ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АҚСУКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
07150500- «Дәнекерлеу ісі »мамандығы
Д-241/2 1- курс тобы
Тәрбие сағаты
Тақырып: «Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі»
«Әзірлеген»
Д-241/2 тобының жетекшісі
_______________Мирзахматова М
«___»____________2024 жыл
«Келісілді»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
_______________ Наурызова.С

Д-241/2 топ студентермен өткізілген тәрбие сағатының
Баяндамасы
Қатысқандар: Д-241/2 топ студенттері
Күн тәртібі:
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілігі:үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Шаттық шеңбер әңгімелесу «жауапкершілік», «адамгершілік» туралы не білесіңдер?
«Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі» дегенді қалай түсінесіңдер?
. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай,- өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет, асыл мінез, ашық, шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік ашу, ызақорлық. Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады. Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз»деген өлең жолдарын қалай түсінуге болады? Ол қандай қасиеттер?Студенттер 2 топқа бөдінеді:Оларға сұрақтар беріледі
1-топқа неден жирену керек? (Өсек,өтірік мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)
2-топқа Неге үйрену керек? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).
Келесі тапсырма «Өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер бар?». Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
Бірінші бұлт. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.
Екінші бұлт. рухани адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
1.Отанға деген, ата-анаға деген сүйіспеншілік, досқа деген, туған жерге деген сүйіспеншілік.
Үшінші бұлт. Жағдаяттық сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді. Ал сен не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер едің және қандай жауапкершілікпен қарайтын едің?
3.Ата-анаңның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер едің?
Төртінші бұлт.1.Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесің? Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». (Абай) Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» деп үйретеді. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Ашылған күннің соңындағы кемпірқосаққа көңіл аударайық.
1-түсі.Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.
2-түсі.Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңдер.
3-түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды, жұбатқаныңда күлдіргеніңді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.
4-түсі.Әнді жиірек тыңдаған дұрыс.
5-түсі.Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
6-түсі.Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы сөйлеуге дағдылан.
7-түсі. Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген сөз жаныңда жүрсін. Көк аспан аясында күлімдеген күнімізді түнерген бұлттан қорғадық, артынан жадырап кемпірқосақ керілді, міне осындай әсем табиғат аясына асыл қасиеттерге толы «Адамгершілік ағашын» өсірдік.Осы әсем ағаш алдағы уақытта сіздерге сая болсын, бір-біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, адал, ақкөңіл, еңбекқор, әділ, ақылды парасатты болыңыздар! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжі
«Жауакершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі»
Хаттама №
Күні « 4 » қараша 2024 ж. Ақсукент ауылы
Уақыты: 08:30
Өткізілу орны: колледж аудиториясында
Қатысқандар: Д-241/2 тобының студенттері
Мақсаты: Студенттерді жауапкершілікке баулуға, адамгершілік қасиеттерді дамытуға күш салу.
Міндеттері: Студенттердің «адамгершілік», «адалдық», «жауапкершілік» құндылықтары туралы түсаінікткрін кеңейту.
-Адамилық жауапкершілік қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру
-Өзара сыйластық, қарым- қатынастарын дамыту
-Ынтымаққа, достыққа тәрбиелеу
Тыңдалды:Абай Құнанбайұлының өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып береді және ол туралы студенттердің пікірін білу мақсатында сұрақтарға жауап тыңдалады.
-Ақын не себепті 5нәрседен қашық бол деп айтты?
Қаулы қабылданды: Шәкірттеріміз білім деңгейін арттырып, тәлім-тәрбиеге бойсынып, білікті маман болып шығуына атсалысу.
Топ жетекшісі: Мирзахматова М
Хатшы: Имамрасулова Л.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі

шағым қалдыра аласыз