Жедел жәрдемге жол беру керек
Кеше интернеттен бір видео көріп, жүрегім ауырды. Жедел жәрдем көлігі шұғыл шақырту алып, науқасты ауруханаға асыға алып бара жатқан. Мигалка жанып тұр, дауыс қосулы, алайда бұның өзі қара түсті Camry автокөлігінің жүргізушісіне жол беру керектігін ұғындырмапты. Сол күйі дым болмағандай алдынан кетпей қойған. Өзі де баяу келе жатыр, өткізбейді де. Жедел жәрдем болса, адам өмірі үшін әр секундпен жарысып келеді. Ішінде есінен танып жатқан адам болған дейді.
Мұндай сәтте жедел жәрдемнің жолын кесу – тек заң бұзушылық емес, ол – жүрексіздік. Мүмкін сол жолды бермеген бір минут адам тағдырын өзгертіп жіберер еді… Өзінің қара камриінде отырып, тек өзінің қара басын ойлаған жүргізушіге ақтау жоқ. Көлік айдау құжаты бар адам, осындай қарапайым жол ережесін білмейді деп ойлайсыз ба?
Кей адамдар жолда «мен бірінші тұрдым», «мен асығып бара жатырмын» деп, өзінен басқаны ұмыт қалдырады. Бірақ жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру көлігі – олар жай ғана көлік емес. Олар – өмір үшін күресіп келе жатқан көліктер. Оларға жолды заң жүзінде ғана беру керек деп ойлау адасқандық. Сондай жағдай орын алғанда, ең алдымен өзіңді сол науқастың немесе хәлі мүшкіл жанның жақындарының орнына қойып көр. Жол беру мүлде уақытыңды алмайды. Ол үнемделген секундтарға аса маңызды іс тындыра аламын деп ойлайды ма екен? Сенің бар қолыңнан келетіні, сәл жолдың шетіне шығып өз көмегіңді тигізу. Сенің сыйлаған 2-3 секундың науқастың өміріне игі әсер етуі әбден мүмкін.
Мен бұл мақалам арқылы болашақтағы өз қатарластарыма бір нәрсені айтқым келеді. Ертең бәріміз көлік айдаймыз. Жолда кездесеміз. Сол кезде ең бірінші – адамгершілікті ұмытпа. Жол беру – үлкен мәдениет. Көлік жүргізушілер арасындағы сыйластық – басты назарда болуы қажет.
Сонда ғана біз жақсы қоғамда өмір сүре аламыз.
Нұрдәулет АЛЕКУЛ,
Рахат орта мектебінің
11 «Б» сынып оқушысы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жедел жәрдемге жол беру
Жедел жәрдемге жол беру
Жедел жәрдемге жол беру керек
Кеше интернеттен бір видео көріп, жүрегім ауырды. Жедел жәрдем көлігі шұғыл шақырту алып, науқасты ауруханаға асыға алып бара жатқан. Мигалка жанып тұр, дауыс қосулы, алайда бұның өзі қара түсті Camry автокөлігінің жүргізушісіне жол беру керектігін ұғындырмапты. Сол күйі дым болмағандай алдынан кетпей қойған. Өзі де баяу келе жатыр, өткізбейді де. Жедел жәрдем болса, адам өмірі үшін әр секундпен жарысып келеді. Ішінде есінен танып жатқан адам болған дейді.
Мұндай сәтте жедел жәрдемнің жолын кесу – тек заң бұзушылық емес, ол – жүрексіздік. Мүмкін сол жолды бермеген бір минут адам тағдырын өзгертіп жіберер еді… Өзінің қара камриінде отырып, тек өзінің қара басын ойлаған жүргізушіге ақтау жоқ. Көлік айдау құжаты бар адам, осындай қарапайым жол ережесін білмейді деп ойлайсыз ба?
Кей адамдар жолда «мен бірінші тұрдым», «мен асығып бара жатырмын» деп, өзінен басқаны ұмыт қалдырады. Бірақ жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру көлігі – олар жай ғана көлік емес. Олар – өмір үшін күресіп келе жатқан көліктер. Оларға жолды заң жүзінде ғана беру керек деп ойлау адасқандық. Сондай жағдай орын алғанда, ең алдымен өзіңді сол науқастың немесе хәлі мүшкіл жанның жақындарының орнына қойып көр. Жол беру мүлде уақытыңды алмайды. Ол үнемделген секундтарға аса маңызды іс тындыра аламын деп ойлайды ма екен? Сенің бар қолыңнан келетіні, сәл жолдың шетіне шығып өз көмегіңді тигізу. Сенің сыйлаған 2-3 секундың науқастың өміріне игі әсер етуі әбден мүмкін.
Мен бұл мақалам арқылы болашақтағы өз қатарластарыма бір нәрсені айтқым келеді. Ертең бәріміз көлік айдаймыз. Жолда кездесеміз. Сол кезде ең бірінші – адамгершілікті ұмытпа. Жол беру – үлкен мәдениет. Көлік жүргізушілер арасындағы сыйластық – басты назарда болуы қажет.
Сонда ғана біз жақсы қоғамда өмір сүре аламыз.
Нұрдәулет АЛЕКУЛ,
Рахат орта мектебінің
11 «Б» сынып оқушысы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат ауылы
шағым қалдыра аласыз













