400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазғы демалыстың алғашқы сәттері

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жазғы демалыстың алғашқы сәттері.

Көктемнің соңғы айының 25 жұлдызында мектептің сыңғырлаған қоңырауы балаларға «Жазғы демалыста жақсы демалыңдар!» дегендей болды. Осы сиқырлы сөздерді ата-аналар ымыз шындыққа асырды.

26 мамырда біз, 6 «Ә» сынып оқушылары, ата-аналарымыз демеуімен, әсіресе Мурат Сабитович пен Гулия Ашимовна Кажыгалиевтер арқасында облысымыздың орталығы - Қостанай қаласына саяхатқа шығып келдік.

Әсем қаланың көшелері мен сұлу ғимараттарын тамашалап, Жеңіс бағының ішінде серуендедік. Содан кейін туған өлкенің тарихы мен әдеби мұрасымен облыстық мұражайларда – облыстық өлкетану, Ыбырай Алтынсарин мүражайы мен теміржол тарихының мұражайында болып қайттық.

Әрине, құрбы-құрдастарымызбен бірге барып, алған әсерімізді тыңдап, қолдауын алған – бізге, жасөспірімге , баға жетпес сыйлық!

Облыстық мұражайда жерлестеріміз – Кәмшат Дөненбаева - апамыз, Буканов Сайран Балкенұлы туралы ақпараттарды көріп жүрегімізде мақтаныш сезімі орын алды.

Солармен бірге тарихы кесенелер залында өз ауданымыздың Алқау ауылында жерленген батыр Маңдай Байдәулетұлының тамы макетін көріп ерекше сезімде болдық. Тарих сабағында ол туралы Динар апай айтұаны есімізге түсті.

Шынында, әр оқушы бала Отан деген ұлы сезімді өзінің туған ауылы мен ауданынан басталатынын біледі де оны ерекше сезінеді. Осылай екеніне- мұражай қызметкері «Меңдіқара ауданы» дегенде барлық балалардың назары сол экспонатқа лезде ауыса қойғанынан байқалды.

Мұражайдың табиғат залында – қарағай, қайың ормандары мен еліктер біздің ауданның бейнесі-символы екенін естіп, өз көргендерімізді де айтып жарыстық. Тіпті аудан орталығындағы өзенге аққулар қонып демалатынын айтып ұлгірдік.

Қазақ даласында алқашқы мектеп қоңырау үні Торғай ауылында соғылғанын білсек те, өз көзімізбен бірінші ұстаз - Ыбырай атамыздың ұстаған заттарын: қыл қаламын, сия сауытын, қолжазбаларын, хаттарын, мектеп құралдары мен партасын өз көзімізбен көріп тамашаладық. Ал ең соңғы зал – даладағы этнографилық залы ерекше болды бізге. Қазақ ауылындай көрініс – киіз үй, арба, алтыбақан! Ал сол жағында көк шөпте балбалдар-обалардың ақ тастары көне тарих мұнда деп тұрғандай болды. Осы шағын ауыл шетінде неміс халқының жел диірмені қазір-ақ желден жұмыс істеп кететіндей көрінді. Бізге мұражай қызметкері алтыыбақан тебуге рұқсат бергенде – қуаныштан есіміз шыға жаздады. Бұндай алтыбақанда тек Наурыз мерекесінде ғана отырып едік- енді міне құрдастармен желмен жарыса ұштық!

Бірақ тарихта қаралы күндер де бар екенін қызыл қабырғадағы тақтадан көрдік. Осы жерде ату жазасына кесілген бейнелерді елестеттік. Үнсіздік сақтап рахметімізді білдірдік.

Біз Қостанай облысының экономика саласына теміржол станцияларының қандай үлкен әсер ететінін теміржол вокзалында орналасқан мұражайда білдік. Ұлы Отан соғыс кезінде Ұлы жеңісті жақындатуға теміржолшылардың үлкен үлес қосқанын білдік. Кейбір сыныптастарымыз осы жерде теміржолшы мамандығына қызуғышылық танытты.

Мұражайлардан кейін, көп әсер алып, шаршағанызды Қостанай қаласының әдемі орталығына барып басып, жақсы демалдық. Фонтанның қасында, салқын самал жел астында рахаттанып отырып, көңілденіп жеген тамақтарымыз ең тәтті болып көрінді.

Фонтанның атқып тұрған сулары: «Алақай! Жаз келді! Саяхатқа шығыңдар!» дегендей күн көзінде жарқырап, бізге айқалап тұрғандай болды.

Бәз басқа балаларды да жазғы саяхатқа шығуға шақырамыз!

Осындай қызықты , естен кетпес күнді сыйлаған ата-аналарымызға, әсіресе көлікті ұйымдастырып берген Кажыгалиевтер отбасына және бізбен бірге барған сынып жетекшіміз Тулегенова Зибагүл апайға көп рахмет айтамыз!


Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской-мектеп гимназиясының оқушылары

Темирбаева Наргиз, Кендирбаев Жандос.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі