400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жауһар жәдігерлер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

Жауһар жәдігерлер

Жуырда Н.Ә.Назарбаевтың «Даланың жеті қырыс» мақаласына орай,туған жеріміздің құндылықтарын таныту барысында №2 мектеп оқушылары, директордың орынбасары және сынып жетекшілерімізбен, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пән мұғалімдерінің бастауымен ауданымыздағы тарихи –өлкетану музейіне бардық.Онда бізді музей меңгерушісі Құрымбаев Есназар Керімбайұлы және экскурсавод Толыбаев Бауыржан Талантұлы ағайларымыз қуана қарсы алды.

Музей үш бөлімнен тұрады екен.Бірінші бөлім: «Археологиялық», екінші бөлім «Этнографиялық»,үшінші бөлім «Тарихи зал»

Есназар ағай мен Бауыржан ағай музей ішін аралата жүріп көптеген өз туған жерімізден табылған,ата –апаларымыз қолданған бұйымдардың қалай табылып,музейге қалай әкелінгенін айтып өтті.

Ежелгі Құлан қалашығының үлкен сызбасы, «Жібек жолы» бойындағы ІІ-ХІІ хан сарайының макеттері,жалпы Құлан өңірінен яғни «Құлан төбеден» табылған қазан ыдыстар тас мүсіндер, қыш құмыраларды көріп тамашаладық.Екінші бөлім этнография бөлімінен өзіміздің ауылымыздан шыққан Ырғалбеков Смайл ағамыздың жасаған сырға,білезік,сақиналарын көріп таң –тамаша болдық,және де асқабақты кептіріп, құмыра, мес, ыдыстар жасағанына қайран қалдық.Сондай –ақ оқушылардың газеттен себеттер,тостағаншалар жасап музейге өткізгендерінің куәсі болдық. Ата –бабаларымыз қолданған киіз үй жабдықтарын,шаңырақ және қол дирмен, пешке қойып ысытып үтіктейтін темір үтіктер,қолөнер шеберлерінің бұйымдары тағысын тағылар..

Үшінші бөлімде белгілі қоғам қайраткері,еліміздің біртуар ұлы Т.Рысқұловқа арналған бұрыш бар.Сонымен қатар, тарихи залда аттары айтып тұрғандай ірі тарихи тұлғалар,Ұлы Отан соғысының ардагерлері , ауданымыздың бетке ұстар азаматтары мен азаматшаларының істеген кәсібінен нәсіп тапқан еңбектерінің жемісі мен суреттері ,ордендері қойылыпты.Тағы айта кететін жәйт ауылымыздың тұрғыны,ауған соғысының ардагері Қылыш ағамыздың суретін музейден көріп,жүрегімізде бір мақтаныш табы пайда болды.музейден біз,үлкен әсер алып,көкірегіміз,рухани байып,өз ауданымыздан табылған жауһар жәдігерлерді және аға-апаларымызды ,олардың еңбегін көріп марқайып қайттық.Болашақ ұрпақ біздерге тарихтан сыр шертер,өткен көне заманымыздың ізі,болмысы туралы жәдігерлер паш етіп тұрғандай..



№2 шағын орталықты орта мектебінің

8-сынып оқушысы Байғұтты Аружан


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі