Материалдар / "Жазғы орман қалай қысқы орманға айналды?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жазғы орман қалай қысқы орманға айналды?"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
281
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жазғы орман қалай қысқы орманға айналды

Оқу қызметінің мақсаты: балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін, қарым-қатынас дағдыларын, еңбексүйгіштігін дамыту. Граттаж бен монотипті әдісті қолдану арқылы сурет салу, түстерді араластыру дағдыларын бекіту.

Құралдар: «Жазғы орман» панносы (ағаштар мен бұтақтар бейнеленген А1 форматындағы ватман қағазы). Гуашь, қылқалам, палитралар. Мұзшалар (акварельмен боялған, қаттырма қағаздан жасалған көпбұрыштар). Қаршалар (алтыбұрышты пішіндегі қағаз беттері). Күнмен бұлттың суреті. Желім, қолорамал, мұздақтар, қар ханшайымы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс. Г.Х. Андерсеннің «Қар ханшайымы» ертегісін оқу. Қыс пен жаз туралы мультипликациялық фильмдерді көру. «Жазғы орман» панносын дайындау. Жазғы және қысқы пейзаждарды қарастыру. Табиғатты бақылау. Жағымды әуен ойнайды. Балалар залға кіріп, «Жазғы орман» панносының жанына барып тұрады.

Тәрбиеші. Біз ыстық жаздан шаршадық. Жыл мезгілінің қыс уақытысын сағындық, сол үшін бәріміз бірге Қар ханшайымын шақырайық.

Балалар хормен Қар ханшайымын шақырады. Үнтаспадан боран соғып, жел тұрған дыбыс шығады. Қар ханшайымы келеді (қар ханшайымы болып киінген ересек адам кіреді).

Қар ханшайымы. Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мені неге шақырдыңдар?

Балалар. Біз сенің келгеніңді қалаймыз. Бізге қыс ұнайды, қысқы орман сондай ғажап көрінеді.

Қар ханшайымы. Неге мен келу керекпін? Жазғы орман мен күзгі орман сендерге ұнамайды ма? Мен ол ормандарды көрмегенмін, олар қандай болады?

Балалар. Ыстық жаз бен салқын күзден кейін суық қыс келеді. Қар жауып, ағаштарды қырау басады.

Қар ханшайымы. («Жазғы орман» панносын көрсетеді) бұл орман сендерге несімен ұнамайды?

Балалар. Қысқы орманда қар бар. Біз сырғанақ сырғанаймыз, қар атысып, аққала жасап ойнаймыз. Күн көзімен шағылысқан әсем қаршаларды көргіміз келеді.

Қар ханшайымы. Балалар, бұл айтқандарың рас па? Жақсы, мен сендермен келісемін, алдымен сендер маған мына жазғы орманды қысқы орманға айналдырып көрсетіңдер.

Тәрбиеші. Балалар, сендер балабақшада көп нәрсені үйрендіңдер, құды бір сиқыршы сияқтысыңдар. Сендер жазғы орманды қысқы орманға айналдыра аласыңдар.

Қар ханшайымы. Мен сендерге суық бояуларды қолдануға рұқсат беремін: көк, ақ, ашық сары (онымен мен көмескі күнді бояймын). Жазда түрлі түсті гүлдер бар екен ғой, менің мезгілімде гүлдер жоқ қой.

Балалар. Есесіне қыста күн көзімен шағылысқан түрлі түсті мұзшалар бар ғой.

Қар ханшайымы. Онда жазғы гүлдерді қысқы мұзшаларға айналдырып көріңдер.

Балаларға көпбұрышты қатырма қағаздарды береді. Балалар «Қысқы орман» панносына жазғы гүлдердің орнына қысқы мұзшаларды жапсырады.

Қар ханшайымы. Тамаша! Сендер нағыз сиқыршы екенсіңдер. Жарайсыңдар! Иә, бұл енді нағыз қысқы орманға айналды ма?

Балалар. Жоқ. Жазғы орманда гүлден гүлге қонып әдемі көбелектер ұшып жүреді.

Қар ханшайымы. Менің құдыретім күшті. Көбелек деген не тәйірі? Мен оның орнына қаршаларды ұшырамын.

Залға әдемі әуенмен қыздар «Қарша» биін билейді.

Қар ханшайымы. Менің қаршаларым да көбелектер сияқты ұшып, қонып, айналып жүреді. Солай емес пе, балалар?

Балалар. Иә, сіздің қаршаларыңыз өте әдемі екен, бізге ұнады.

Тәрбиеші. Сіздің сиқырлы бояуларыңыз арқылы біздің жазғы орманымыз қысқы орманға айналды. Енді осы қысқы орманымызға ат қояйық.

Балалар. «Қыс», «Аязды күн».

Қар ханшайымы. Паннода жазғы күннің бейнесі қалыпты. Қыста күн көмескі, әлсіз болады, аспанды сүрғылт бұлт басады.

Балалар паннодағы күннің жанына бұлттарды жапсырады, күннің бетін бетін көмескелейді.

Қар ханшайымы. Жарайсыңдар, балалар! Сендердің салған қысқы ормандарың маған өте қатты ұнады, әрі сендер маған жазғы орманды да көрсеттіңдер. Сендерге мен өзіммен бірге ала келген мұздақ кәмпиттерімді үлестірейін. Алда үш ай қыс бар, мен седермен күнде кездесемін, сау болыңдар.

Балалар залдан шығады.

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!