жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жеміс бағында
|
Мерзімі: |
Тәрбиеші: |
Әдіскер: |
|
4.11.2019ж |
Артығалиева Н.Б |
Кумискалиева.М.Т |
Апталық тақырып: «Өзім туралы»
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Мен өзім туралы не білемін»
Мақсаты:өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін
кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың
атқаратын қызметі туралы түсініп,
айтып беруге үйрету
Әдіс-тәсілдері:Сұрақ,жауаптар.
Керекті құралдар: дене мүшелерінің суреттері
Билингвальді компонент: Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога,т.б.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
|
Мотивцилық қозғаушы |
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қол алысып кәне біз, Достасайық бәріміз! Айтарым бар сендерге Тез тұрыңдар шеңберге. Шаттық шеңбері: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз Сәлемет пе! Міне мен! Доспын енді сенімен. Балаларды шеңбер бойында тұрғанда сұрақтар қойылып әңгіме жүргізіледі. Кімнің жанында кім тұрғанын сұрау, ұл немесе қыз екендерін айту. -Сәлеметсіздер ме!
|
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимыл қозғалыстарды орындайды. Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді |
|
|
Іздену ұйымдастыру |
- Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?Бүгін біз өзіміз және өзіміздің дене мүшелеріміз туралы толықтай ақпарат аламыз. - Балалар, алдарында тұрған айнаны алыңдар, не байқадыңдар? Кімді көрдіңдер? - Ал, енді бастарыңды алдыға, артқа, оңға, солға қозғалтып көріңдерші, қозғала ма? - Демек, басты не қозғалтып тұр? - Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен. - Саусақ қайда орналасқан? - Ал қолымыз қайда орналасқан? - Аяқ адамға не үшін керек? -Бас, қол, аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен? -Мен Сергіту сәті. -Кәне, көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар. -Ал енді көздеріңді ашыңдар да, үстелдің үстінде жатқан заттарды атап беріңдерші? - Оны қалай білдіңдер? - Демек, көз, балалар, көру үшін керек екен. -Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып бересіңдер (педагог өлең шумақтарын оқып береді). - Не себепті естімей қалдыңдар? - Демек, құлақтың қызметі қандай екен? - Жарайсыңдар балалар |
- Білеміз. - Бар. - Өзімізді көрдік Балалар бастарын қозғалтып, қозғалатындығын айтады. - Мойын қозғалтады. Балалар қолдарын жоғарыға созып, допты қағып алатындай қимыл жасайды. - Саусақтар қажет. - Қолымызда. - Денемізде. -Аяқ жүру үшін, жүгіру үшін, отырып- тұру үшін керек. - Адамның дене мүшелері |
|
|
Рефлекциялық түзетушілік |
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін қажет екендігін сұрап қорытындылайды |
- Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып береді |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: адамның дене
Меңгереді өз денемүшелерінің (бас, мойын,қол, аяқ, көз,құлақ) атқаратын қызметін біледі.
Нені меңгерді:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген