|
|
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ «ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ |
БП-01/4-ӘП11 Шығарылым:5, 2023ж. Қайта қарау:4 Беттер 4 |
«Келісілді»
Колледж әдіскері
____ Г. Жаутикова
№16 Оқу сабағының жоспары
Сабақ тақырыбы: Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.
Модуль: Жалпы білім беру пәндер
Пән атауы: Биология
Педагог: Матаева Алтынай Кожановна
2023 жылғы " "
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 1 курс (9 сынып)
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Биологиялық диктант», «Презентация» , «Миға шабуыл» сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: Анатомия, физиология
2. Мақсаты, міндеттері:
Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:
Жасушаның негізгі компоненттерін, олардың өзара байланыстарын
Тәрбиелік:
-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;
-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;
-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.
-ой өрісін кеңейту:
-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;
-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;
-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;
Дамытушылық:
-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;
-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;
-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;
Құндылық:
-сыни және креативті ойлау;
-білуге жаңаны тануға құштар болу;
-дұрыс қарым қатынас ортата білу;
-«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият
2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі
2.2. Күтілетін нәтижелер
2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б
3. Сабақты жабдықтау
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Сабақты жабдықтау
Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология
Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class
3.2.Техникалық құралдар, материалдар
Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.
VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме
тазалығын тексеру) -3 минут.
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.
ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.
Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін тексеріледі.
Биологиялық диктант
1. Саңырауқұлақ жасуша қабығының құрылысының ерекшелігін сипаттаңдар.
2. Саңырауқұлақ, жасушасындағы вакуольдің рөлі қандай?
3. Қандай саңырауқұлақтарда жіпшелер болады және олардың рөлі қандай? 4. Саңырауқұлақ жасушасы құрылысының ерекшелігі неде?
5. Бактерияда қосымша қандай органеллалар бар? Олар қандай қызмет атқарады?
6. Бактерия жасушасындағы цитоплазманың маңызы қандай?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.
Жаңа сабақтың жоспары:
«Презентация». Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау тақырыбында презентация көру: https://ppt-online.org/524083
Плазмалық мембрана, ядро, цитоплаз ма: гиалоплазма, митохондрия, рибосома, Гольджи жиынтығы, эндоплазмалық тор, лизосома, микротүтікшелер мен микрофиламенттер әрқайсысы жасушада өзіндік қызмет атқарады. Эукариот жасушалары прокариоттарға қарағанда ірі, барлығында үйымдасқан ядро болады, ал құрылысына қарай олар күрделі биожүйелер болыпта былады.
Цитоплазма жасуша ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат, қүрамына жасушалық мембранамен шектелген гиалоплазма (цитозоль) жоне органеллалар кіреді. Сыртқы мембрана ядро қабықшасымен, екінші жағынан, көршілес жасушалардың мембранасымен байланысады. Іргелес жатқан жасушалар өзара қабаттар түзіп, бір-бірімен өте тығыз және берік байланысып, көпжасушалы ұлпа түзеді. Жасушаның барлық қүрылымдық элементтерінің ішкі құрылысының жалпы ерекшеліктері осыған байланысты. Және көлемінің кішілігіне қарамастан, олардың беттік ауданы үлкен болады. Онда биологиялық катализаторлар орналасып, түрлі биохимиялық реакциялар жүзеге асады.
Митохондрияның ішкі сүйық құрамы үш қабатты екі қабықшамен қоршалған, олардың әрқайсысының құрылысы жасушаның сыртқы мембранасының құрылысына ұқсайды. Эндоплазмалық тор мембраналары, әдетте, жұптасып орналасады, ал олардың арасында биосинтез өнімдерімен толтырылған едәуір көлемді қуыстарға айнала алатын өзекшелер түзіледі. Осылайша эндо- плазмалық тор жасушаның барлық бөліктерін бір-бірімен байланыс- тырады (74-сурет).

Эндоплазмалық тор түтікшелері арқылы жасушаішілік зат алмасу жүреді, сонымен қатар жасушааралық зат алмасуға да қатысады. Олар- да кейбір синтез өнімдері ферменттер мен гормондар жинақталады.
Ядро нәруыздарды синтездеуде маңызды рөл атқарады, ол организм- нің жеке дамуы процестерінде үрпақтан-ұрпаққа берілетін тұқым қуалау ақпаратын сақтайды. Ядро іші ядро шырынына толтырылған, онда хроматин, ядрошық және рибосома орналасады. Бұл сол жа суша бөліну кезінде жарық микроскопынан көрінетін хромосомаға айналатын материалдық субстрат.
Лизосомалар қоректік заттарды қарапайым химиялық заттарға дейін ыдыратады.
Т. Шванн және М. Шлейден ХІХ ғасырдың ортасында жасуша тео- риясын жасады, ондағы негізгі қағидалары: барлық ұлпалар мен мүшелер жасушадан түрады, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылысы ұқсас, олардың барлығы организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Морфологиялық көзқарас бойынша жасуша күрделі биополимер- лер жүйесі, ол сыртқы ортадан плазмалық мембрана плазмолемма арқылы шектелген, құрамында ядро және цитоплазма болады, цито- плазмада органеллалар мен қосындылар орналасады.
Cy ғажайып еріткіш, жасушадағы барлық биохимиялық реак циялар суда жүреді.
Ферменттер биологиялық катализаторлар, олар жасушадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жуз, мың, миллион есеге дейін арттырады.
Май тәрізді заттарға холестерин, кейбір гормондар, лецитин жатады. Липидтер жасуша мембранасының қүрылымдық қызмет атқаратын негізгі компоненті болып табылады.

Липидтік биқабат динамикалық құрылымды болып келеді, оны түзуге қатысатын липидтер латеральды бағытта (бүйірлік бағытта) қозғала және бүрыла алады, сондай-ақ қабаттан қабатқа ауыса алады.
Көмірсулар биологиялық мембраналарда қосылыстар түрінде кездеседі: нәруыздармен гликопротеиндер және липидтермен гликолипидтер. Нәруыздардың көмірсулы тізбектерінің құрылымы олиго- немесе полисахаридтерден, ал оның құрамы глюкоза, галакто- за, фруктозадан түрады. Олардың атқаратын қызметі жасушааралық әрекетті бақылау, жасушаның иммундық деңгейін қолдау, нәруыз молекулаларының түрақтылығын сақтау болып табылады.
Егер заттар мембрана арқылы басқа қосылыстарға тәуелсіз тасы малданса, бұл тасымалдану түрі юнипорт деп аталады. Егер бір заттың тасымалдануы басқа затпен бірге жүрсе, ол котранспорт деп, ал тасы малдану бір бағытта жүрсе симпорт деп, ал оған қарама-қарсы бағытта журсе антипорт деп аталады.
Липопротеиндік құрылымды түтікшелер мембраналарды тесіп өтеді.
Әртүрлі мүшелердің жасушаларының плазмалық мембраналарында натрий мен калий иондарын белсенді тасымалдау жүйелері, натрий калийлік сорғы болады. Иондарды тасымалдау натрий калий сорғы сының негізгі компоненттерімен жүзеге асырылады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.
Миға шабуыл сұрақтар
Білімдеріңді тексеріңдер:
1. Жасуша биожүйе ретінде
2. Ядро хромосомасы қандай субстраттан қалыптасады?
3. Жасушалық теорияның негізгі ережелері қандай?
4. Жасушалардың барлық органоидтеріне және олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
5. Жасушаның органикалық қосылыстары қандай қызмет атқарады?
6. Заттар тасымалының барлық түрлерін атаңдар.
7. Заттардың белсенді тасымалдануын не қамтамасыз етеді?

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.
Суретте бағдарсызықпен көрсетілген жасушаның не гізгі компоненттерін атаңдар

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут
Тапсырма: Жасуша құрылымы туралы шағын жоба дайындаң дар.
Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 111-114 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жасушалардың негізгі компоненттерін анықтау.

шағым қалдыра аласыз