«Жаңғызтөбе орта мектеп- балабақша кешені» КММ

Өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:
Жумабаева Эльмира Серникказыевна
2017-2018 оқу жылы
«Желтоқсан жаңғырығы» Тәуелсіздік күніне арналған кеш
Мақсаты : Оқушылардың бойына елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі : Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер, слайд, видео
Барысы :
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны, - дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады. Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады. Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.
Камила.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса
да ел , жел ұмытпас,
Ел үшін жанын
қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі,
- Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, Қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды, Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан жаңғырығы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Нұрай.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып,
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?
Аңсар:
Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
Мақсат:
Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.
Назерке.
Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны, құрып барады емес пе?
Алишер:
Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
Малика:
Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Эльвира
Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
( Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады. - Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз. (Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Сол Мадияр Бар болғаны осы еді «қылмысыз»
Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз
Дильназ
Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Ақ-қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін
Камила:
Өрттей лаулаған жастар күші дауылға айналды. Бір кезде жендеттер қатыгездікпен қыздарды ұрып, шаштарынан сүйрей бастады. Оны көрген жігіттер қыздарды арашаламақ болып, милиционерлерге ұмтылды. Осы қақтығыста Савицкий жарақат алып ауруханада көз жұмды.
Нұрай: Алаңнан жастармен бірге қайтып, жатақхана бөлмесінде алаңсыз отырған Қайратты милиционерлер келіп, ұстап түрмеге әкетеді
Енді Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қ. Рысқұловтың сол кездегі өмірін назарларыңызға ұсынамыз
Нұрлан (милиционер рөлінде ) Әй, тоқтат қане сөзіңді, атып тастайық па өзіңді?
Қайрат:
Қасиетің ана тілім аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім
Сен болмасаң Ұлы Абай ақын болып
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
Милиционер: Тоқтат дедік қой саған! Тоқтат! Көрерміз сенің қалай сайрағаныңды! Семейдің түрмесінде сайрайсың әлі жақсылап. Жүр қане, бол тез (Сүйрелеп қайратты алып кетеді)
1ж. Камила : Қайратты Семей түрмесіне апарып қамайды. Қарсыласқаны үшін ұрып, соғып, намысына тиіп, қорлап балағаттайды. Қайрат қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай дщемі шыққанша тура жолдан таймайды. (Қайрат камерада жалғыз . үй ішіне бауырларына хат жолдап отыр.) Қайраттың өлеңі:
Әкетай- ау пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз мекілді асылдар,
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды ау біз секілді масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым
Қолда кісен, мен айдауға барамын
Қайғы кешіп, азап тартқан ағаңды
Айтшы жаным, қандай жанғаибаладың.....
Осы кезде тергеушінің; айыпкерді әкеліңдер!- деген даусы естілді.
Милиционер : Камерадағы Қайраттың қолына кісен салып алып келеді. (қайраттың өн бойында сау жері жоқ, ұрып соққан)
1тергеуші. Әй, оңбаған! Декабрист! Сені қрып соғу аз. Сені ату керек.
2 тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт. Савицкийді өлтірдің бе?
Қайрат:
Қаймана қазақ қамы үшін, қараусыз шықтық алаңға,
Алыстан әскер алдырып, қырып салды ау табанда
Сөйлесем даусым жетпейді, кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой, басты себеп жанжалға
(түрме іші. Қайрат өлең жазып отыр) «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады. Ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! –( деген Қайраттың дауысы естілді)
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!
Тергеушілер кіреді: (Ана ортадан ақырындап кетеді )Үстелге жайғасып отырғаннан кейін, милиционерлерге: айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер! -Дейді. Камерада отырған Қайратты қолына кісен салып алып келеді
1т: Әй, Рысқұлбеков, жандарыңды баға алмай жүріпереуіл сендердің не теңдерің!? Нашақорлар! Сендер неге ереуілге шығасыңдар? Қазақтар еркіндік алып, еркінсімексіңдер ме, аласыңдар еркіндікті, өңшең ақымақтар! Әлі сендерді түрмеде шірітеміз! Бәрің түрмеде шірисіңдер, естимісің сен, Қайрат Рысқұлбеков!
2 т: Өй, оңбаған! Рысқұлбеков. Еркіндік деп ереуілге шығасыңдар ә? Өй өңшең ақымақ!
1т: Айыпкер Рысқұлбеков! Савицкийді өлтірген сен бе, мойында!
Қайрат: Бұларың қып қызыл қиянат қой, мен ешкімді де өлтірген жоқпын. Әрине, қазақ халқында намысқой, өжет, ержүрек ұлдары мен қыздары көп ақ. Біз еліміздің тәуелсіз ел болатынына сенеміз. Әлі ақ қазақ елін жер жүзі танитын болады. Қазақ тілі анамыздың тілі- мемлекеттік тіл болады. Жоқ, мен өлтірмедім. Мен жаламен кетіп бара жатырмын.
Хатшы қыз. Соткелді орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот үкімі: Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60- бабы бойынша 3 жыл және 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылсын. Қылмыстық кодексінің 173 бабы бойынша, жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына кесілсін
1т: Айыпкер Рысқұлбеков , ақтық сөзің не? (Қайрат әдбен шаршаған, ауыр халде біраз есін жинап былай дейді)
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар! (залдан екі милиционер Қайратты алып кетеді)
1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірнсіз тағайындалған еді ғой.
2- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып Қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
1-оқушы Эльвира: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2-оқушы Аяулым : Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы Нұрай: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
4-оқушы Мейрам: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар! - Ия, бұл жазықсыз құрбан болған Қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
1Ж. Еліміздің мемлекеттік Тәуелсіздігі 1991жылдың 16 желтоқсанында жер жаһанға жария етілді.
Оқушылардың өлеңдері оқылады
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2- жүргізуші: «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!
1жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.
Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық
үнсіздік жарияланады.
Осыдан кейін
барлық оқушылар, қатысушылар «Менің Қазақстаным» әнін
орындайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Желтоқсан жаңғырығы

шағым қалдыра аласыз