|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 6 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№14 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланыс
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2025 жылғы " 05 " 03
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» әдісі (Биологиялық диктант, «Кинометафора, «Миға шабуыл» сұрақтар,
Пәнаралық байланыс: Химия
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы өзара байланыс байланыс;
Жасуша мембранасының сұйық кристалдық моделін қолдана отырып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасында байланыстар орнатуды;
Тәрбиелік:
-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
-ой өрісін кеңейту:
-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас орната білу;
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2. Күтілетін нәтижелер
Мембрананың құрылысы мен химиялық құрамы.
Жасушаның және кейбір жасуша органоидтарының негізгі құрылымы.
Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін биологиялық диктант және сиқырлы таяқша ойыны арқылы тексеріледі.
Миға
шабуыл әдісі арқылы қайталау сұрақтары
беріледі.
- Жасуша дегеніміз не?
- Жасуша неге тірі?
- Жасуша құрылысы неден тұрады деп ойлайсындар?
- Органоидтар дегеніміз не?
- Жасушаны зерттейтін ғылым қалай
аталады?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
«Бейнеролик». Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланыс тақырыбында бейнекөрсетілім: https://www.google.com/search?sca_esv=c59cf1c1abb17e85&sca_upv=1&sxsrf=ACQVn08gLm9RZUvSErJ2DCfQOJxlHP5DBA:1713519814606&q
Мембрананың құрылымы өзінің биқаба тымен (би "қос" деген сөздің мағынасын беретін қосымша) ерекшеленеді. Фосфо липидтік қос қабаттың гидрофильді бөлігі (глицериннен тұратын) сыртқа бағытталған, ал гидрофобты бөлігі (май қышқылы қал дықтары) ішке бағытталып орналасқан. Нәруыз молекулалары мембрананың екі жағында біркелкі орналасып, сондай-ақ оны тесіп өтуі және оған терең енуі мүмкін. Яғни, сыртқы қабаты суды онда еріген заттарымен қоса ұстап қалады, бірақ бөгде заттарды өткізбейді.
Ұсақ иондалмаған молекулалар (оттек, азот) тікелей биқабат ар- қылы енеді. Калий, натрий иондарын, ауыр зарядталған бөлшектер ретінде тасымалдау үшін нәруыздар немесе нәруыз саңылаулары қолданылады. Әдетте, мембрана сыртында еріген заттардың концен трациясы жоғары болғандықтан, мембрананың жартылай өткізгіштік қабілеті түз теңгерімін қалпына келтіруге пайдаланылады. Бұл процесс осмос деп аталады.
Жануарлар жасушасының беткі сыртқы қабықшасы өсімдіктер- дің жасуша қабырғасымен салыстырғанда өте жұқа, созылмалы (эластикалық) болып келеді. Ол жарық микроскопынан көрінбейді және алуан түрлі полисахаридтер мен нәруыздардан түрады. Жануар жасушасының беткі қабаты гликокаликс деп аталады. Қазіргі түсініктер бойынша плазмалық мембранадағы липидтер молекуласы екі қатарға орналасып біртүтас қабат түзеді. Нәруыз моле кулалары болса липидтік қабатқа әртүрлі тереңдікке еніп орналасады. Нәруыз және липид молекулалары қозғалмалы болғандықтан плаз малық мембрана серпімді (динамикалы) болады.
Жасуша мембранасының сүйық кристалды моделі жасуша мембра насының қүрылымдары мен қасиеттері және қызметтері арасында өзара байланыс орнатады.
1972 жылы Сингер мен Николсон (Singer, Nicolson) мембрананың сүйық-мозаикалық моделін ұсынды. Ұсынылған модельге сәйкес, нәруыз молекуласы биқабатты сүйық фосфолипидте жүзіп жүреді. Олар мұнда ерекше мозаика түзеді, бірақ биқабат сұйық болғандықтан, моза ика өрнегі де бір орында бекітілмеген, ондағы нәруыздар өз орындарын ауыстырып түра алады. Жасушаны жауып түрған жұқа мембрана сабын көпіршігінен пайда болған үлдірді еске түсіреді ол да барлық уақытта "құбылып" тұрады. 75-суретте мембрананың сүйық-мозаикалық моделі және оның үш өлшемді моделінің бейнесі берілген.

Фосфолипидтер сұйық күйде болады және биқабаттың ішкі жағын тез арада диффузиялап, латеральды (бүйірлік) бағытта ауысады. Фос- фолипид молекулаларының "құйрықшасын" түзетін май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болып бөлінеді. Қанықпаған қышқылдарда омырылған жерлері болады, бұл биқабаттық қаптаманы біршама борпылдақ етеді. Сондықтан қанықпаған қышқылдар артқан сайын мембрананың консистенциясы сұйық бола түседі.
Сұйық фосфолипидтік биқабатта нәруыздардың басым бөлігі жүзіп жүріп, онда ерекше мозаика түзеді және үнемі өз өрнегін өзгертіп түрады.
Фосфолипидтердің гидрофобты құйрықшаларымен әрекеттесетін гидрофобты аминқышқылдарынан түратын аймақтары болғандық- тан, нәруыздар мембранамен байланысын сақтайды да, бұл жерден су ығыстырылады. Нәруыздардың басқа аймақтары гидрофильді. Олар жасушаны қоршаған ортаға немесе оның ішіндегі су ортасына қарай бағытталып орналасады.
Кейбір мембрана нәруыздары фосфолипидтік биқабатқа тек жарты- лай ғана еніп тұруы мүмкін. Нәруыздардың бір бөлігі тіпті мембрананы тесіп өтеді.
Кейбір нәруыздар мен липидтерге бұтақтанған олигосахаридтер тізбегі жалғанған, олар антенна қызметін атқарады. Мұндай қосылыстар сөйкесінше гликопротеиндер және гликолипидтер деп аталады.
Сонымен қатар мембрана қүрамында холестерол болады. Қанық- паған май қышқылдары сияқты олар да фосфолипидтің тығыз қабатын бұзып, оны анағұрлым сұйылтады. Бүл суық ортада тіршілік ететін организмдер үшін маңызды, себебі олардың мембранасы қатайып кетуі мүмкін. Холестерол мембранаға иілгіштік әрі беріктік қасиет береді. Онсыз мембрана оңай жыртылып (жарылып) қалар еді.
Мембрананың сыртқы және ішкі жағы құрамы мен қызметі арқылы ажыратылады.
Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің,
гликолипидтердің, холостеролдың қызметі.
Биологиялық мембраналардың жалпы қасиеттері. Барлық жасуша мембранала ры нәруыз молекулалары кіріктірілген екі қабат түзіп орналасқан липидті моле кулалардан түратын жұқа липопротеидтік қабықша. Мембрана типіне қарай қүрамындағы липидтердің үлесі 25-60%, ал нәруыздардың үлесі 40-75% болуы мүмкін. Көпшілік мембраналардың құрамына көмірсулар болады және олардың үлесі 2-10%-ке жетуі мүмкін.
Биологиялық мембраналар өзін қоршаған ерітінділер құрамынан заттарды аса талғампаздықпен өткізеді. Олар суды біршама жеңіл өткізгенмен, суда еріген көптеген заттарды, сонымен қатар иондалған және электр зарядын алып жүретін заттарды өткізбейді. Сондықтан биомембраналар түзды ерітінділер үшін жақсы электроқшаулағыш болып табылады.
Мембрана негізін қос липидтік қабат құрайды, ол фосфолипидтер мен гликолипидтердің қатысуымен қалыптасады. Липидтік биқабат гидрофобты радикалдары ішке жасырынған екі қатар липидтерден түзіледі. Ал гидрофильді топтар сыртқа қараған және су ортасымен байланысады. Нәруыз молекулалары липидтік биқабатқа "сіңіп" кеткен сияқты болып көрінеді.
Мембраналардың липидтік құрамы.
Фосфолипидтер. Барлық фосфолипидтер 2 топқа бөлінеді: глицерофосфолипидтер және сфингофосфолипидтер. Глицерофосфолипидтер фосфаттық қышқылдардың туындылары. Эукариотты жасушалардың мембраналарында көп мөлшерде әртүрлі фосфолипидтер табылған.
Митохондрияның ішкі мембранасының ерекше фосфолипидтері кардиолипиндер (дифосфатидилглицеролдар). Оларды митохондрияның ішкі мембранасының ферменттері синтездейді және барлық мембрана фосфолипидтерінің шамамен 22%-ін құрайды (76-сурет).

Жасушаның плазмалық мембранасының басым бөлігін сфингомие- линдер құрайды. Сфингомиелиндер жүйке талшықтарының миелинді қабықшасының негізгі липидтері болып табылады.
Гликолипидтер. Гликолипидтердің гидрофобты бөлігі церамидтер бо- лып табылады. Церамидтердің бірінші көміртек атомының гидроксильді тобына гликозидтік байланыс арқылы көмірсу қалдықтары гидрофильді топтар жалғасқан.
Гликосфинголипидтердің полярлық "басы" плазмалық мембрананың сыртқы бетіне қарай орналасады. Мидың, эритроциттердің, эпителий жасушаларының мембранасының құрамында гликолипидтердің едәуір мөлшері болады. Эритроциттердің ганглиозидтері әртүрлі индивидуум- дарда (жеке организмдерде) антигендік қасиеттер көрсететін олигоса- харидтер тізбегінің құрылысы бойынша ерекшеленеді.
Холестерол. Холестерол барлық жануар жасушаларында болады. Оның молекуласы қатты гидрофобты ядродан және иілгіш көмірсу тізбектерінен тұрады.
Жануарлар жасушаларында холестерол/фосфолипидтердің орташа молярлық қатынасы 0,3-0,4-ке тең, ал плазмалық мембранада ол өлдеқайда жоғары (0,8-0,9). Мембрана құрамында холестеролдың болуы май қышқылдарының қозғалысын азайтып, липидтер мен нәруыздардың латеральды диффузиясын төмендетеді. Олар осылай мембрана нәруыздарының қызметіне әсер ете алады.
Өсімдіктер мембранасының құрамында холестерол болмайды, оның орнына өсімдік стероидтері болады. ситостерол және стигмастерол
Мембрана нәруыздарын интегралды (трансмембраналы) және шеткі (перифериялық) деп бөлу қабылданған. Интегралды нәруыздардың бетінде ауқымды гидрофобты аймақтары болады және олар суда ерімейді. Нәруыздар мембрана липидтерімен гидрофобты қатынастар арқылы байланысып, липидтік биқабаттың қалың қабатына жартылай еніп түрады. Көбіне мембрана бетінде салыстырмалы түрде кішкентай гидрофильді аймақ қалдырып, биқабатты тесіп өтеді. Мембранадан бүл нәруыздарды тек додецилсульфат немесе өт қышқылы түздары сияқты детергенттер көмегімен бөліп алуға болады. Олар липидтік қабатты бұзып нәруыздарды еритін формаға айналдырады. Барлық интегралды нәруыздарды тазалау операциялары ары қарай детергенттердің қатысуымен жүреді. Шеткі мембрана нәруыздары липидтік биқабат бетімен электростатикалық күш арқылы байланысқан жоне олар мембранадан түз ерітінділерімен шайылып кетуі мүмкін.
Мембрана арқылы заттардың тасымалдану механизмдеріне: қарапайым диффузия, пассивті симпорт және антипорт, алғашқы активті тасымал, екінші активті тасымал, реттеуші өзектер, макромолеку лалар мен бөлшектердің мембрана арқылы өтуі, мембраналардың жасушааралық әрекеттерге қатысуы жатады.
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануының бірнеше меха низмі болады.
Диффузия мембрана арқылы заттардың концентрация градиенті бойынша өтуі (концентрациясы жоғары аймақтан концентрациясы томен аймаққа өтуі). Заттардың диффузды тасымалдануы (судың, иондардың) саңылаулары бар мембраналық нәруыздардың қатысуымен немесе липидтік фазалардың (майда еритін заттар үшін) қатысуымен жүзеге асады.
Жасуша мембоанасына әртүрлі факторлардың әсері.
Қазіргі заманғы ұғым бойынша жасуша мембранасы плазманың цитоқаңқасымен және микротүтікшелерімен тығыз байланысқан күрделі құрылым болып табылады және бұл оған белгілі бір түрақтылық береді. Жасушаның мембранасы қос липидтік қабаттан тұрады. Жасуша мембранасы келесі механизмдердің әсерінен зақымдануы мүмкін:
1. Механикалық зақымдану кезінде жасушалық мембрананың жыртылуы. Мүндай зақымдану жасушаның басқа да құрылымдарын жоюға әкеп соғатын бұзылуымен немесе минималды өткізгіштігінің жоғарылауымен жөне одан әрі зақымданудың басқа механизмдерінің дамуымен жүруі мүмкін.
2. Мембрананың протеолитикалық ферменттер арқылы зақымдалуы.
3. Жасушада энергия алмасу бүзылғанда АТФ тапшылығы пайда болады, бұл кезде мембрананың калий, натрий, кальций сорғыларының жұмыс істеуін және мембрананың теріс зарядын белсенді түрде үстап тұруы мүмкін болмай қалады. Бүл ретте жасуша мембранасының өткізгіштігі жоғарылайды және басқа жағдайлардағы сияқты мембрананың зақымдануына өзге де механизмдер (мысалы, липидтердің асқын тотығу онімдерінің әсері) қатысады.
4. Мембрананың зақымдануы жасуша мембранасы нәруыздарының коагуляциясынан пайда болуы мүмкін, мысалы, қышқылдар мен сілтілердің, электр тогының, жоғары температураның әсерінен коагу ляциялануы.
5. Жүрек жеткіліксіздігін емдеуге пайдаланатын оймақгүлдің до засы артық болғанда АТФ-аза белсенділігі бүзылады, демек, мембрана арқылы калий, натрий, кальций иондарын тасымалдау да бұзылады.
6. Цитоплазмалық мембрана компоненттері синтезінің (түқым қуалауга негізделген) бүзылуы (мысалы, акантоцитоз, бұл кезде бе- та-липопротеин синтезінің ақауы орын алады). Мұндай жағдайда мембрананың қасиеттері өзгереді, эритроциттер жұлдызша төрізді сипат алады (акантоз). Кейіннен жүйке жасушалары мен көздің торлы қабығы мембраналары зақымданады, ақырында организмнің өліміне әкеледі.
7. Соңғы уақытта жасушаның зақымдану механизмінде, осіресе липидтердің асқын тотығуы (ЛАТ), еркін радикалды тотығу өнімдеріне мән беріледі. Бұл механизмді толығырақ қарастырайық.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Биологиялық
диктант
1.Цитоплазма – жасушның негізін құрайтын .....................,оның түпнегізін .....................түзеді.
Цитоплазма .............және ................ органоидтен тұрады.
Эндоплазмалық торды алғаш рет ..........америкалық ғалым биолог .......тапқан.
Цитоплазманың жасушадағы ролі қандай?

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
Тапсырма: Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланыс тақырыбын оқып келу және 1-7 сандарымен көрсетілген бөліктерін атаңдар.
Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 115-124 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері арасындағы байланыс

шағым қалдыра аласыз