамызда жақындап қалған сияқты.Қане,бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

-Ау-у-Аяз Ата! Ақшақар! (осы кезде боран,аяздың дауысымен Аяз Ата мен Ақшақар шанасын сүйреп келеді)

Аяз ата:- Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Маша: Алақай,көптен күткен Аяз Атамыз бен Ақшақарда келіп жетті.-деп қуанады.

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, қызым менің аса таяғымды береғой, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Ақшақар: Ата таяғыңыз мұнда жоқ ғой.Осы кезде қораптың ішінен сайқымазақ секіріп шығады. Аяз Атаның таяғын артына жасырып, қаша жөнеледі.

Балалар: Аяз Ата таяғыңызды Сайқымазақ алып кетті.Әне,Ата қараңыз!

Сайқымазақ: Түш-түш,айтпаңыздар! Мына жер қандай әсем! Балалар қандай әдемі!Маған қатты ұнайды.

Маша: Сайқымазақ,олай жасыруға болама екен? Біздің шыршамыз көңілсіз тұр. Аяз Атаның аса таяғының көмегімен шыршаның шамын бірге жағайық! Кел,сенде бізбен бірге көңіл көтер,Жаңа Жылды бірге тойлайық. Балалар,Сайқымазақты бұл жолы кешіреміз бе?Оны өзімізбен бірге көңіл көтеруге шақырайық,ия балалар!

Балалар: Ия.

Сайқымазақ: О-О-О! Алақай! Жарайды! Мені кешіріңіз Аяз Ата! Менде Жаңа Жылды сендермен бірге тойлайтын боламын.

Аяз Ата:(сиқырлы музыка дыбыс) Бір,ек,үш

Шырша шамы жана түс! Мына шырша неге жанбады екен?Балалар келіңдер,бәріміз бірге айтайық.

Балалар: Бір,екі,үш

Шырша шамы жана түс.

Шырша жарқырайды.

Маша: Алақай! Керемет! Тамаша! Шыршамыз жарқырай түсті.

Достар Жаңа Жыл мерекемізді әрі қарай оданда көңілді өткізейік. Аяз Ата біздің кішкентай достарымыз сізді асыға күтті.Сіздерге өздерінің дайындаған көп-көп өнерлері бар екен.Сіз шаршаған боларсыз,отырып демалыңыз. Ал,біздің кішкентай Аяз аталарымыздың өнерін бірге тамашалайық.

Ұлдар биі: «Көңілді Аяз аталар»

Аяз Ата: Қандай сүйкімді менің кішкентай балаларым! Жарайсыңдар!

Сайқымазақ: Достар менің сендерге өз өнерім бар.Сендер менімен ойын ойнағылырың келе ме?Келіңдер, бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Маша: Аяз Ата, біздің кішкентай достарымыздың сізге арнаған тақпақтары бар.Олар өте өнерлі білімді балалар.Аю, сен тақпақ білесің бе?

Аю: Аю отыр ортада,

Барлық ойы ұйқыда.

Ата тақпақ сұраса,

Ұйықтап қапты масқара!-деп аю есінейді. Балалар мәз боп аюға күледі.

Маша: Ха-Ха-Ха! Достым, Сен сыйлық алғың келсе тақпақты олай айтпайды ғой.Түсіндім,сен қыста ұйықтағанды жақсы көресің.Бірақ біз Жаңа Жыл мерекесін тойлап жатырмыз.Ендеше,Аяз Ата тақпақты кішкентай достарымыз айтсын.Осы кезде қасқыр жүгіріп келеді.

Қасқыр: О - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, қасқыржан!
Қасқыр:
Мен қасқырмын, қасқырмын
Ән айтуға алғырмын.

Қапшығыңнан бере ғой,

Маған да бір сыйлығын.
Ахо - хо. Охо - хо.-деп алақанын жаяды.

Аяз Ата: А-Ха-Ха! Жарайсыңдар! Кезекті кішкентай достарға берейік.Содан соң сыйлықты барлығыңа да беремін.Солай ма Ақшақар қызым!

Ақшақар: Ия,Ата кішкентай достарымызға кезек берелік.

(Кәусар,Нұрхан,Әмина,Сағындық Әлинұр,Аяна,артай,Аянат,Ақансері,Медина,Нұрдос)

Кәусар: Нұрхан:

Жаңа жылға сәніміз, Жаңа жылды жаңаша,

Біздің айтар әніміз. Тақпақ,ән айтамыз.

Келдің бе аман алыстан, Болсын риза балаша,

Сәлем Аяз Атамыз! Аппақ Аяз Атамыз.

Әмина: Әлинұр:

Жаңа жыл!Жаңа Жыл! Жаңа жыл,жаңа жыл!

Төгілсін жаңа нұр! Азаймасын ән мен жыр.

Сыйлығын сүйретіп, Ел көңілін көтерсін,

Келді,міне Жаңа Жыл! Құтты болсын,Жаңа жыл!

Аяна: Нартай:

Жаңа жылым мол болсын, Тілеймін мен бар адамға

Басқан қадам оң болсын. Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Төрлет,төрлет Жаңа жыл! Ата-әже,әке-ана,

Бізге құтты жыл болсын! Құтты болсын,Жаңа жыл!



Аянат: Ақансері:

Келді тағы Жаңа Жыл Ақ қырауға малынған

Қуантумен біздерді Сақалы да,мұрты да.

Құтты болсын қуаныш, Аяз Ата сағынған,

Құттықтаймыз сіздерді. Сәлем берді жұртына.

Медина: Нұрдос:

Сақалы аппақ күмістей, Бүгін біз көңілдіміз,

Тістері аппақ күріштей. Жаңа жылды қарсы алып.

Нұр жайнаған жанары, Мерекеге келгендерді,

Сағындық Аяз Атаны. Құттықтаймыз ән салып.

Аяз Ата: Ой,жарайсыңдар!

Маша: Аяз Ата кішкентай достарымыздың әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Аяз Ата: Жарайды!

Қыздар биі: «Әдемі қуыршақтар»

Аяз Ата: Қандай өнерлі балалар екенсіңдер! Ендеше,балалар мен сендердің көңілдеріңді көтеріп сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Маша: Достар келіңдер,Аяз атамен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Қатырамын»(балалар шеңберде тұрып айналады.Аяз Ата аса таяғымен «қатырамын,қатырамын» деп балаларды кезекпен қуып жетіп айнала ойнайды).

Маша: Достар,балалар жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын қоян жылымыз қайда? Ай, Сайқымазақ сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, қоян досымыз қайда екен? Дауысы естілмейді ме?(Осы кезде қоянның жылаған даусы естіледі)
Маша: Бұл кімнің дауысы? Кім жылап отырған?

Балалар: Қоян көңілсіз,жылап отыр.

Маша:Қоян сенің неге көңіл-күйің жоқ.

Қоян: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім,ойнадым.

Енді міне достарым,

Кезек келді қоштасар. Достар ,мен ескі жылмын.Менің енді кетуім керек.Жаңа жылға өз жолымды беруім керек.Мен сендерге жақсы жыл болдым.Көптеген жетістіктер әкелдім. Маған сендермен бірге болған қатты ұнайды. Бірақта,менің кетуім керек енді. Келесі айналып келгенше мен сендерді сағынатын боламын.

Маша: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Маша: Достар,балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Шешуін бірге тауып көресіңдер ме?

Балалар: Ия.

Маша: Аяғы, тұлға, басы бар,
Сыртында сау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2024
187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12