Жаз қызығы
керемет!
Жаңа оқу жылы басталуына ,
жаздың аяқталуына да аз уақыт қалды, балалар үшін бұл бір
керемет,естен кетпес мезгілдердін бірі екені
анық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні
таза ауада болуы- бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың
жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл- күйіне оң әсерін
тигізеді.Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы
сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің
алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс
жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны
анық.
Біздің «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшамыз
1 жас пен 5 жас аралығында балаларды қабылдап,
олармен жас ерекшеліктеріне сай мектепке дейінгі
стандартқа сәйкес оқу тәрбие жұмыстарын
жүргізеді. Солардың ішінде ең маңызды мәселенің бірі-
ата-аналарға да қажет, бұл баланың
балабақшаға келуі, үйренуі мен бейімделуі.
Баланың балабақшаға жаз уақытында қабылдануы өте тиімді болып
саналады. Өйткені, жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру
бойынша балабақшада көптеген іс-шаралар өткізіледі;
балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын жетілдіру, таза ауада
болуларын қамтамасыз ету, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз
ету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу , экологиялық білім беру ,
жануарлар мен өсімдіктерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Серуендеу кезінде қозғалғыш ойындар әдетте таза ауада жүзеге
асырылады. Тәрбиешілер балалармен бірге әңгімелер, сюжеттік –
рөлдік ойындар, сумен және құммен айналысу, түрлі бақылаулар,
табиғат аясындағы еңбек- осылардың барлығы шынығудың ең бір
тура жолдарына жатады . Мамыр айында
бекітілген балабақша жоспарына сәйкес
жазғы ойын-сауық іс-шаралары денсаулыққа қолайлы жазғы
күндерді дер кезінде пайдаланып, әрбір баланың денсаулығын
шынықтыруға, ойындар және әртүрлі сауықтырулар,
мерекелер, тәрбиелік шаралар өткізу болып табылады.
Шілде және тамыз айларында «Құлышақ» тобында көптеген қызықты
іс-шаралар өткіздік. Соның ішінде: балалар арасында
асфальт үсті сурет салу жарысы,эсафеталық ойындар, «Алтын-Эмель»
МҰТП мұражайына, ауылдық «Батыр Ана» саябағына саяхатқа бардық.
Денсаулық сақтау іс-шараларына көп көңіл бөлінді: таза ауамен
демалу, күн сәулесі ванналарын қабылдау, жалаң аяқпен жүру және
әртүрлі серуендер.
Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде
пайдалану-бала бойындағы өзгерістегі жағдайларға төселген
реакциялардың қалыптасуына көмектеседі, яғни оның ағзасын
шынықтырады. Шыныққан баланың тәбеті жақсы, белсенді, салмақты,
көңілді болып жүреді. Ал күнге қыздырыну-адам ағзасы үшін аса
қажетті табиғи құрал. Таңертеңгі қабылдаудан кейін ертеңгілік
жаттығулар жасатылып отырады. Таңертеңгі бой жазу, дене шынықтыру
жаттығуларын далада өткіземіз. Себебі, ағзаны шынықтыруға ең
алдымен таза ауа керек. Балалар екі мезгіл серуенге, таза ауаға
шығады.
Осы жазда «Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасының
балалары жақсы демалып жатыр. Жазғы сауықтыру кезеңі тек белсенді
тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші
мен балалар, тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы психологиялық
кедергілерді жеңуге ықпал етеді.Елбасымыз «Тәуелсіз ел тірегі-
білімді , дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ» деп
айтқандай, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына атсалысып,
дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей
берейік.
Тулпаисова
Гульмира
Молдабекова
Асем
Басши ауылы
«Бүлдіршін»
бөбекжай
балабақшасының
тәрбиешілері


Гүлдердің атын
білейік!

Балалардың асфальтқа сурет
салу сәті

Серуенде туристтермен
кездесу.