Жау тылындағы бала

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жау тылындағы бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. әдуіс-тәсілдермен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

БАЛАЛАР МЕН ҮЛКЕНДЕР

Педагогтың аты-жөні

Ауғанбай Гулдана

Күні


Сынып: 7

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» композициялық құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.


Сабақтың мақсаты


Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды


Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

- Амандасу

- Оқушыларды түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Әріптен баста» әдісі арқылы жүзеге асырамын.


Мұғаліммен амандасады, оқушылар бір-бірімен ерекше іс-әрекеттер арқылы амандасады, бір-біріне тілек білдіреді.


Оқушыларды мадақтау.


Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин


Оқушыларға жаңа тақырыптың мақсаты мен тақырыбын анықтап «Лабиринт» әдісі арқылы жүзеге асыртамын


Оқушылар берілген әдіс арқылы тірек сөздерді табады.

Бағалау критерийі

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды



Сабақтың ортасы

8 мин



«Біз ойлаймыз» әдісі арқылы жұппен жұмыс.

Мәтіннен асты сызылған сөздердің мағынасын анықтап, сәйкестендіру тапсырмасын орындатамын.

Шырт ұйқыда жатқан Серік төрдегі үстел үстінде тұрған телефонның безектей шырылдаған дыбысынан кенет оянып кетті. Бір аунақшып түсіп, басын көтеріп алып еді, папасы телефон трубкасын құлағына тосып тұр екен.

-Тыңдап тұрған майор Мергенбаев,-деп келте сөйлеген папасы лезде:

- Солай ма?... Қазір жетем!-деді де, өңі бұзылып, трубканы тарс еткізіп іле салды.

Жамалда ес жоқ. Екі өкпесін қолына алып, сүріне –қабына жүгіріп келе жатыр еді, бір самолет төмендей түсіп, оған оқты боратып жіберді.

Жұптық жұмыс.

Оқушылар асты сызылған сөздердің мағынасын анықтап, сәйкестендереді.

Шырт ұйқы - тәтті, қатты ұйқы

Безектей шырылдаған- тынбай шырылдау

Кенет- аяқ асты

Келте - қысқа

Өңі бұзылып – түрі өзгеріп

Ес жоқ – қорқу, шарасыздық

Екі өкпесін қолына алып – жанталасу

Оқты боратып жіберді – үздіксіз оқ ату


Дескриптор- 2 балл

-сөздердің мағынасын анықтайды - 1 балл

-сәйкестендіреді – 1 балл

«Вордбал» платформасы

10 минут

«Оқиға шыңы» әдісі арқылы жұппен жұмыс орындатамын. Оқиғаның құрылымына талдау жұмысын жүргіздіртемін.

Оқиғаның басталуы-

Оқиғаның байланысуы-

Оқиғаның дамуы-

Оқиғаның шиленісуі-

Оқиғаның шарықтау шегі-

Оқиғаның шешімі-


Жұптық жұмыс.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша оқиғаның құрылмына талдау жұмысын жүргізеді. Оқулықтан үзінді келтіре отырып, өз ойларын айтады.

Ортақ құндылықты анықтайды.

Дескриптор- 3 балл

- сюжеттік- композициялық талдау жасайды -1 балл;

-мәтіннен үзінділер келтіріп,ойларын дәлелдейді- 1балл

- шығармадағы құндылықты анықтайды – 1балл



ДК экран

Қосымша материал

1

5 минут

«Эйлер» шеңбері әдісі арқылы оқушыларға тақырып бойынша негізгі идеяларды жинақтап,саралау тапсырмасын орындатамын.


Жеке жұмыс.

Шығарма бойынша негізгі мәліметтерді ішкі шеңберге, оқулықтан тыс өздері білетін мәліметті сыртқы шеңберге жазады.

Дескриптор -2 балл

- Маңызды мәліметті ішкі шеңберге енгізеді-1 балл

- Сыртқы шеңберге соғыс туралы өздері білетін қосымша мәліметті жазады-1 балл

Қосымша материал №2

ҮТО баламен жұмыс

Кестемен жұмыс

Шығарманың аты

тақырыбы

идеясы

кейіпкерлер











Үлгерімі төмен оқушы кестемен жұмыс жүргізеді.

Дескриптор 3-балл

-шығарманың тақырыбын жазады- 1балл

-идеясын анықтайды – 1балл

-кейіпкерлерді жазады -1балл

Қосымша материал №3

9 минут

«Бес минуттық эссе» әдісі арқылы «Болмасын соғыс ...» тақырыбында эссе жазғызамын. Жеке жұмыс.


Жеке жұмыс.

Оқушылар берілген тақырыпқа эссе жазады.

Дескриптор- 3 балл

-жеке көзқарастың көрінісін жазады- 1 балл

-эссе құрылымын сақтайды- 1балл

- қазіргі өмірмен байланыстырады- 1балл



Сабақтың соңы

5 мин

«Зерде » әдісімен оқушылардан кері байланыс аламын.

Білім – тақырып бойынша алған ақпараттарым.

Эмоция – сабақтағы көңіл күйім

Баға – жетістігіме баға беремін.

Сын – өз бойымда нені дамытуым керек?

Идея – маған келген жаңа ой.

Оқушылар сабақ барысы бойынша кері байланыстарын жасайды.

Рисунок 3

Оқушылар сабақтағы белсенділіктеріне қарай 1-10 баллдық жүйемен дескрипторлар арқылы бағаланады.

Шығу парағы



Тексерілді 26/02/2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2025
42
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі