Жеке тұлғаның жоғарғы деңгейдегі қажетсінуінің (самоактуализация) психологиялық-педагогикалық мәселелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке тұлғаның жоғарғы деңгейдегі қажетсінуінің (самоактуализация) психологиялық-педагогикалық мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЖЕТСІНУІНІҢ (САМОАКТУАЛИЗАЦИЯ) ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДӘУЛЕТОВА.Қ.Д



ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП», ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ



«Бір күндігіңді ойласаң күріш ек, он жылдығыңды

ойласаң ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң,

ұрпағыңа жақсы тәлім – тәрбие бер»

Шығыс даналығы



Ата-аналар бала өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін адамдар болып табылады.Абай былай дейді: « балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады.Біріншісі ата-анадан,екіншісі-ұстазынан,үшіншісі-құрбысынан.Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса,қаншалықты шаршап шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Сондықтан балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян.Бала жақсы ,әдепті болса да жаман әдетті болса да ең алдымен отбасынан алады.Отбасы қарым-қаынасының ықпалын арттыратын негізгі құралдардың бірі онын мүшелерімен мағлұмат алмасуы .Бұл отбасы мүшелірінің көрген-білгені, басынан өткізген сырымен бөлісуі.Сол арқылы олардыңарасында қарым-қатынас орнайды. Өйткені мағлұмат алмасу барысында бірін-бірі таниды, бірінің айтқанына екіншісі қазбалап сұрақ қояды. Одан туындаған қанағаттану. қуаныш таңдану сезімдерді танымды әсер қалдырумен құнды.. Ата-анасымен байланысты білу, сезіну –балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Ондағы басты мақсат –ортақ мақсатқа бірге талпыну, әсіресе жоғары сынып оқушылары үшін тиімді. Ол әртүрлі ситуацияларды әке мен шеше мен баланың бір жақты бағыт ұстануы. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарасы сәйкес келе бермейді.Дегенімен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағытты ұстанғаны жөн. Ата-ананын қандай бағыт ұстанатынын жоғары сынып оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Егер де өз уақытын тиімді пайдаланса ол да бала үшін үлкен өнеге. Отбасындағы жан-жанжал, үлкендердің ойланбай дөрекі сөз айтуы, біреуді сыртынан ғайбаттауы әсіресе жоғары сынып балаларына кері әсер етеді.Соңғы кездегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек балалардың теріс қылықтары мен жаман әдеттерге құмартуы күнен күнге артуда.Кейбір ата-аналардың өз ұрпақ тәрбиесіне жауапсыздықпен қарауынан, тіпті ұл-қызынан безген безбүйректердің өз міндеттерін қоғамға жүктеу салдарынан пайда болған «тәрбиесі қиын » балалар проблемасы –бүгінгі таңда кім-кімді де ойландыратын психологиясына әсер ететін аспектілер мыналар:

1.Дифференция (қоғамның әлеуметтік бөлінуі, бай мен кедей)

2.Әлеуметтік психологиялық қиындықтар( адамның шаршауы өмірден түңілуі, өз-өзіне қол жұмсауы);

3.Дизориентация (отбасындағы адамның өміріне бейімделе өзін-өзі қорғау құқығының төмен болмауы;

4.Әлеуметтік-психологиялық білімнің төмендігі (компримеске баруы, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмауы);

5.Отбасылық ажырасудың көбеюі;

6. Ішімдікке салынуы;

7.Мәдени және рухани жағынан төмендеуі.

Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін.

Біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін. Кейбір ата-аналар екіжүзділікке бейім болады, сөз жүзінде олар балаларында агрессияның байқалуына қарсы, оларды қайырымды әрі жуас етіп тәрбиелегісі келеді, сонымен бірге олар төбелеске қорықпай кірісіп кету немесе басқа да жымысқы жолдармен мәжбүрлеу арқылы құрдастарымен арасындағы проблемасын өзі шешуге тырысқан балаларына сүйсініс танытады.

Екіншіден, балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігі үшін күш басымдығына табыну үлкен орын алады, әсіресе ұлдар балалар қоғамдастығынгда демократиялық деп атауға келмейтін қасиетке ие болуды армандайды. Демек, кім күшті болса, ол бәрін де жасай алады – балабақша сәбилерін бақылағанда көруге болатын принцип осындай.

Үшіншіден, агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін. Теледидар, монитор экрандары мен кітап беттеріндегі агрессия мен зорлық – зомбылық кішкентай көрермендерді кез келген уақытта құрылымсыз, қатал, бірақ жанжалды шешудің өте тиімді тәсіліне бой ұруға жетелейтіні күмәнсіз нәрсе. Сондықтан да балаңыздың не көріп, не оқып, қалай ойнайтынына назар аударған артық болмайды.

Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,сағат сайын бала оқуын, еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. «Бала тәрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті»деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Отбасылық тәрбиеге қойылатын басты талап - балаға деген сүйіспеншіліктің болуы. Бірақ бұл жерде баланы тек жақсы көру жеткіліксіз, ең бастысы күнделікті балаға қарым-қатынасымызда, оны тәрбиелеу кездерінде бала өзін жақсы көретіндерін түсінуі, сезінуі, сенімді болуы, оның ата-анасымен қарым-қатынасында немесе ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қатынасында қандай жағдай орын алып жатса да өзін басы артық жағдайда ғана адамның психикалық әлемі дұрыс қалыптасады, тек махаббат негізінде адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға болады, тек махаббаттан ғана махаббат туады.

Баламен үнемі психологиялық байланыста болу - барлық ата-аналарға бірдей дәрежеде ұсынылатын, тәрбиеге қойылатын әмбебап талап. Нақ осы ата-ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге және саналауға мүмкіндік береді.
Байланысты сақтаудың негізі – баланың өмірінде өтіп жатқанның барлығын біліп отыруға мүдделік таныту, оның балалық, тіпті түкке тұрмайтын, аңғал проблемаларына шынайы көңіл аудару, өсіп келе жатқан адамның жан-дүниесінде өтіп жатқан барлық өзгерістерді қалт жібермей біліп отыруға ынта танытушылық. Байланыс ешқашан өз-өзінен пайда болмайды, тіпті нәрестемен байланысты да қолдан құруға тиіспіз. Өзара түсіністік, балалар мен ата-аналар арасындағы эмоциялық байланыс туралы сөз болғанда біз қандай да бір диалог, бала мен ересек адамның бір-бірімен өзара әрекеттестігі жайлы айтамыз.
Көзқарастар теңдігі дегеніміз – баланы тәрбиелеудегі оның белсенді рөлін мойындау. Адам тәрбие обьектісі болмауы тиіс. Ол қашанда өзін-өзі тәрбиелеуші белсенді субьект. Ата-ана өз баласының жан-дүниесіне оның өз жетістіктеріне жету, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін оята алатындай дәрежесінде ғана билік жасай алады.
Баламен қарым-қатынас жасау, оған деген жоғары сүйіспеншілігіңді көрсете білу ретінде, оның өзіне тән жеке-даралығын үздіксіз, қажымай-талмай тани білуге сүйене отырып құрылады. Баланың ішкі әлеміне, эмоциялық жағдайына үнемі сыпайы ғана үңіліп отыру, онда болып жатқан өзгерістерді, әсіресе жан дүниесінің құрылысын сезіну – осының барлығы қай жастағы болмасын бала мен ата-ана арасындағы өзара терең түсініктің тууына негіз қалайды.
Баланың жеке-басын және мінез-құлық қасиеттерін теріс бағалаудан үзілді-кесілді бас тарту керек. Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар үшін: „Неткен ұқпайтын баласың! Саған неше рет айтуым керек”, „Сендей бірбеткей, оңбаған баланы туып нем бар еді!”, „Сенің орнында басқа біреу болса, айтқызбай-ақ ұға қояр еді!” тағы да басқа деп сөгу үйреншікті әдетке айналып кеткен.
Ата-ана махаббатының шынайы формуласы, қабылдау формуласы – бұл „мен сені жақсы болғанын үшін ғана емес, сенің бар болғанын үшін, қандай болсаң да осы қалпында жақсы көремін”.
Бала жан-дүниесіндегі өзгерістерді бақылау.

Баланың жан дүниесінде болатын түрлі ауытқулармен мүлде таныс емес екенбіз. Баланың жан дүниесіне шынымен мән берсек, оның бұзылуының себебі түрлі-түрлі екенін білер едік. Мысалы, бір бала бар тынышсыз. Партасынан белгілі мақсатсыз-ақ тұрып кете береді. Тіпті беті ауған жаққа қарай жүгіре жөнеледі. Ескертуге назар аудармайды. Тіпті дөрекі мінез көрсетеді, тәртіпке көнуі қиын. Ал оның ауытқуы екенін білмей, ұрса берсең, «бұзықтығын» бұрынғыдан да көбейтіп, тіпті үйден де қашып кетуі мүмкін. Бір қыз баланың аянышты жағдайын естідім: Жайшылықта жақсы сөйлейді, билейтін де өнері бар. Ал сабақ айтуға келгенде, аузын біреу буып қойғандай, даусы шықпайды. Мұғалім қанша ұрысса да, ақ тер, көк тер боп ақыл айтса да, сөйлемейді. Сөйлегісі келсе де, неге екені белгісіз, үні шықпайды. Қанша дайындалып келсе де, айта алмайды. Ал осының жүйке ауруы екенін мұғалім білген жоқ. Баланың қырсықтығын «түзеу үшін» қанша еңбегін зая кетірді. Өз жүйкесін құртты. Бұрын да бір мектептен ауысып келген қыз тағы да басқа мектепке ауысуға мәжбүр болыпты. Баласының ауруынан хабарсыз ана байғұстың тапқан амалы сол-ақ болса керек. Психологке көрсетсе, тез-ақ айығып кетпекші, мутизм деп аталатын бұл ауру, мектептегі, отбасындағы күнделікті мезі қылған ескерту, ұрсуға баланың іштей қарсылығы ретінде пайда болады екен. Өзіне түсініксіз себеппен тілі байланып қалуды логофобия (сөйлеуден қорқу) дейді екен. Ондайда ойын басқа жаққа аударып жіберсе, қайтадан сөйлеп кете алады. Кейбір бала өзін әділетсіз жазалаған мұғалімнің алдында ешбір сұрағына жауап бермей, сағаттап үнсіз тұра береді. Сөйтіп жүріп бұйығылыққа, көңілсіздіктің тереңіне түсіп кетуі мүмкін. Мұндай балалар мейірімді қарым-қатынасты, уайымнан ойын бөліп, көңілдендіретін жағдай жасауды керек етеді. Өзінен-өзі уайымға салынып, қай-қайдағыны ойлап, іштей көп қайғыратын бала аутизм деген ауруға ұшырайтын көрінеді. Ол балаға шаршаған мұғалімнің намысқа тиетін сөз айтып ұрысуы, өзі ұнатқан қыздың қарамай қоюы, біреудің мазақтауы, нашар баға алуы, өзінің бет-әлпетіне көңілі толмауы, әйтеуір ұсақ-түйектің бәрі қайғы болып көрінуі мүмкін. Баланың жан өзгерісін байқап, дер кезінде көмекке келмесе, сырқатқа ұшырайды. Енді жасампаз баланың мінезіне келейік (шизойдтік тип). Оның барлық сабаққа бірдей ықыласы бола бермейді. Өзін қызықтыратын сабақты ғана беріліп тыңдайды. Сылбыр, көбіне өз ойымен өзі әуре. Сабақты сұрай қалғанда, тез жауап бере қоймай күйдіреді. Асықпай ойлануға, өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік берсе ғана ашылып сөйлей алады. Киімін тап-тұйнақтай қылып жүруді қанша талап еткенмен, орындалмайтынына сене беріңіз. Бірақ оның табиғатында не өнерге, не ғылымға, тағы бірдемеге айрықша қабілеттілік болады. Дүниеге ұлы жаңалық әкелетіндер осындай баладан шығады. Ал мектепте баланың әлгіндей табиғи ерекшелігін ескермей, жан-жақтан қамшылай берсек, не болмақ? Сабақта тез жауап беру, барлық пәнге бірдей ықыласты болу, ұқыпты киіну дегендердің басқа оқушыға жарамды болғанмен, бұл баланың табиғатын мүлдем қарама-қайшы талаптар. Сөйтіп, талантты баланың бір бағыттағы терең ізденісіне мүмкіндік берудің орнына, әрқайсымыз бір ұрысып, жекумен барлық сенімін айырмақпыз. Мұғалімнің айтқанына сеніп, өзінің басқалардан төмен екенін мойындап, іштей уайымға түсуден жан дүниесі ауытқуға ұшырауы мүмкін. Отбасында дұрыс тәрбие алмай, бетімен өскен, рухани жағынан құрдастарынан артта қалып қойған балалардың мектептегі жағдайы тіпті қиын. Олардың үй іші ұрыс-керіс, ішімдікке үйір. Осындай бір баланың аянышты халін айтайын: Өзі көп балалы үйде өскен. Отбасында тыныштық, дұрыс тәрбие жоқ. Әкесі балаларын, әйелін жөнсіз ұрып-соғады. Шешесі болса, тірліктен ешбір рақат көрмегеніне ызаланып, наразылығын баласынан алады. Баланың өзі 15-16 жаста болса да, ойлау, іздену қабілеті төменгі сатыда қалып қойған. Сабақты түсінбейді, сондықтан ықыласы жоқ. Екі жыл орнында отырып, өзінен кіші балалармен оқығандықтан, басқа балалар арасында беделден жұрдай. Мұғалімдер жағы да ұрсудан аянбағандықтан, оқушылар да мазақтаудан қалыспайды. Үйіндегі жағдай тағы белгілі. Тіпті екі арадағы қайшылықтың шегіне жеткені сондай, бір жолы оқушылар ешбір себепсіз жабылып ұрған (балалардың ерлік, мықтылық туралы дұрыс ұғымы қалыптаспағанда, өз «мықтылығын» әлсізге күш көрсету арқылы дәлелдейді). Оқуға екі қабілеті, ықыласы жоқ оқушыларды кластан-класқа күштеп сүйреп, екі жақтың жүйкесін тауысып, баланың намысын таптағанша, негізгі сауатын ашқаннан кейін өзінің шамасы келетін жұмысқа орналасуға көмектеспейінше, олардың өмірі әлгіндей болмақ.
  «Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес»

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

2.Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

5. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

6. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

7. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

8. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

9. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

10. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

11.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

12.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз;

13.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып  әңгімелесіп тұрыңыз;

14.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін;

15.Егер балаң айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Халық даналығында:«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,15-ке дейін құлыңдай жұмса,15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

   Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса,ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Жеткіншек жастағы мінез-құлық және оны алдын алудың тәсілдері» әдістемелік құрал Ақтөбе, 2009. (4-15 бет)

2.Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях, А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. (315 стр.)

3.С. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982. (37 бет)

4.Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4. (22-24стр.)

5.Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998. (55 стр.)

6.«Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері» Өзіңді таны журналы №3, 2006. (29 бет)

7. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302 стр.)









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.12.2024
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі