Тақырып бойынша 11 материал табылды

Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерелісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқылбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Оқушыларға осы қайраткелердің өмір жолдарымен таныстырылды.Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қайратқа жала жабылғандығы туралы көрініс көрсетті. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі








Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы


Сыныбы: 5 «В»

Сынып жетекшісі: Ағатаева Марзия
















2016 – 2017 оқу жылы


1 – жүргізуші: Қасиетті Қазақстан, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер - білім өркенім.

Қазақстан, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені, киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді ерлігі.

2 – жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы!

Биыл 2016 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 30 жыл болды.Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған «Желтоқсанның мұзда жанған алауы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 – жүргізуші: Біз егеменді ел атанғанымызша халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

Видео көрсетіледі.

2 – жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.

1 жүргізуші: Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерелісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рұсқылбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Ән:

2 – жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды-ау жанын батпан күн!

1 – жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп, жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

2 – жүргізуші: Көрініс:

Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
- Қыздар, мен газет әкелдім. 
- Не жаңалық шығыпты? 
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. 
- Колбин деген кім екен? 
- Қайдан келіпті? 
- Колбин Ульяновтан келіпті. 
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! 
- Біз демократияны талап етеміз. 
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік! 

Қайратты тұтқындағаннан кейінгі оқиға

Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. 
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе? 
Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін? 
Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? 
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? 
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой. 
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала. 
Тергеуші: Көрсетем саған өтірікті! Жала дейді ғой! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп  мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен  Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз.  Әйтпесе әкеңді де… 
Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін. 
Тергеуші: Рыскулбеков, сен ақымақ болма,  «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық? 
Қайрат:  Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек?  Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.  
Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!  
Қайрат: 
Тоқта! Айтар сөзім бар. 
Күнәдан таза басым бар, 
Жиырма бірде жасым бар. 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар. 
Алам десең алыңдар. 
Қайрат деген атым бар,  
Қазақ деген затым бар. 
«Еркек тоқты – құрбандық», 
Атам десең атыңдар. 
(Қайратты кісендеп алып кетеді.) 

1 – жүргізуші: Бұлдыр бұлдыр,бұлдыр күн,

Қан жылатқан құрғыр күн!

Медет болған алладан,

Тұнжыраған тұлдыр күн,

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім,

Сабира апат болған күн!

2 – жүргізуші: Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

1 – жүргізуші: Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады

Ән:


2 – жүргізуші: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құбандары жеткілік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн

1 – жүргізуші: Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол — Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды.

2 – жүргізуші: Би:

1 – жүргізуші: Топталмасын деп қазақтың кек ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Топты бастап шыққан Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға небәрі,

Қаһарман қыз, ғажап қыз,

Ұрандайды Ләззат қыз

Жасқанбаған жауынан

Біз қазақпыз, қазақпыз!

1 – жүргізуші: Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлығынан қаза тапқан.

Ән: Атамекен

2 – жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз

1 – жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын, 
Сәбилер ағалардың жолын қусын. 
1минут үнсіздікпен еске алайық, 
Аруақ ағалардың ырза болсын. 
2 - жүргізуші: Құрбан болған жастарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1 – жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы – мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Құрбан болған ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгі сақталады. Көтеріліске шыққан жастар рухы-тәуелсіздіктің киесі.

Ән: Желтоқсан желі

2 - жүргізуші: Аңсап халық көп күткен,

Егеменді ел болдық.

Көңіл күйі тоқжұртпен

Тереземіз тең болдық.

1 – жүргізуші: Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан,

Тәуелсіздік туған күн!

2 – жүргізуші: Міне, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.



1 – жүргізуші: Талай жандар қанын төкті сол қыста,

Тәуелсіздік жолындағы тартыста.

Қазақстан дархан батыр елімсің

Егемендік туын биік нық ұста!

2 – жүргізуші: Арайлаған таңдарым жайнап атты,

Күлімсіреп алтын күн белден асты.

Ата – баба аңсаған тәуелсіздік

Жиырма бес жыл бейбітшілік нұрын шашты

2 – жүргізуші: Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.

1 – жүргізуші: Әдеби монтаж

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Бұны бізге аяп ешкім бермеді.

Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

Ақталды боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашанда ақталады.

Ел үшін жанын қиған асыл жандар,

Ел есінде мәңгілік сақталады.

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Жасай берсін ұлы күн

Үміті боп елінің

Ақ күні боп баланың

Шаттығы боп шалдардың.


Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.


Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!


Міне, бүгін 25 жыл тәуелсіздік,

Біз бұрын орыстарға тәуелді едік.

Тәуелсіздік - бабалардың ұраны ғой,

Бей уақытта бойға таққан тұмары ғой.





Тәуелсіздік – алдық бүгін аңсаған,

Күтті мұны қазақ елі, барша адам.

Барлық халық тату тәтті тұрамыз,

« Қазағым тек жаса » - деп, мен ән салам.


Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.

Еркіндіктің желбіретер көк туын,

Біз жастармыз болашағы қазақтың.


Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.


Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар алаңға Отан үшін
Қарсы аққан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсінеміз, ұғамыз
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Би: ___________________________________________________

2 – жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

1 – жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны! 

1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын! 

2 – жүргізуші: Бүгін сенің туған күнің

Қайта келмес желтоқсан

Көркейе бер жайнай бер

Жасай бер, енді Қазақстан!

1 – жүргізуші: 16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп ел жадында қалған күн,

Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,

Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.

Хор: Көк Тудың желбірегені

2 – жүргізуші : Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге  даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 – жүргізуші:Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.

Тарылмасын терең алған тынысың

Бұдан алған күндеріміз құрсын,

Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.

2 – жүргізуші:Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденіп, жасай берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Қ.Р тәуелсіздігі мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2018
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12