жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жеміс-жидектер пайдасы"
|
|
|
|
Күні |
Қазақ тілі 8-сынып |
|
Сабақтың тақырыбы |
Себеп бағыныңқы сабақтас |
|
Жалпы мақсаты |
Себеп бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сөйлемінің жасалу жолдарын түсінуі тиіс; Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқа түрінен ажырата білуі тиіс; Себеп- салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастығын,ерекшелігін ажырата алу,сөйлем ішінен ажырату |
|
Күтілетін нәтиже |
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын меңгереді. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің басқа түрінен ажырата біледі. Себеп- салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастығын, ерекшелігін ажырата алады, сөйлем ішінен ажырата алады. Оқушылардың білім сапасын - 47%-ға, оқу үлгерімін – 95%-ға, орта балын – 3,5-ке жеткізу. |
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Плакат,үлестірмелі қосымша материалдар,интерактивті тақта, сызба кесте, бағалау парақшалары. |
|
Түрі |
Топтық ізденіс сабағы |
|
Әдісі |
Блум әдісі |
|
Сабақтың кезеңдері |
Уақы- ты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқыту үшін бағалау |
||||||||||||
|
Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын орнату |
3 мин. |
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, топқа бөлу. Бағалау парақшаларын тарату |
Жарты шеңберге тұрып «Әсем әдемі»тренингтік ойыны. |
|
||||||||||||
|
Білу Ашық сұрақтар (Кім? Не? Қашан? Не?Қашан? |
5мин. |
Құрмалас сөйлем дегеніміз не ? Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді ? Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не ? Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді ?
|
|
|
||||||||||||
|
Түсіну(Неге?Не- ліктен? Не үшін? |
8мин. |
Берілген себеп бағыныңқылы сабақтасты бағыныңқы сыңар баяндауының тұлғасы бойынша кестеге толтырыңдар. 1. Үйдің іші қараңғы болғандықтан, мен отырғандарды жыға тани алмадым. 2. Айым өз жұмысымен айналысып кеткен соң, Айнұр да өз үйіне қарай аяңдады. 3. Өзін-өзі тежей алмай, тағы бір-екі жемісті алып жеді. 4. Енді жиналмасам да болады деп, арқасын кеңге салды. 5. Шебер қимылдағаны үшін, бұл дивизия атқыштар дивизиясы болып атанды.
|
Бағыныңқы сыңар баяндауыш формаларын ажыратып Кестені толтырады. |
Өзара бағалау |
||||||||||||
|
Қолдану (Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс)
|
10мин. |
193-жаттығу.Кестені толтырыңдар.
195-жаттығу.Төмендегі мәтіндерден құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.себеп бағыныңқылы сабақтастардың қалай жасалғанын түсіндіріңдер. |
Тапсырманы орындайды. |
Өзара бағалау |
||||||||||||
|
Сергіту сәті |
2 мин |
«Қамажай» |
Жаттығу жасау |
|
||||||||||||
|
Талдау(Салыстыр, айырмашылығы неде?) |
5мин |
Венн диаграммасы арқылы себеп-салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтастың ерекшелігі мен ұқсастығын көрсет.Постер қорғау
|
Әр топ тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. |
Өзара бағалау |
||||||||||||
|
Жинақтау(Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)
|
5мин. |
Алынған ақпарат негізінде яғни, себеп бағыныңқы сабақтастан алған мәлімет негізінде қорытынды жасау, жүйелеу. Балама тест. 1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы тиянақты бола ма ? а)ия ә) жоқ 2. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланысады ма ? а)ия ә) жоқ 3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма ? а)ия ә) жоқ 4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тең дәрежеде байланысады ма ? а)ия ә) жоқ 5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары шылаулар арқылы байланысады ма ? а)ия ә) жоқ Семантикалық карта.
|
Топ болып берілген тапсырманы орын дайды. |
Өзін-өзі бағалау |
||||||||||||
|
Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) |
7мин |
Себеп бағыныңқы сабақтасты қатыстырып, «Анам-ардақтым» тақырыбында ойтолғау жаз. |
Тапсырма жеке орындалады |
Мұғалім бағалайды |
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
«Жамбыл орта мектебі» ММ
Тақырып:

( ашық сабақ, 8 сынып)
Өткізген: Қуанышова Д.О
2017-2018оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген