400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жау тылындағы бала" ашық сабақ, 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жау тылындағы бала" ашық сабақ, 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі. Шығарманың тақырыбы мен идеясы

Бөлім:

Балалар мен үлкендер

Педагогтің аты-жөні:

Абай Индира Медетқызы

Пәні:

Қазақ әдебиеті

Күні:

17.02.2025

Сынып: 7 «А»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала» повесі. Шығарманың тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау;

7.2.2.1. эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаты:

- тұлға болмысын гуманистік тұрғыдан талдау арқылы өмірмен байланыстыру, өз ойларын тұжырымдайды.

- кейіпкер бейнесін ашуда, шығармадағы автор бейнесін анықтауда үзінділер келтіре отырып, мысалдармен дәлелдейды.

Бағалау критерийі:

- тұлға болмысын гуманистік тұрғыдан талдау арқылы өмірмен байланыстыру, өз ойларын тұжырымдау

- кейіпкер бейнесін ашуда, шығармадағы автор бейнесін анықтауда үзінділер келтіре отырып, мысалдармен дәлелдеу

Құндылықтар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылдың 30 шілдесіндегі №194 бұйрығы. Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы: кейіпкерлердің жаңшылдығына баға беру, білім алушының жаңашыл идеясына қолдау білдіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут




Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, назарын сабаққа аудару.


Алдыңғы білімді тексеру. «Ретімен орналастыр».






«Ой шақыру». Бейнематериал көрсетіледі

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Анна Ивановна деген кім, Серікке оның қандай көмегі тиді?

  • Анна Ивановна өзі украин ұлты өкілі болса да, қазақ баласын өзге ұлтсың деп бөліп жарды ма?

Қазақтың баласына аналық қамқорлық
көрсеткен Анна Ивановна түрің бөлек, дінің, ділің бөлек деп бөліп жармай, өз баласындай көреді. Соғыстың өзіне тән қиындықтары болғанына қарамастан Анна екі балаға бірдей мейірімділік танытты. Демек біз адам бойындағы жоғары гуманизм яғни адамгершілік қасиетті байқаймыз.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Сәлемдесу.

Кітап құралдарын, дәптерлерін, қаламдарын дайындыққа келтіру



Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында оқиғаларды ретімен орналастырады






Өз ойын білдіріп, сұрақтарға жауап берген оқушылар бағаланады.







Дескриптор:

-шығарма мазмұнын ретімен орналастырады;




ҚБ: «Әскери шен»








ҚБ: «Әскери шен»






7-сынып қазақ әдебиеті оқулығы





Слайд














Бейнематериал



Сабақтың ортасы

30 минут

1-тапсырма.

«Әдебиет лотосы»

Шығарманың авторы, аты

Тақырыбы

Идеясы

Кейіпкерлері









Шығарма авторы: Қасым Қайсенов

Шығарма аты: «Жау тылындағы бала»

Шығарманың тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдары. Жас партизан

Шығарманың идеясы: Соғыс кезіндегі халық жағдайы, жау тылындағы жас партизандардың басқыншыларға қарсы жасаған ерліктерін дәріптеу.

Кейіпкерлері: Серік, Жамал, Жомарт Мергенбаев, Анна Ивановна, Борис

2-тапсырма. «Тұжырымдамалық кесте» сызбасы. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазып, автор берген портреттік мінездемемен салыстырыңыздар




3-тапсырма. Ой толғау

  1. Берілген үзінді арқылы қандай ізгі қасиетті көре алдың?

- Қалай десеңіз де, бұл тапсырмаға жібере алмаймын, қиналмаңыз Сережа, Серікті айтам шешесінің өлімін өз көзімен көрген жетім. Әкесінің қайда жүргенін де білмейді. Қазақстанға он екі мүшесі сау, аман жеткізу аруақ алдындағы борышым.

  1. Серіктің қандай жақсы қасиеттерін үлгі етер едің? Серік пен автордың ұқсастығы бар ма?

  2. Соғыс болмаса Тамара бұндай сатқындыққа бармас па еді? Автор шығармасына Тамара секілді кейіпкерлерді неге қосқан?






Графикалық органайзер арқылы шығармаға талдау жасайды.











Әр топ өзіне берілген кейіпкер бейнесін сипаттап, автор берген портреттік мінездемені салыстырады.









Анна Ивановна өзінен тумаған баласын өз баласындай көруі.


Серік батыл, есте сақтау қабілеті жақсы, аттың құлағында ойнайды. Автор да партизан қатарында болған. Автордың жас кезінде жаны нәзік болған, бұл Серік екеінің ұқсастығы.



Дескриптор:

Білім алушы

-Шығарманың атын, авторын анықтайды;

-Шығарманың тақырыбын, идеясын анықтайды;

-Кейіпкерлеріне талдау жасайды.


ҚБ: «Әскери шен»





Дескриптор

Білім алушы

-Кейіпкерлерді анықтайды

-Кейіпкерлердің іс-әрекетін жазады

-Автор берген портреттік мінездемемен салыстырады

ҚБ: «Әскери шен»



Дескриптор:

Білім алушы

-берілген сұрақтарға жауап береді;

-кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттерді анықтайды;

-кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерді талдайды және автормен ұқсастығын анықтайды;

-жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.


ҚБ: «Әскери шен»





Үлестірмелі парақтар


















Слайд

























Үлестірмелі парақтар









Сабақтың соңы

5-минут

Үйге тапсырма: 19-тапсырма, 127-бет.

«Жау тылындағы бала» повесінің көркемдік құндылығы туралы эссе жазыңдар. Эсседе адамдар арасындағы адамгершілік пен Отан алдындағы борыш мәселесін таладаңдар.



Кері байланыс. «Мұғалімге хат»

- Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

– Сабақта не қиын болды?

– Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

– Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?



Сабаққа кері байланыс береді.

«Әскери шен» бағалау түрімен көп бағаланған оқушыларға баға қойылады.

Стикерлер





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
225
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі