Желідегі қауіпсіздік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желідегі қауіпсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Желідегі қауіпсіздік не екенін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Сынып: 8

сабақ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Желідегі қауіпсіздік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 желі қолданушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін сақтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Желі қауіпсіздігі және қорғау туралы түсінік беру, практикада қолдануға машықтанады.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Бағалау критерийі

Иерархиялық кестесін толтыру

.Әр желіні территориялдық жіктеуге сәйкес түсіндіреді..

.Түрлі компьютерлік желілерді салыстырады

Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

Сыни тұрғыда ойлауға үйрету;

Шығармашылық іс-әрекетті арттыру


Оқытудың тілдік мақсаты

Барлық оқушылар:

Өз жұмыстарын критериалды бағалайды (сөйлеу дағдысы)

Пәнге қатысты лексика және терминология

Компьютерлік желі, ғаламдық желі, жергілікті желі, кампусты желі, аймақтық желі, желі топологиясы,шина,сақина, жұлдызша


Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:… компьютерлік желі … қолданылады, компьютерлік желі қолданылған уақытта…

Компьютерлік желіні ұйымдастыру үшін ең жақсы таңдау…


Құндылықтар

ынтымақтастық, құрмет пен жауапкершілік


Пәнаралық байланыстар

математика


Алдынғы оқу

файл өлшемі туралы біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

2. Кестені толтыру (3 мин)

Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру.

Суретте неше желі бейнеленген? ( 5 ) 





  1. IP-адрестеу дегеніміз не, түсінік бер.


Ip адрес мысалға сенің түрып жатқан үйіңнің мекен жайы болса ол да интернетіңіздің мекенжайы. 

Продайвер әр интернет қолданушыға қайталанбас IP адресін береді. Интернетке өз IP адресіңіз арқылы қатынайсыз

Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы -  0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы:

         192.168.10.43    немесе    128.29.15.124

Осылай адрестеу жүйесі  2564 4,3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32-разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.



Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.








Сабақтың ортасы

8 минут







1 минут









5 минут





3 минут

16 минут


Жаңа сабақты түсіндіру

ДК  ақпаратына рұқсатсыз кіру - онымен жасырын танысуды, өңдеуді, көшіруді, әр түрлі вирустарды,оның ішінде, бүлдіруші бағдарламалық өнімдерді, сондай-ақ ақпаратқа шығудың белгіленген ережелеріне қайшы келетін ақпарат өзгертуді немесе оны жоюды айтамыз.


ДК қорғау үшін сақталған ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңітетін әр түрлі бағдарламалық әдістер қолданылады. Стандартты дербес компьютерді қорғау құралдарының ішінде кең таралғандары: 
Парольдік ұқсастыруды (идентификацияны) пайдаланып, мүмкіндік ресурстарын қорғау құралдары.

  1. Әр түрлі ақпаратты шифрлау әдістерін қолдану.

  2. Компьютерлік вирустардан қорғау және архив құру

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қарастырғанда әдетте екі мәселелер тобына бөледі: компьютер қаупсіздігі және желілік қауіпсіздік. Компьютердің қауіпсіздігіне деректерді қорғаудың барлық мәселелері жатады, яғни компьютерде сақталатын, өңделетін автономды жүйе ретінде қарастырылатын деректер мәселелері. Бұл мәселелер деректер қорымен, компьютердің енгізілген аппаратты құрылғыларымен, операциялық жүйе құралдарымен шешіледі. Желілік қауіпсіздік түсінігі желілік құрылғылар арасындағы ақпарат алмасу кезіндегі қорғау және рұқсатсыз енуден қорғау мәселелері болып табылады. Бірақ қазіргі уақытта компьютер мен желілік қауіпсіздікті бір-бірінен айырмашылығын анықтау өте қиын мәселе, олар бір - бірімен өте тығыз байланыста жатады. Тек желілік қауіпсіздік өзінің мамандығын қажет етеді. Жеке дара жағдайда жұмыс істеп тұрған компьютерге ішкі қол салудан сақтау үшін әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға болады: мысалы клавиатураны құлыпқа жабу немесе қатты дискіні шығарып алып сейфке салып тастау. Желіде жұмыс істеп тұрған компьютер қоғамнан бөлініп қала алмайды ол басқа компьютерлермен кез-келген уақытта байланыста болуы керек. Сондықтан желіде қауіпсіздік қорғау өте күрделі жағдай болып есептеледі. Басқа қолданушының желіде жұмыс істеп тұрған компьютерді қолдануы логикалық тұрғыдан болуы шарт. Осындай жағдайда қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бір ойға әкеліп соқтырады – яғни әрбір қолданушы үшін өзінің ақпаратты қолданатын құқығы желідегі әрбір компьютер үшін желілік байланыстарын реттеп отыру қажет. Бұл мәселелерден басқа желілер өзінің табиғатында тағы да бір қауіп түріне кездеседі. Желімен берілген хабарды ұстап қалу, анализдеу, «жалған» трафиктер құру. Желі қауіпсіздігін қорғаудың негізгі бөлшегі осы қылмыстың алдын алуға жұмсалады. Желілік қауіпсіздігінің мәселелері корпоративті желілерден бөлінген каналдарға өту барысында көптеп байқалады. (Интернет, frame relay). Жалпы желіні қамтамсыз етушілер қазірше берілгендерді өзінің магистралы бойынша тасымалдау кезінде қолданушы деректерін қорғауды сирек қолданады. Бұл мәселені көбінесе құпиялылығын, бүтіндігін, ену мүмкіндігін қолданушының өзінің қамқорына қалдырады. Құпиялылықтың негізгі түсінігі деректердің бүтіндігі және ену мүмкіндігі. Қауіпсіз ақпараттық жүйе – ол біріншіден рұқсат етілмеген енуден қорғайды, екіншіден ақпаратты өзінің қолданушыларына барлық уақытта деректерге енгізе алады, үшіншіден ақпаратты сенімді сақтайды және деректердің өзгермеуін қамтамасыз ететін жүйе. Осылайша, анықтама бойынша қауіпсіз жүйе құпиялық, ену мүмкіндігімен, бүтіндік қасиетімен анықталады. 
Құпиялылық (confidentiality) — бұл құпия деректерге ену тек қана рұқсат берілген қолданушыларға берілетіндігінің кепілі. (Бұл қолданушылар авторластырылған деп аталады). 
Ену мүмкіндігі (availability) — авторластырылған қолданушылар барлық уақытта деректерге ену құқығы бар болуының кепілі. 
Бүтіндігі (integrity) — деректерді түрлі жолдармен өзгертуге авторластырылмағандар үшін рұқсат етілмеуді қамтамасыз ететін дұрыс мәнді деректерді сақтаудың кепілі.

Нақты IP-адресі бар Интернет желісіне қосылу кезінде қорғауды қамтамасыз ету үшін әдетте маршрутизаторларға IP-сүзгілер орнатылады. Олардың қызметі ішкі желіге мәліметтерді нақты белгіленген компьютерге және нақты белгіленген протокол бойынша жеткізу


  1. Практикалық жұмыс. (20 мин)

1 -тапсырма

Егер желі маскасы 255.255.252.0 және компьютердің желідегі IP-адресі 226.185.90.162, онда желідегі компьютердің реттік номері _______тең?



Жауабы: 674 
Шығарылуы: 

1. Желі маскасындағы екі октет (октет – 8 биттен тұратын масканың саны) 255-ке 
тең болғандықтан, екілік жүйеге ауыстырғанда 24 бірлік болып жазылады, демек алғашқы екі октет желі адресін анықтайды. 

2. Желі маскасындағы 252 және 0 сандарын екілік жүйеге ауыстырамыз. 

252
10=111111002

0
10= 000000002

3. IP-адрестің соңғы екі октетін екілік жүйеге ауыстырамыз. 

90
10 =010110102 

162
10 =101000102 

4. Желідегі компьютердің маска мен адрестің екі соңғы октеттерін жазып шығамыз: 

111111
00 00000000 

010110
10 10100010 

10 10100010 

Қою түспен бізге керек сан белгіленген 0 санынан басталатын бөлікті астыңғы санға қосамыз, яғни 1010100010
2=67410 
2-тапсырма

Кейбір ішкіжелілерге 255.255.248.0. маскасы қолданылады. Бұл маскаға компьютердің неше адресі қолданылады? Ескерту: Практикада компьютерді адрестеу үшін екі адрес қолданылмайды: желі адресі мен кеңарналы адрес.

Жауабы: 2046 

Шығарылуы:


  1. Маскадағы екі октет 255-ке тең, олар желінің адресі. Екілік жүйеге аударғанда 16 бірлік болады.


  2. 248
    10= 111110002. Соңында 3 ноль, тағы 8 ноль масканың соңғы октетінен аламыз. Сонымен, 3+8=11 ноль компьютердің адресі болады.


  3. 2
    11=2048, екі адрес қолданылмағандықтан, 2048-2=2046

3-тапсырма

Қылмыс болған жерде 4 бөлік қағаз табылды. Тексеріс бойынша IP-адрестің фрагменттері екені белгілі болды. Тексерушілер бұл бөліктерді А, Ә, Б және В деп әріптермен белгілеген. IP-адресті қалпына келтіріңіз.

Жауабы: БӘВА

.64 
2.16

16

8.32

А

Ә

Б


В 

Шығарылуы:

IP-адрес 4 байттан тұрады. Әр байт 255-тен аспайды.

А бөлігіy бірінші орынға қоя алмаймыз, себебі адрес нүктеден басталмайды.

В бөлігінен кейін Ә бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Демек Ә бөлігін Б бөлігінен кейін қоямыз. А бөлігінен кейін В бөлігін қоя алмаймыз, себебі 255-тен аспау керек. Сонымен [16] [2.16] [8.32] [.64]

162.168.32.64, яғни БӘВА.

Компьютерлік желі топологиясын (шина, сақина, жұлдызша) көрсетеді.

(БК3).

Дескриптор:

  • Бір дәрежелі желі үшін топология қолданысын дұрыс анықтайды

  • «жұмысшы станция-сервер» үшін топология қолданысын дұрыс анықтайды.

(С) «Топология» не екендігін талқылайды.

Топология сызбасын талдай отырып, мұғалімнің түсіндірмесіне қатысады






Сергіту сәті

Сұрақ парақшалары.







Оқулық, дәптерлер.







Ойын ойнайық.


Сабақтың соңы

2 минут



Тапсырма. Егер сізде 4 компьютерден желі құру мүмкіндігі болса, қай топологияны қолданар едіңіз? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Жеке орындайды.

Саралау: Қиындық сезінетін оқушыларға жұпта жұмыстануға мүмкіндік беруге болады.

Қайталау үшін территориялды жіктеудің бос сызбасын ұсынады.

(БК1).

Дескриптор:

  • Территорялық жіктеу бойынша желінің төрт түрін дұрыс анықтайды

Сызбаны жеке толтырып, желі жіктеуінің біреуіне анықтама береді .


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Смайликтер


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)


Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2019
1464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі