«Жеке бас гигиенасы» Түзете-дамыту сабақ жоспары 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жеке бас гигиенасы» Түзете-дамыту сабақ жоспары 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 02.03.2021

Сыныбы: 1а,г – сынып

Пәні: Қоршаған орта

Оқушылар саны: 3 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Жеке бас гигиенасын сақтайсыз ба?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жалпы гигиена туралы түсінік беру. «Жеке бас гигиенасы» ұғымымен таныстыру, денсаулықты нығайту маңыздылығын түсіндіру.

Түзету-дамытушылық:. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Тазалықты, санитарлық-гигиеналық талаптарды және ережелерді сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, бейнетаспа, тақырыпты түсіндіруге арналған парақтар, тазалық құралдары, ұсақ қол моторикасына арналған тапсырма, тілін дамытуға арналған сурет.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Терең ғылым сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Қоршаған орта сабағын.



ІІ. Негізгі бөлім.

Гигиена – бұл грек тілінен аударғанда-салауаты, денсаулық әкелуші деген сөзді білдіреді. Гигиена бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Солардың бірі жеке бас және мектеп гигиенасы болып табылады. Жеке бас гигиенасы дегеніміз – бұл денені, аузын қуысын, киімді, іш киімді, аяқ киімді күту. Гигиена денсаулыққа әсер ететін шараларды анықтайды. Ой мен дене еңбегі алмастырып, таза ауада талап етеді.

 - Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей, уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денеңе жаман жаралар шықпайды.

Бұлардың барлығы міндетті түрде орындалуға тиіс санитарлық-гигиеналық талаптар. Гигиеналық талаптарды орындау сенің деніңнің сау болып, сабақ кезінде шаршамауына, дұрыс өсіп, дамуына мүмкіндік береді.

Гигиена ережелерін сақтау сенің әдемі, сымбатты, епті, күшті, сау, таза болуына көмектеседі. Сонын нәтижесінде оқуың жақсарып, бос уақытынды тиімді пайдалансаң, денің сау, шыдамды және төзімді боласың.



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

«Тазалық» ассоциациясы.

Picture 1



2-тапсырма.

Сандарды реті бойынша сызықпен қос. Қандай сурет шықты? Суретті боя.

3-тапсырма.

Тамақтардың суретінің астына 1 санын, тазалық құралдарының астына 2 санын белгіле.



ІV.Сергіту сәті.

Жанботаның тарақтарын түстері бойынша толықтырып сал.



4-тапсырма.

Суретпен жұмыс.

Оқушыға сурет беріледі, соған байланысты жеке бас гигиенасын сақтау жөнінде ережелер құрастырады.



5-тапсырма

Сурет пен оның атауларын байланыстырып сыз.





V. Кері байланыс

Кері байланыс жасауға арналған сұрақтар:

  1. Гигиена деген не?

  2. Гигиена қандай мақсатты көздейді?

  3. Санитарлық – гигиеналық талаптар мен ережелер не үшін керек?

  4. Денсаулық не үшін маңызды?



VІ. Қорытынды

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

- Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
704
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі