Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желілік қоғамдастық қызметінің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, тәжірибені өзгерту арқылы кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Коучинг жоспары

Мерзімі: 17. 11. 2016 Коучтар: Жадрасинов К. К.

Кабылова К. Т.

Тақырыбы: Желілік қоғамдастық қызметінің негізі

Сілтеме

МАН (59-61 беттер). https://www.youtube.com/watch?v=TxO4baZDK1g

https://www.youtube.com/watch?v=7rBV4rS9e_o

Мақсаты

Оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, тәжірибені өзгерту арқылы кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру.

Түйін


Педагогикалық дамуды қамтамасыз ететін кәсібиліктің нақты тәсілін түсінеді. Ұстаздардың жетекші топтарында және желілік қауымдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Мұғалімдер педагогикалық тәжірибені жақсарту шараларын қабылдайды.

Күтілетін нәтиже

Мұғалім өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен

және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Әріптестермен тәжірибе алмасу арқылы мектеп мұғалімдері педагогикалық тәжірибесін жақсартады.

Қолданылатын ресурстар

Постер, маркер, стикерлер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, бейнежазбалар.

Оқу әдістері

Топтық жұмыс. Зерттеу.

Коучингке

қатысушылар

Мектеп координаторлары, деңгейлік бағдарламалар бойынша оқыған мұғалімдер.

Коучингтегі топ саны

2 топ.

Жұмыс барысы

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс әрекеті

1-әрекет.

8 мин

Психологиялық ахуалды қалыптастырады.

1. Танысу: Бірінші адам өз атын айтады, екінші адам бірінші адамның және өзінің атын айтады т. с. с.

2. «Құбыр» ойыны.

Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ұсынылған тренингтерге қатысады.

2-әрекет


3 мин

«Мозаика» арқылы топтарға бөлу.


Топтарға бөлінеді.

Рөлдерді бөліп алады.

3-әрекет

4 мин

Бейнежазба «Природные сообщества»

Бейнежазба көреді.

4-әрекет


10 мин

Өз топтарыңда желілік қоғамдастық моделін құрыңдар.

Мұғалімдер желілік қоғамдастық тақырыбын анықтайды, қызметін жоспарлайды (1аптаға).

5-әрекет


5 мин

Модельдерін қорғау.

Әр топ өз моделін қорғайды.

6-әрекет


6 мин

Бейнежазба. «Желілік қоғамдастық-педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру құралы».

Бейнежазба көреді.

7-әрекет

6 мин

Желілік қоғамдастық қызметін ұйымдастыру критерийлері.

Мұғалімдердің зерттеу жұмысы.

8-әрекет

5 мин

Критерийлерді қорғау.

Әр топ өз критерийлерін қорғайды

9-әрекет

3 мин

1. Не сәтті болды?

2. Не сәтсіз болды?

3. Не ұсынамын?

Кері байланыс парағын толтырады.










Қоғамдастық құру жөніндегі қысқаша нұсқаулық


1. Бұқаралық ақпарат құралдары (вебсайттар, жарнамалық аңдатпалар, ақпараттық бюллетеньдер, хабарландыру тақталары) маңызды рөл атқарады, бірақ олардың көпшілігі, әсіресе, бастапқы кезеңде диалог орнатуға арналған уақыт пен кеңістікке тәуелді келеді.

Диалогті:

жергілікті тұрғындар;

топтарды конференцияларға тарту (оның ішінде бірлескен сапарлар);

оқыту мақсатындағы сапарды ұйымдастыру;

түскі семинарлар;

әріптестермен (әріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастыру/өткізу арқылы құруға болады.

Бұл орайда біліктілікті арттырудан өту күндерін белгілеу арқылы аталған шараларды қызметкерлер мен директор арасындағы кездесулер сияқты шаралардың орнына өткізуге болады.

Басқа ұсыныстар:

электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынталандыру;

телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру;

бейнеконференцияларды кеңінен пайдалану.

Егер Сіз жаңа коммуникациялық жүйе құрумен айналысып жүрсеңіз, оны кері байланыс тізбектері түрінде құруға тырысыңыз. Егер жүйеде жауап беру тетігі болса, Сіз хабарламаларды жақсырақ қарап, оларды бағалап отыруға мүмкіндік аласыз.

Кейбір идеялар мен үдерістер өте күрделі болып келеді. Модельдер мен графикалық кескіндерді жасау арқылы Сізде ақпаратты түсінікті, қолдануға ыңғайлы тұрде ұсынуға, идеяларды зерделеуге және қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік туады.

2. Тексерістер мен бастапқы іс-шаралардың да пайдасы бар.

Олар неден бастау қажеттігін нақты тұжырымдап, кейін қандай жетістікке жететінімізді айқындауға көмектеседі. Қандай сәттер маңызды әрі мағыналы екендігін анықтап алып, оларға тексеру жүргізіңіз. Сіз үшін ненің құнды екенін айқындаңыз.

Басқа ұсыныстар:

бұқаралық оқу топтары;

тұрақты түрде өткізілетін таныстырылымдар, ынталандырушы семинарлар;

зерттеу жүргізу айлары;

бірлесіп оқу күндері;

бір-бірінің мектебіне барып таныстырылым өткізу;

сауалнама нәтижелері бойынша есеп жазу кезінде қолдау көрсету, мысалы, бірлескен жазбаша семинарлар.

Нәтижелер мен бастапқы деректердің сапасы желі ішінде және желіден тыс та сенімділік болып, орнықты дамуда маңызды рөл атқарады. Нәтижелерді бағалаңыз, бірақ олар бойынша дау туған жағдайда жауап беруге дайын болып, сапасын бақылау мақсатында бұл мәселеге терең ойланып қараңыз. Ынтымақтастық реттеудің тиімді стратегиясы болып табылады.

Басқарушы топ немесе мектеп директорының тобына арнап редакциялау рөлін енгізіңіз.

3. Қоғамдастықтар үшін қатысушының пікірі бағаланатын іс-шаралар пайдалы болмақ.

Әртүрлі топтар құру мақсатында бізге түрлі әдістер арқылы адамдарды біріктіру қажет. Шағын топтардың көзқарастары, «ақсүйектік әдеттері» қоғамдастықтың сенімділігін тез арада жоюы мүмкін.

Бастапқы кезеңде қоғамдастықтан шет жүрген, алайда қоғамдастық үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды бола алатын және осы қоғамдастықта болғаннан пайда алуы мүмкін адамдарды анықтаңыз. Оларды барлық жағдайлар туралы хабардар етіп отырыңыз. Оларды іс-шаралар мен кездесулерге шақырыңыз.

Оларға қоғамдастық жөніндегі есептерді және басқа нәтижелерді жіберіп отырыңыз.

Қоғамдастыққа жетекшілік етумен қатар, демеушілік көмек қажет. Мектеп директорларына қоғамдастықтың белсенді мүшелері болуы міндетті емес, бірақ олар осы қоғамдастықты табысқа жеткізуде шешуші рөл атқарады. Олардың қоғамдастық туралы басынан бастап бәрін білетіндігіне көз жеткізіңіз. Оларды осы үдеріске тартудың әртүрлі тәсілдерін табыңыз.

Қоғамдастықта орнатқыңыз келетін мінез-құлық моделін құрыңыз. Тәуекелге бел буыңыз. Сауал жүргізіңіз. Өз жолыңыздағы қиындықтарды алдын ала жойыңыз. Бір-бірлеріңізбен алғашқы рет жұмыс істеп тұрсаңыздар, ақшалай қаражат туралы және кім немен айналысатыны туралы диалог жүргізу қиындық туғызады. Бұл мәселелерді әуел бастан анықтап алмасаңыздар, кейіннен бұның салдарынан бірталай әуре-сарсаң көрулеріңіз әбден мүмкін.

Коучинг – әртүрлі адамдарды бірге қосудың оңтайлы тәсілі. Оқыту мен оқу мәселелеріне арналған коучинг тұтас бөлімдер мен мектептерді қамтуы мүмкін. Көшбасшылық коучинг стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Бұл қарым-қатынастар тиімді болуы үшін ерікті болып, қандай да болмасын иерархияның орын алуына жол бермеу керек.

4. Сіз атқара алатын аса маңызды міндеттердің бірі Мектепті дамыту жоспарына сәйкес қоғамдастықтың іс-шараларын өткізу кезінде мектептерге қолдау көрсету болып табылады.

Осыдан кейін ресурстарды бөлу және қоғамдастыққа қатысуға шақыру анағұрлым жеңіл болады.

Ұсыныстар:

қоғамдастықтың көмегімен бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемаларды шешуге, сондай-ақ жаңа идеялармен алмасуға тырысыңыз;

автоматты түрде қосымша ресурс іздей бастаудың орнына, қолда бар ресурстарды қайта бөліңіз;

мектеп атынан белгілі бір мәселе төңірегіне шоғырландыру үшін қоғамдастық ішінде зерттеу топтарын құрыңыз;

қатысушылардың кәсіптік даму мен оқу туралы пікір білдіруін қолдап, марапаттаңыз –коучинг пен бірлескен зерттеулерді ынталандырыңыз;

қоғамдастықтың қызметін жоғары оқу орнында аккредиттеу жөнінде келісіңіз.

Есте сақтаңыз:

Тәуелділіктің туындауынан алшақ болыңыз. Қоғамдастық ішінде көшбасшылық рөлін бөліңіз.

Іс-шараның немесе кездесудің алдында өзіңізге «осының бәрі болуы ықтимал – егер мен бармай қалсам, бұл өрескел болмай ма?» деп сұрақ қойыңыз. Егер Сіздің жауабыңыз «жоқ» болса, мүмкін Сіздің бірлескен іске қосып жүрген үлесіңіз жеткіліксіз шығар.

Конференцияларда тұсаукесер өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялау арқылы көпшілік қауымды жетістік туралы хабардар ету керек. Бұл басқа адамдардың қатысуға ниет білдіруіне түрткі болады.

Әрбір іс-шара, кездесу мен есеп оқу үдерісіне шоғырлануы тиіс. Өткен материалды қайталау мақсатында «Біз білім алдық па? Біз не үйрендік?» деген сұрақтар ұдайы қойылуға тиіс. Егер іс-шара оқуға бағытталмаса, оған уақыт жұмсаудың не қажеті бар?

Бүкіл адамдар бәріне қызығушылық таныта бермейді, бірақ көптеген адамдардың бір нәрсені білгілері келеді. Әріптестеріңізге бірқатар мүмкіндік берсеңіз, неге қатысу керек екендігін олар өздері таңдап алады.

Қандай да болмасын жобаны ешқашанда бір ғана мұғаліммен бастамаңыз. Қоғамдастық ресурсының қаражатын бірлескен жобаларға ғана жұмсаңыз.

Қоғамдастыққа тартылған мектептер арасында бірлескен тағайындаулар жасаңыз. Оларды қолдаусыз қалдырмау үшін, екі немесе үш жылға шарт жасаңыз. Қаржы мәселесі түбегейлі шешілген ағымдағы кезеңдердің шегінен тыс шығатын жобаларға қаражат бөліңіз.














Кері байланыс парағы

17.11.2016 жыл


Мұғалімнің аты-жөні: ______________________________________________

Мектебі: __________________________________________________________

1. Не сәтті болды?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

2. Не сәтсіз болды ?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Не ұсынамын?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________





Кері байланыс парағы

17.11.2016 жыл


Мұғалімнің аты-жөні: ______________________________________________

Мектебі: __________________________________________________________

1. Не сәтті болды?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

2. Не сәтсіз болды ?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Не ұсынамын?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.06.2018
933
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі