Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жасуша – құрылымдары, Плазмалық мембренаның, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар иқұрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып биология
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар иқұрылысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жасуша құрылымдарын түсіндіру

Білімділігі: Оқушыларды жан жақты оқытып түсіндіру

Дамытушылығы: Зертханалық жұмыс жасау

Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Әдіс тәсілдер: сұрақ – жауап, тест.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын сұрау, сабақтың мақсатымен таныстырып, түсіндіру.

IIҮй тапсырмасын тексеру.

1. Нуклеин қышқылдары деген не?

2. ДНҚ қандай қызмет атқарады?

3. РНҚ түрлері қандай қызмет атқарады?


III Жаңа сабақ

Плазмалық мембрана, немесе плазмалемма (гректің plasma — пішін, Lemma — қабықша) мембраналардың ішінде ерекше орын алады; клетканы сыртынан қоршап, оның сыртқы ортамен тікелей байланысуын қамтамасыз етеді. Плазмалемманың қалыңдығы 7,5 нм. Жарық микроскопының шешуші қабілеті кем болғандықтан, плазмалық мембрана электрондық микроскоп пен электрондық микроскопиялық зерттеулерге материалды дайындау әдістері шыққаннан кейін ғана байқалды. Электрондық микроскоп шыққанға дейін клетканың бетінде заттарды таңдап өткізетін ерекше қабықша барлығын жанама әдістермен жорамалдаған болатын. Бұндай жорамалдың пайда болуына өте жіңішке инемен клетка бетін тескенде оның ішкі құрамының ағып кетуі, қайсыбір заттардың клетка ішіне өтіп таралуы мен молекулалардың бәрі бірдей жылдамдықпен енбеуінің байқалуы негіз болды. Электрондық микроскопта плазмалық мембрана үш қабатты болып байқалады: сыртқы және ішкі электрондарды сіңіретін тығыз қабаттардың арасында ақшыл зона жайғасқан. Тығыз қабаттар белоктық компоненттерге, ал ақшыл зона липид молекулаларының екі қабатына сәйкес келеді. Плазмалық мембрананың негізгі құрамды бөлігі липидтер (40% жуық), белоктар (60% жуық) және көмірсулар (10% жуық). Плазмалемма басқа мембраналарға қарағанда холестеринге бай келеді; оның фосфолиптерінде қаныққан май қышқылдары басым болады. Плаз-малық мембрананың құрамына кіретін белоктардың құрамы атқаратын қызметтерінің көп түрлі болуына байланысты алуан түрлі болады. Плазмалық мембрананың құрамыңда 30-ға жуық түрлі фермент-тер анықталған, ал жиі кездесетіндері Na+ және К+ иондарымен бел-сенділігін артыратын Mg-ге тәуелді АТФ-аза, 5а-нуклеотидаза, сілтілі және қышқыл фосфатаза, аденилатциклаза, РНК-аза. Эукариондық клеткалардың плазмалық мембранасында тыныс алу тізбектерінің ферменттері мен гликолиздеуші ферменттер болмайды, ал прокариондық клеткаларда тотықтырып фосфорлау мен электронды тасымалдаушы тізбектің элементтері плазмалық мембранасында орналасқан. Аталған ферменттердің ішінде ең маңыздысы Na+ және К+ йондарымен белсенділігін артыратын Mg — ге тәуелді АТФ-аза, себебі иондардың плазмалық мембранадан иондардың өтуінде маңызды рөл атқарады. Плазмалемманың сыртқы бетінде мембрананың құрамына кіретін белоктармен байланысқан күрделі қосылыстарды — гликопротеидтер мен гликолипидтерді құрайтын көмірсулардың молекулалары болады. Бұл мембрана үстіндегі комплекс, немесе гликокаликс (грекше каlух — қабықша), бір және көпклеткалы жануарлардың клеткаларында жақсы жетілген. Сол сияқты өсімдіктердің клеткаларында да кездеседі. Гликокаликс сыртқы ортамен тікелей қатынаста болғандықтан, клеткалардың беткі аппаратының рецепциялық функциясында маңызды рөл атқарады. Плазмалық мембрананың бос беттерінде гликокаликстін көмірсу компоненті гликозильдік топтар антенналарға ұксас тармакталған олигосахаридтік тізбектер құрап, сырттан келген сигналдардың ажырауын қамтамасыз етеді. Гликокаликс деген терминді 1963 жылы Беннет ұсынған болатын. Гликокаликсте түрлі заттардың диффузиясының жылдамдығы кемиді. Са++ немесе Мg+ иондарының көмегімен гликокаликс зонасымен байланысқан, клеткадан бөлінген ферменттер болуы мүмкін. Бұл ферменттер түрлі заттардың (полисахаридтердің, белоктардың, майлардың тағы басқалардың) клеткадан тыс ыдырауына қатысады. Осы ыдырау өнімдері мономерлер күйінде плазмалық мембрана арқылы етіп, клеткаға сіңеді. Плазмалық мембрана клетканың ішкі құрылымының құрамын да реттейді. Барлық клеткаларда плазмалық мембрана жаңарып отырады. Плазмалемманың ішкі бетіне жанасып, цитоплазманың беткі бөлігі немесе кортикалық (грекше соrtех — қабық) қабат жатады. Кортикалық қабатта органеллалар болмайды, оның есесіне цитоплазманың фибриллалық элементтері — микрофиламенттер мен микротүтікшелер көп кездеседі. Кортикалық қабаттың негізгі фибриллалық компоненті актиндік микрофибриллалардың торы. Кортикалык кабат клетка бетінің түрлі өсінділерін құрайды. Жарык микроскопында тегіс болып көрінетін клеткалардың бос беті шынында ирек — ирек болады. Кейбір клеткалардың бетінде саңылаумен ойыстар, екіншілерінде псевдоподиялар (жалған аяқтар) деп аталатын өсінділер, үшіншілерінде микт робүрлер мен кірпікшелер болады. Бетінде қатпарлар болатын клеткалар да кездеседі, Тірі клеткалардың беті толқындалып үнемі қозғалып тұрады, дірілдеп тұрған сияқты болып байқалады. Плазмалық мембрана көптеген маңызды биологиялық функциялар атқарады. Олардың ішіндегі еңбастылары — қорғау функциясы мен тасымалдау функциясы. Тасымалдау функциясына су мен иондарды және төменгі молекулалық заттары пассивті түрде тасымалдау мен осы заттарды концентрацияның градиенттеріне қарсы белсенді түрде өткізу және жоғары молекулалық  қосылыстар мен комплекстерді тасымалдаудың түрлі формалары жатады; клеткада пайда болған өнімдерді плазмалық мембрана клеткалардан сыртқа шығаруға қатысады. Сонымен бірге биополимерлердің клетка ішінде ыдырау процесіне де қатысады. Плазмалемманың бетінде клетканың ішіне хабар өткізетін түрлі рецепторлар орналасқан. Көпклеткалы организмдерде плазмалық мембрана клеткааралық қарым — қатынасқа да қатысады. Жануарлардың мамаңдалған клеткаларында плазмалық мембрананың жеке учаскелер — микробүршіктер, кірпікшелер, рецепторлық өсінділер сияқты, клетканың арнаулы өсінділерін құрауға қатысады. Клетканың бөлінуінде де маңызды рөл атқарады.

Ағзалар жасушасы үш бөліктен: қабықша, цитоплазма және ядродан құралады. Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Ол -динамикалық күрделі, көп қосымшалы жасуша жүйесі, жасушаның метоболизмдік жұмысшы аппараты, онда негізгі метаболизмдік процестер жүреді. Цитоплазмада цитоплазма, органеллалар және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазма негізін гиалоплазма түзетіндіктен, құрамы әр текті болады. Жасушаның ішкі құрылымын белгілеу үшін 1840 жылы чех ғалымы Пуркинье "протоплазма" деген терминді ұсынған. Протоплазма жасушаны құрайтын тірі зат кариоплазма мен цитоплазмаға бөлінеді. Бұл екі терминді (кариоплазма және цитоплазма) ғылымға енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер болды.
Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып табылады. Ал ағза тіршілігіне қажетті аноидтар гиалоплазма және қалып (матрица) деп аталатын массадан орналасады. Цитоплазма - жас жасуша кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, қоймалжың клегейлі, түйіршікті зат. Цитоплазманы алғаш рет чех ғалымы Ян Пуркине 1840 жьшы неміс ботанигі Х.Моль 1846 жылдары ашып сипаттап жазды. Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар.
Цитоплазманың басты қасиеттерінің бірі - үнемі қозғалыста болуында. Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады. Цитоплазманың барлық жағдайы, қозғалысы сыртқы ортаға тығыз байланысты. Оның қозғалысын хара балдырынан, не элодея, валмеснерия өсімдіктерінен байқауға болады. Цитоплазманың химиялық құрамы күрделі. Оның құрамы орта жағдайында өзгеруі мүмкін. Оның құрамында 30%-тен артық су болады. Су кейбір органикалық заттар мен тұздардың ерігіштік қасиетін арттырып, оның бір жасушадан екінші жасушаға ауысуына көмектеседі. Су көміртегін ассимиляциялау үшін және барлық тіршілік процесіне қажет. Судан басқа цитоплазманың құрамында 60-70% ақуыз, липоид, амин қышқылдары, витаминдер, фосфатидтер және басқа заттар болады. Цитоплазма - жасушаның күрделі құрылымды кешені. Мұнда тірі жасушаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар. Цитоплазма өсімдік жасушасының барлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны субстраты.

Эндоплазмалық тор (эндоплазматическая сеть); (reti-culum endoplasmaticum, лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы.[1] Эндоплазмалық тор (цитоплазмалық тор): дәншелі (гранулалы) және дәншесіз (агранулалы) эндоплазмалық тор болып екіге бөлінеді. Гранулалы эндоплазмалық тор жарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалық тор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасуша цитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбір нейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады. Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі мен ыдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардың түзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттарды тасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде), ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.[2]

Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы синтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің желіндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайда эндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатын рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөл атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызмет атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде ішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза, нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді, сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚ-азаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары организмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.

Jump to search

Гольджи жиынтығы өсімдіктер мен жануарлардың біржарғақшалы органоиды. Оны 1898 жылы италиялық ғалым К.Гольжди жүйке жасушаларынан тапқан. Ол ауыр металдардың ерітінділерімен (осмий немесе күміс) жүйке жасушаларын бояп қарағанда, оның цитоплазмасынан тор болып келетін жиынтықты бірінші болып байқаған. Оны "ішкі тор тәрізді аппарат" деп атады. Кейіннен Гольджидің есіміне байланысты "Гольджи жиынтығы" деп аталып кетті.Өсімдіктер мен қарапайымдылар жасушаларындағы Гольджи жиынтығының пішіні әр түрлі болады. Көп жағдайда орақ немесе таяқша пішінде жеке денешіктер түрінде кездеседі. Оның жарғақтары жасуша цитоплазмасының барлығына таралмайды.Олар ядроға жақын орналасады және қуыс цистерна түзеді.Қуыс цистернадан біртіндеп жарғақшалық көпіршіктер-диктисомалар баулықсызданады.Гольджи жиынтығында рибосомалар болмайды,сондықтан да ол ешқашан нәруыз синтездемейді.Алайда онда көмірсулар мен липидтердің синтезі және жаңару процесі болады.Заттардың жасушаішілік тасымалдануы қосалқы қызмет атқарады.Гольджи жиынтығы ең алдымен синтезделген заттарды жарғақшалық көпіршіктерге орналастырады.Көпіршіктерге жасушалардан шығарылуы тиісті зат алмасудың зиянды қалдықтарының да түсуі мүмкін.Көпіршіктер басқа ағза бөліктеріне қажетті заттарды көпіршіктерге орналастырады.Мысалы,мұның гормондар мен азықтық ферменттер болуы да мүмкін.Гольджи жиынтығынан баулықтанған көпіршіктердің экзоцитозы кезінде көпіршіктегілерді жасушадан шығарып,сыртқы жарғақшаларды қалпына келтіреді.Бұл органоид лизосомалар жарғақшаларын да қалыптастырады.

Құрылысы[өңдеу]

Ол бір-бірімен тығыз байланысқан үш бөліктен тұрады: 1)жарғақшамен шектесіпғ5-10-нан топтаса орналасқан қуыстар;2)қуыстармен байланыса орналасқан ірі түтікшелер;3)майда көпіршіктер.[1]

IV Бекіту

1 Заттардың жасушаға енуі қалай жүреді?

2 Органоидтар деген не ?

3 Лизосома деген не ?

V Үй жұмысы 6 оқу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2019
3459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12