Сабақтың тақырыбы. Жасушалардың бөлінуі. Митоз. Мейоз
Сабақтың мақсаты.

Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: Сто элементтері, , ауызша, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сурет, видеороликтер, тірек- сызба
Сабақтың пәнаралық байланыстары: Химия, экология, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Биологиялық тест.
1.Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым академиясының тіршіліктану ғылымы қай жылы ұйымдастырылды.
А) 1946ж B) 1940 ж C) 1950 ж D) 1951ж E) 1955 ж
2.Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда малдың қанша қолтұқымдарын шығарды.
A)9 B)10
C)8
D) 7
E) 5
3. Тіршілік деңгейлерін ата
А) молекулалық, ағзалық, популяциялық түрлік
В) Биогеоценоздық деңгей
С) молекулалық , жасушалық, ағзалық, популяциялық түрлік , биогеоценоздық, биосфералық .
Д) биосфералық
Е) биогеоценоздық
4.Шығу тегі, құрылысы атқаратын қызметі бірдей, жасушалар тобы қалай аталады.
А) молекула
В) атом
С) ұлпа
Д) тіршілік
Е) ағзаның ең кіші бөлшегі
5.Жер бетінде тіршіліктің қалыптасуы неше кезеңнен тұрады
A) 4
B)3
C) 5
D) 2
6. Витализм латын тілінен аударғанда қандай мағына береді
A)Шығу тегі
B)Өздігінен жаралу
C)Тіршілік
D) Фермент
E)Биогенез
7. Сидней Фокс аминқышқылдардың құрғақ қоспасын неше градусқа дейін қыздырды
A)200 ̊
B) 300 ̊
C) 400 ̊
D) 130 ̊
E) 250 ̊
8. Тіршіліктің қалыптасу кезеңінің екінші кезеңі қалай аталады.
A)Эукариотты жасуша
B) Прокариотты жасуша
C)Коацервация үдерісі
D)Коацервация эволюция
E) Абиогенді синтезі
9. Жер бетінде шығу тегінің табиғи теориясын тұжырымдаған ғалымды ата
A.Опарин
B.Геккель
C.Миллер
D.Тиндаль
E.Дарвин
10. Биогенез теориясының мағынасы қандай
А)шыбындар шіріген еттен
В) тышқандар
С) тіршілік
Д) тірілік атаулылар тірі нәрседен шықты.
Е)коацервация эволюциясы
11.Абиогенез теориясының мағынасы қандай
А ) шыбындар шіріген еттен
В) тышқандар
С) тіршілік
Д) тіршіліктің өздігеннен жаралуы
Е) коацервация эволюциясы
12.Опаринның ойын әрі қарай дамытқан ғалым кім
А) Джон Холдейн
B)Миллер
C)Стенли
D)Дарвин
E) геккель
13. Жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысы қатты қабығы ол:
A) Литосфера.
B) Гидросфера.
C) Тропосфера.
D) Атмосфера.
E) Стратосфера
14. Ең алғаш жасушаны ашқан:
A) Т.Шванн.
B) Р.Гук.
C) М.Шлейден.
D) Ч.Дарвин.
E) Р.Вирхов.
14. Жасушадағы бейорганикалық зат:
A) Май.
B) Көмірсу.
C) Ақуыз (нәруыз).
D) Нуклеин қышқылдары.
E) Су.
15. Өсімдіктерге түс беретін органоид:
A) Қабықша.
B) Митохондрия.
C) Ядро.
D) Пластид.
E) Цитоплазма.
16Тіршілі ктің мәңгілігі теориясын 1880 ж қай ғалым ұсынды.
А) Прейер
В) Вернадский
С) Рихтер
Д) Аррениус
Е) Геккель
17.Биосфераны зерттеген орыстың қай ғалымы
А) Демокрит
В) Аристотель
С) Дарвин
Д) Вернадский
Е) Рихтер
18.Панспермия теориясын 1865ж қай ғалым ұсынды
А) Вернадский
В)Опарин
С)Геккель
Д) Миллер
Е)Рихтер
19.Миллер және Юри аузы дәнекерленген құтыда нені қолдан жасады.
А) Атмосферасын
В)Литосферасын
С) Гидросферасын
Д) Биосферасын
Е) Биогенезін
2. Жұбын тауып қос.

|
48 |
46 |
78 |
80 |
12 |
54 |
48 |
104 |
24 |
48 |
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
ІҮ. Жаңа сабақты баяндау.
Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі. Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.
Көп жасушалы организмде жасушалар белгілі бір нақты құрылыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, жүйке және бұлшықет жасушаларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді тоқтатып әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпителийлері сияқты басқа жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею процестері жүріп отырады. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен катар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.
Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты — ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.
Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады:
1. Профаза.
2. Метафаза.
3. Анафаза.
4. Телофаза.
Профазада ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро кабықшасы ыдырайды. Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. Профаза соңында ядро қабықшасы жеке фрагменттерге бөлініп, олардың шеткі ұштары қабысады. Нәтижесінде эндоплазмалық торға ұқсас ұсақ көпіршіктер түзіледі. Профаза кезеңінде хромосоманың ширатылуы тоқтамайды. Соңында қысқа әрі қалың хромосомаларға айналады. Ядро қабықшасы жойылғаннан кейін, хромосомалар цитоплазмада еркін әрі ретсіз орналасады. Бұл — метафазаның басталғанын білдіреді.
Метафазада хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді және полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қыскарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. Метафазада пентромер аймағында ғана байланыскан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне жабысады. Ахроматин жіпшесі бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл процес анафазаның басталғанының белгісі.
Анафазада центромерлер бөлінеді, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінея ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен интерфаза кезеңінде екі еселенген хромосомалар анафазада хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосома, яғни бүл кезеңде жасушада екі диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Анафазаның соңында хромосоманың шиыршығы жазылады, хромосомалар біртіндеп жіңішкеріп ұзарады. Бұл — телефазаның бастамасы.
Жасушаның митоздық бөлінуін телофаза аяқтайды. Хромосомалар полюстерге жиналып, шиыршығы жазылып, нашар көрінеді. Цитоплазманың мембраналық құрылымынан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар жасушасында цитоплазма екі кішкене мөлшерлі жасуша денешіктеріне тартылу арқылы бөлінеді. Оны цитокинез деп атайды. Олардың әрбіреуінде бір диплоидті хромосома жиынтығы пайда болады. Хромосомалар екі жас жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі. Бөліну ұршығы бұзылады. Аналық жасуша екі жаңа ұрпак жасушаларына бөлінеді.
Мейоз (гр. меіосіс — кішірею, азаю) — жетіліп келе жатқан жыныс клеткаларының (гаметалардың) бөлінуінен хромосомалар санының азаюы (редукциясы). Мейоз кезінде әрбір клетка екі рет, ал хромосомалар бір-ақ рет бөлінеді. Осының нәтижесінде клеткалардың гаметадағы хромосомалар саны бастапқы кезеңдегіден екі есе азаяды. Жануарларда мейоз жыныс клеткалар пайда болғанда (гаметогенез), ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде споралары түзіле бастағанда жүреді. Кейбір төмен сатыдағы өсімдіктерде мейоз гаметалар түзілгенде жүре бастайды. Мейоз барлық организмдерде бірдей жүреді. Егер де ұрықтану диплоидтық клеткаларда жүрсе, онда ұрпақтардың плоидтығы келесі әр буында геометриялық прогрессиямен көтеріледі. Мейоздың арқасында гаметалар барлық уақытта гаплоидты жағдайда болады, бұл организмнің дене клеткаларының диплоидтығын сақтауға мүмкіншілік береді. Мейоздың бөліну уақытындағы екі сатысын 1-мейоз және 2-мейоз деп атайды. Әрбір мейоздық бөлінуде төрт сатысы бар: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Y. Жаңа сабақты бекіту.
1.Бинго ойыны.
1. Мейоздың биологиялық мәні неде?
2. Мейоз дегеніміз не?
3.Митоз дегеніміз не?
4.Мейоз неше кезеңде жүреді және оларды ата?
5. Ұрықтанған жұмыртқа жасуша қалай аталады?
6.Жасушалық айналым дегеніміз не?
7.Жасушаның бөліну типтерін ата?
8.Митоздың тұқымқуалаушылықтағы маңызы?
9.Ядроның бөлуіні қай фазада аяқталады?
10.Кроссинговер дегеніміз не?
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Жасушаның бөлінуі видеоролик.
ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасушалардың бөлінуі. Митоз. Мейоз

шағым қалдыра аласыз