400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік күніне байланысты іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№1 мектеп-гимназия





Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!




Өткізген мұғалім: Жұмабай А.А




2018-2019 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы: Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!


Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. 2)Отанды сүюге,тбайлығын қорғауға елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

3) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

4) Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.


Сабақтың әдісі: Интеллектуалды-танымдық сайыс сабақ, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі


1-жүргізуші.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!» атты интеллектуалды-танымдық сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!


Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.


2-жүргізуші

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

1-жүргізуші

Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін  арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген  арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет,  Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен  терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті  ұғым   тізгіні  берік қолда.

2-жүргізуші

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.


ІІ. Негізгі бөлім


1-жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан-Гүлстан!

Олай болса, сайысымызды бастайтын кез келіп жетті. Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады, оған 2 топ қатысады. Олар:
10 А  сынып – «Болашақ»тобы

10 Б сынып — «Алаш» тобы

2-жүргізуші

Баға берер топтарға,

Қара қылды қылышпен қақ жаруға.

Әділқазы алқасын біз сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.

Енді бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)


1-жүргізуші.

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1- кезең Таныстыру (топтың аты, ұраны, белгі)

2-кезең  «Өткел» — капитандар сайысы

3- кезең.«Суреттер сыр шертеді»

4- кезең «Сандарды сөйлет»

5-кезең «Ойлан тап»

6 -кезең «Әріптер сыры »

7- кезең.«Шешендік»

8-кезең. Музыкалық номер


2-жүргізуші.


1- кезең «Таныстыру» (2 ұпай)

Әдеппен, ізетпен танысуға, дей келе, сайыстың алғашқы шарты – «Танысуды» бастаймыз.(топтар өздерін таныстырып өтеді)


1-жүргізуші.


2 -кезең. «Өткел» — капитандар сайысы. 1 мин ішінде10 сұрақ қойылады сұраққа дұрыс жауап беру. Әр дұрыс жауап- (5 ұпай)


«Болашақ» тобына

1. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды? (4 маусым 1992 жыл)

2. Алматы қаласының бұрынғы атауы. (Верный)

3. Елтаңбада не бейнеленген (Шаңырақ, күн сәулесіндей уықтар, қанатты пырақтар, жоғарғы жағында жұлдыз, төменгі жағында “Қазақстан” деген жазу)

4. Елтаңба авторы кімдер? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов)

5. Ең алғаш қазақ елінің астанасы қай қала болған? (Орынбор, 1920-1925 ж.ж)

6. Қай жылы ҚР-ның Ата Заңы қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

7. ҚР Негізгі заңының 7 бабы не туралы? (мемлекеттік тіл туралы)

8. 2006ж. Тәуелсіздікке неше жыл толды? (15 жыл)

9. Тілдер мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)

10. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? (Таразда )


«Алаш» тобына


1.
 Қ.Р. ата заңы. (Конституция)

2. Қаз-н территориясында неше рет Жаңа жылды мерекелейміз. (2 рет)

3. Тақиялы періште филіміндегі басты рөлді ойнаған әртіс? (Ә. Өмірзақова)

4. Қай жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшті? (1998)

5. Отан қорғаушылар күні қашан тойланады? (7 мамыр)

6. Ұлттық валюта қашан енді (1993 15 қараша)

7. Қазақстанның бірінші ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

8.  Конституция күні (30 тамыз)

9.Н.Ә.Назарбаевтың туған жылы (1940)

10. Астана күнін қай күні мерекелейміз? (6-шілде)


2-жүргізуші

3-кезең «Суреттер сыр шертеді»

Суретпен жұмыс. Берілген суреттерді атап, түсінік беру. Ұпайы аз топ бастайды

Суреттер: домбыра, қобыз, тұсаукесер, беташар, асық, көкпар, сәукеле, кимешек.


1-жүргізуші


4-кезең «Сандарды сөйлет»

Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі ұпайы аз топ бастайды

10 ұпай:

9 мамыр -Жеңіс күні

25 қазан - Республика күні

21 желтоқсан- ТМД ұйымы құрылды

1466-қазақ хандығының құрылуы

1998 ж- Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары Алматыда бас қосты

1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі –«Тарих толқынында»

1916-ұлт азаттық көтеріліс

1822-Сібір қырғыздарының жарғысы

98-конституциядағы бап саны

1991 - тәуелсіздік


2-жүргізуші

5- кезең   «Әріптер сыры »

Бұл бөлімде әріптер жасырылады. Оқушылардың таңдаған әріптері бойынша сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.Ұпайы төмен топ бастайды


А - Қазақтың бас ақыны? (Абай)

Б - Астана қаласының символы (Бәйтерек)

Ә - «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Әбу Насыр әл — Фараби)

Г - «Тарихтың атасы» кім? (Геродот)

Р – Рейхстагқа ту тіккен қазақ (Рақымжан)

Ш – Тудың авторы (Ш.Ниязбеков)

Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел (Түркия)

Ы – Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы (Ыбырай)

Е- Қазақстан қандай мемлекет? (Егемен)

Қ- Қазақ халқының атақты суретшісі (Ә.Қастеев)


1-жүргізуші

6-кезең «Шешендік»

Жасырылған тақырыптар бойынша әр топ эссе жазып, қорғайды.

Эссе тақырыптары: ”Менің Отаным – Қазақстан”, ”Біздің сынып”, «Менің болашақ мамандығым», «Алматы қаласы»


2-жүргізуші

7-кезең. Музыкалық номер. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, өнер көрсету.


ІІІ. Қорытынды бөлім

1-жүргізуші. Мінекей, бүгінгі сайысымызды қорытындылайтын сәт келді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

Қазылар алқасы өз шешімдерін жариялайды. Жеңімпаздарды марапаттайды.


2-жүргізуші:

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.


1-жүргізуші:

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым


Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.


Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 сәуір
1854
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі