400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жауқазын жыр" әдеби сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ақындар туралы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кездесу кешінің тақырыбы:Туған жерге тағзым

Кештің мақсаты:
Оқушыларды ақындардың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақындардың өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Өткізілетін орны: мектептің акті залы
Көрнекілік құралдар: слайд

Шақырылған қонақтар: Мақпал Мыса, Мақпал Жұмабай, Әсел Оспан.


1- жүргізуші :- Қайырлы күн,құрметті көрермен қауым!
2- жүргізуші: - Армысыздар,аса қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші: -«Ақынын ұлықтаған ел бақытты» демекші, Алматы облысынан шыққан ақын қыздарымыздың шығармашылығына арналған «Туған жерге тағзым»атты кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 

2 -жүргізуші:
Бүгінгі өтіп жатқан іс - шарамыздың мақсаты –Рухани жаңғыруды басшылыққа ала отырып Іле ауданының 90 жылдығына орай оқушыларымыздың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын ояту және ақындарымыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
1- жүргізуші:
Олай болса, қонақтарымызды таныстырып өтейік!

Мақпал Мыса 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері облыстық «Толғауы тоқсан туған тіл», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. «Алақандағы бақыт» жыр жинағының авторы. Облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық Абай оқуларының, 2011 жылы Ақсу ауданының 80 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның бірінші орын иегері. Қобызшы Молықбай атындағы сыйлықтың лауреаты, Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер фестивалiнде Майра Уәлиқызы атындағы сыйлықтың иегері атанды. Жақында «Жалын» баспасынан шыққан «Мен керекпiн» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты.

2- жүргізуші:Әсел Оспан 1978 жылы 15 маусымда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Алғашқы жырлары университет қабырғасынан бастау алып, бүгінгі таңда республикалық түрлі баспасөз беттерінде жарияланып жүр.2017 жылы шыққан алғашқы "Ұшқан ұя" атты жыр жинағының авторы. Сондай-ақ, 2017 жылы жарық көрген Жетісу ақындарының "Тау мен өзен жырлары" атты антологиялық жыр жинағына шығармалары енген. Қазіргі уақытта қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасында қызмет етеді. «Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі».





(Жүргізушілердің сөздерімен қатар слайдтар көрсетіледі)


Келесі сөз кезегін мектеп директоры Нурмуханбетов Ғабидолла Кабдылзиятұлына берейік.

1-жүргізуші:

Сөз ұғатын жандарым,

Құлақ қойып тыңдасын.

Насихаттан үлгі алып,

Ұрпағым білік шыңдасын,

Сөз қадірін білетін.

Оқырманым ,сырласым.
2- жүргізуші:Ортамызға ақындарымызды шақырсақ.Өздеріңіздің шығармашылық туындыларыңыз жайлы сыр шертсеңіздер.

1-жүргізуші:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанетаева Торғынның орындауында « Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші: Табиғат алақаны аялап өсірген ақын қыздардың жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз. Туған жердің көркеюі мен келісті келбеті ақын қыздардың көрікті жырларына арқау болды.

Олай болса, сіздердің жүректеріңізден шыққан өлең-жырларыңызға кезек берейік.Мектебіміздегі жаны жырға жақын оқушыларымызды ортаға шақырсақ.

(Оқушылар ақындардың өлеңдерін оқиды)

1- жүргізуші:Өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын-дардың шығармашылығынан біршама ой түйдік.Ендеше, сөз кезегі көрермендерде.Осында отырған көрермендердің ақынға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.

Оқушылардың сұрақтары:


2- жүргізуші:

Қазағымның кең байтақ даласындай,

Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.

Біз үшін мәңгі үлгі боласыздар,

Жыр жазып, мұра қылған, ақын қыздар! – деп ақындарымыздың өз өлеңдерін оқуын сұраймыз.

1- жүргізуші: Аудандық «Абай оқуларының» жеңімпазы ,мектебіміздің ақын қызы 9 «А» сынып оқушысы Жаббарбергенова Махаббаттың өз шығармашылығынан сіздерге тартуы.

2- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы ,республикалық «Жастар жаққан жұлдыз» байқауының лауреаты ,аудандық «Абай оқуларының» жеңімпазы

6 «А» сынып оқушысы Айдосұлы Алиханның орындауында « Мен қазақпын» әні.

1- жүргізуші: Мектебіміздің дәстүрі бойынша өз қолтаңбаларыңызды қалдырсаңыздар.

2- жүргізуші: Ақын қыздарымыздың шығармашылығына арналған кешіміз өз мәресіне жетті.
1- жүргізуші: Құрметті,қонақтар! Біз үшін уақыт тауып, әңгімелесіп, сұрақтарымызға жауап бергендеріңізге мың алғыс! Жүз жасаңыздар! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
590
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі