
Мақсаты: Жазу және оның даму кезеңдері. Орфография және
орфоэпия мәселелері. Транскрипция және транслитерация
ұғымдарытуралы түсінік беру.

Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы
өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып
жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы т.б.
Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік
өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын,
кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке
сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Орфография (грек orfhos – дұрыс, gropho –
жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің
жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір
саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды)
әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін
бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас
әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін
белгілейді. Орфография емле мағынасында да
қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де
көрсетеді. Мұндай ережелер: фонематикалық,
фонетикалық,тарихи-дәстүрлі,
айырым ұстанымдарына негізделеді.

Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын
алты түрлі принципі бар. Олар мыналар: Фонеметикалық
принцип пен фонетикалық принцип, фонетикалық
принцип, этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи
принцип, дәстүрлік-тарихи принцип. морфологиялық
принцип пен иероглиф принципі, иероглиф немесе символ
принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді яғни
омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін
қолданылады.

Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер
мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс
айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.
Қазақ тілі орфоэпиялық,нормаларын жүйелі түрде
біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-
өнеге боларлық еңбек – Р.Сыздықованың “Сөз сазы
”(сөзді дұрыс айту нормалары),1983 жылы жарық көрген
бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш “Орфоэпия
қағидалары ”жүйеге түсіріліп,36 параграфке
топтастырылған.

Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз
тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің
айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс
үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып
айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады,
ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни
ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді.
Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға
мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша
сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің
басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді.

Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның
ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай
қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі
жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде
сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап
айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да
қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық
жағына ғана назар аударылады. Транскрипцияның ең негізгі қызметі –
сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету.
Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен
бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз
ететін ережелер жиынтығы.