Жау тылындағы бала
Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырларды еске алғанда, сөз болатын қаһармандардың көш басында Қасым Қайсенов есімі тұрады. Өйткені, ол жаужүрек батырлығымен тарихта қалса, ұшқыр, шыншыл қаламы тудырған шығармалары арқылы оқырмандарының жүрегінің төрінен орын алды.
Партизан жазушы өзі куә болған Украина жеріндегі қазақ баласының тағдыры туралы жазған шығармасында шынайы оқиғаларды әңгімелейді. Жазушы өз естелігінде осы оқиғаның ұзақ уақыт бойы ойынан әбден пісіп, жазуға сұранып тұрғанын баян етеді.
Шығармада Ұлы Отан соғысы кезіндегі Атауының өзі ерлікті аңдатып тұрған көркем шығармада Украина жерінде ата-анасынан қапыда айырылып қалған қазақ баласының жанталас тағдыры шеберлікпен суреттелген. Бала болса да тағдырға мойынсұнып, рухы өлмей керісінше жауынгерлерге барлаушы ретінде көмегін берген Серіктің батырлық оқиғасы жылдам өрбіген оқиғалар негізінде шынайылықпен бейнеленген..
Қазақ баласы Серік пен полк комиссары Савченконың баласы Борис партизандардың тапсырмаларын бұлжытпай орындап, Ұлы Жеңіске үлес қосады. Балалықпен ерте қоштасқан жасөспірімдер жауға соққы беру ісінде асқан мұқият болып, ерліктің биік үлгісін көрсетеді. Оқырманды, әсіресе, сүйсіндіретіні Серіктің балалықтан ада азаматтық асқақ әрекеттері. Зұлмат соғыс кезіеде Серік жеңіске жету жолында жалғыз амал жасамайды, оның жан аяспас досы әрдайым қасынан табылып, оқырмандарына тағы да үлгі-өнеге көрсетеді.
Ел басына қатер төнген шақта бір-бірін үнсіз түсіне білген Борис пен Серік жау тылында партизандарға да көп көмектеседі. Жас батырлардың жемісті істері партизандардың жауға тылдан соққы беруіне жол ашады. Өз бастарына қатер төніп тұрса да, отрядтың аман қалуын ойлайды. Мен туындыны қайталап оқыған сайын, еріксіз риза болатын тұсым-екі достың дұшпан тұтқынындағы жетім балаларды азат етуі. Осы тұста Серік пен Бористің адамгершілік, азаматтық, батырлық бейнелері барынша ашыла түскен. Адамгершілік, қамқорлық, ынтымақтастық сезімдерін жоғары қояды. Адал достық пен ұлы бірлік барда алынбайтын қамал жоқтығы оқырманның көңілінде осы тұста және сайрап тұрады.
Басты кейіпкер Серіктің бейнесі өзге кейіпкерлер арқылы толыға түседі. Ол өз анасы Жаңылдан көз жазып қалған соң, Анна Ивановна Серіктің қамқор анасының орнын басады. Бұл да оқырман өнеге тұтатын биік қасиет. Аннаның образын жасауда да жазушы батырлық, ерлік қасиеттерімен сипаттайды. Анна бейнесі арқылы Серіктің әлі де бала екендігі, оның ана мейіріміне мұқтаж екендігі, әрі ана махаббатының шет-шегі болмайтындығы шебер көрініс тапқан. Серіктің анасы Жамал эшелонда жау самолетінен түскен оқтан қаза табады. Айдалада панасыз қалған он жасар балаға Анна Ивановна жанашырлық танытып, өз ұлы Бористен кем көрмей, бауырына басады.. Қиын-қыстау кезеңде Серікке аналық қамқорлық көрсетеді. Бұл-қазіргі қоғам үшін ем болып табылар нағыз адами қасиеттер.
Майор Жомарт Мергенбаев соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ өз елінің ұлтжанды ұлы ретінде суреттеледі. От пен оқтың ортасында жүріп, ұлы Серік пен Жамалдың жағдайын біліп тұрған, отбасының нағыз қамқоршысы ретінде сиппатталады. Отбасылық құндылықты насихаттау арқылы да шығарманың тәрбиелік маңызы арта түседі.
Шығармада фашист басқыншыларына қарсы жан аямай күрескен жауынгерлерінің ерлік істері, батырлығы дәріптеледі. Қазақи тәрбие көріп өскен баланың қай ортада болса да, қандай қиыншылық көрсе де мойымайтындығын, үйренген дағдыларының өмірлік қажеттілікке жарайтынын байқауға болады. Жас партизандардың отансүйгіштігі мен көзсіз ерлігі дәріптей бейнелеу арқылы қаһармандықтың жас талғамайтынын, Отан отқа оранғанда баланың батырға айналатынын айқын түсіндім.
«Жау тылындағы бала» шығармасын оқи келе, асқақ идеялар тоғысына тәнті болдым. Кейіпкерлердің жан-дүниесін сезініп, олармен бірге күн кешкендей сезімде болғаным жасырын емес. Бұл-бала батырдың ерлігін барынша айқын бедерлеген айтар ойы бай туынды. Сондықтан да « Жау тылындағы бала » повесін барлығына оқуға кеңес беремін . Қазақтың қанында бар ерлікті өсиет еткен бұл хикаятты оқыған әрбір жанның тілі байып, ой көкжиегі кеңейеріне сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз