Жазғы сауықтыру шараларының түрлері

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Жазғы сауықтыру шараларының түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы сауықтыру шараларының түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Жазғы сауықтыру кезеңіндегі ұйымдастырылған білім беру әрекеті жыл бойы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнына сәйкес игерген білім, білік, дағдыларды пысықтау мен бекітуді қарастырады. Ол үшін алдымен мектепке дейінгі ұйымда өтпелі тақырыптар негізінде жазғы-сауықтыру кезеңінің перспективалық жоспары жасалады (2-қосымша).

Жазғы сауықтыру кезеңіндегі барлық әрекет түрлерін таза ауада ұйымдастыру ұсынылады. Ол үшін әрбір әрекет түріне мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінде орын мен уақыт беріледі.

Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыстардың табысты болуы мектепке дейінгі ұйым басшысынан бастап барлық балабақша ұжымының мерзімді талапқа сай дайындығымен айқындалады.

1. Ұйымдастырылған білім беру әрекеті -  бұл балаларды дене шынықтыру жаттығуларына жүйелі дайындаудың негізгі түрі. Жазғы сауықтыру кезеңінің ұйымдастырылған іс-шаралары балалардың шамадан тыс шаршауын немесе ағзаның физиологиялық процестерінің, атап айтқанда, дене шынықтыру жаттығулары кезінде барынша жұмыс істейтін сүйек-бұлшық ет және жүрек-қан тамырлары жұмысының бұзылуына, жол бермеуі тиіс. Физикалық жаттығулар балалардың жасына, дене дамуы мен денсаулық жағдайына, дене шынықтыру құрал-жабдықтарына байланысты іріктеледі.

Қимылдық ойындардың, жарыс элементтері бар спорттық жаттығулар, жаяу серуендер, экскурсиялар, бағыт бойынша серуендеу (қарапайым туризм), мерекелер, ойын-сауықтардың енгізілуімен ұйымдастырылған қызмет түрлері апта сайын, күн сәулесінің қызуы төмен уақытқа жоспарланады (аптап ыстық басталғанға дейін немесе оның басылуынан кейін).

2. Таңғы гимнастика– ағзаның функционалдық жағдайын және жұмыс қабілетін арттыру, моториканы дамыту, дұрыс дене сымбатын қалыптастыру, жалпақ табандылықтың алдын алу.

Дәстүрлі гимнастика тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде енгізуді қарастырады және затпен және затсыз жаттығулар, дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар, ірі модульдерді, снарядтарды, қарапайым тренажерлерді қолданатын қарапайым жаттығуларды қамтиды.

Түзету гимнастикасы бала дамуындағы ауытқушылықтар немесе бұзылулардың сипатына сәйкес арнайы жаттығуларды қамтиды.

3. Қимылды ойындар жылдам, орта және баяу қимылды ойындар болып бөлінеді. Жылдам қимылды ойынға барлық топ қатысады. , Орташа қимылды ойынға барлық топ белсенді қатысады, бірақ қимыл сипаты бәсеңдеу, баяу қимылды ойында қимылдар баяу қарқында орындалады.

Ойынды таңдау педагогикалық міндеттерге, дайындыққа, балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қимылды ойын түрлері:

- сюжеттік (шағын ертегіні немесе сюжеттік әңгімені түсіндіру кезінде пайдалану) және сюжетсіз;

- аула ойындары;

- ұлттық;

- спорттық (бадминтон, футбол және т.б).

Қимылды ойындар ауада, спорт алаңында күнделікті күн сәулесінің қызуы төмен уақытта өткізіледі.

4. Динамикалық сергіту сәті қысқа үзіліске арналған жаттығуларды қамтиды. Оларды таңдау алдыңғы әрекеттің қарқындылығы мен түріне байланысты болады. Таза ауада күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн сәулесінің қызуы төмен уақытта өткізіледі.

Түрлері:

  • ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар;

  • ырғақты қимылдар;

  • көңіл әуенмен үйлесімде орындалатын ырғақты жаттығулар;

  • тепе-теңдік жаттығулары;

  • көз қарашығының жұмысын жақсартуға арналған жаттығулар.

  • тепе-теңдік жаттығулары;

  • түзету жаттығулары;

  • дене сымбатын қалыптастыруға арналған жаттығулар;

- табан ойығын қалыптастыруға арналған жаттығулар.

5. Спорт жаттығулары ерік-жігерін, эмоциясын басқаруға тәрбиелеуге, ой шапшаңдығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Таза ауада, күн сайын ойын немесе спорт алаңында күн сәулесінің қызуы төмен уақытта өткізіледі.

6. Күндізгі ұйқыдан кейінгі ояту гимнастикасы - сюжеттік-ойын сипатындағы гимнастика.

Ұйқыдан кейінгі жаттығулар затпен және затсыз, имитация арқылы, қарапайым тренажерлардың көмегімен (гимнастикалық доптар, гантельдер, резеңке сақиналар, эспандер) сюжеттік-ойын сипатында өткізіледі. Жаттығулар келесі күтілетін нәтижеге жетуге бағытталады:

- дене сымбатын қалыптастыру;

- табан ойығын қалыптастыру;

- ұсақ моториканы дамыту;

- қимылды үйлестіру;

- тепе-теңдікті сақтау.

 Барлық жас топтары үшін ояту гимнастикасының ұзақтығы: 3—5 минут, өткізу орны – жатын бөлмесі.

7. Күн тәртібіндегі жеке жұмыс.  Денсаулығына байланысты жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін балаларды шынықтыруға және физикалық дамуын жақсартуға, дене сымбатының ақауларын түзетуге ықпал етеді. Спорт залында жүргізіледі. Уақыт жеке қойылады.  

8. Шынықтыру іс-шаралары. Балалардың денсаулық жағдайы, физикалық дамуы, жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы жүргізіледі және келесі шаралар жүйесін қамтиды:

- күнделікті өмірдегі шынықтыру элементтері (салқын сумен жуыну, сүртіну, белге дейін су құю);

- дене жаттығуларын ұштастыра отырып, шынықтыру іс-шаралары (дұрыс ұйымдастырылған серуен, дене жаттығуларына сәйкес күн және су шаралары);

- дәрігер тағайындайтын арнайы су, күн емшаралары.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2023
1664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі