Сенсорлық
тәрбие
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
дүкені.
Мақсаты: Балалардың жеміс т ер мен
көкөністер жайлы білімін, геометриялық пішіндерді: үшбұрыш,
төртбұрыш, дөңгелекті атай білу, үлкен, кіші ұғымын түсіну,
жоғарыда, төмендегі затты атай білу, түстерді ажыратып атауға
дағдыландыру, тілдерін, ойларын дамыту, ойыншықтарды атай білуге
үйрету.
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, көрсету, айтқызу,
ойын.
Көрнекті құрал: жемістер(алма,
алмұрт, жүзім, банан), көкөністер(пияз, сәбіз, картоп, қызылша,
орамжапырақ), сөрелер, 2 шелек, себет, геометриялық
пішіндер,
ойыншықтар.
Барысы: Қонақтармен
сәлемдесу.
Ойыншықтар дүкенінен әкелген
ойыншықтарды еске түсіру.
-Мынау қандай
ойыншықтар?
-Қоян, доп, ит, машина, аю,
қуыршақ. Қоянның түсі ақ, оның денесі, аяқтары, басы, денесі, ұзын
құлақтары бар. Ит- үй жануары, оның түсі қара, ол үйді
қарауылдайды. Бұл- аю, ол орманда өмір сүреді. Аю балды жақсы
көреді.Енді қоян жайлы тақпақ айтып
беріңдерші.
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды
Ойлы-қырлы
жерлермен
Ытқып-ытқып
жүгірді.
Енді осы ойыншықтармен «Қай
ойыншық жоқ» ойынын ойнайық.
Ойынды ойнау.«Түн » дегенде
көздерін жұмады, «Күн» дегенде көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ
екенін табады.
-Бүгін біз сендермен «Жемістер
мен көкөністер» дүкеніне барамыз. Біздің топтағы заттарды,
ойыншықтарды, орындық, үстелдердің барлығын дүкеннен сатып алады.
Бір нәрсе сатып алу үшін теңге керек екен. Теңге орнына мен
сендерге геометриялық пішіндерді
беремін.
-Қандай пішіндер бар екен?
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш. Түстерін атап,
балаларға таратып беру.
-Менде үлкен піщіндер,
сендерде кіші пішіндер бар. Осы пішіндермен «Ұқсасын көрсет» ойынын
ойнайық. Үлкен үшбұрыш көрсеткенде сендер де кіші үшбұрыш
көрсетесіңдер, түсін айтасыңдар.
Ойынды ойнап, дүкенге бару.
«Жемістер мен көкөністер» дүкені.Дүкенде
алма,
алмұрт,
жүзім,банан,сәбіз,картоп,пияз,қызылша
бар.
-Мен сатушы боламын, сендер
сатып алушыларсыңдар.
-Ал Нияз,сен не алағың келеді?
Алманың түсі,дәмі қандай?
-Алманың түсі қызыл,дәмі
тәтті.
-Алмұрт, жүзім
ше?
-Алмұрт-жасыл түсті,
дәмі-тәтті.
- Жанар, не сатып
аласың?(пияз,сәбіз, картоп). Оларды тамаққа
қосады.
-Ал енді жоғарғы сөреде нелер
тұр? (алмалар), төменде не тұр?
Жүзімдер.
-Жарайсыңдар, дұрыс
айттыңдар.
-Енді сендер оларды алу үшін
сатушыға теңге берулерің керек. Геометриялық пішіндерді бере
қойыңдар. Себеттегі жемістер, көкөністерді алып, орнымызға
отырайық. Балалар орындарына
отырады.
«Жемістер жырын» балалар айтып
береді.
Мен алмамын,
алмамын,
Таңдай қағар бар
дәмім.
Мен жүзіммін,
жүзіммін,
Моншақ боолып
тізілдім.
Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Дастарханға
көрікпін.
-Енді «Жемістер мен
көкөністерді тасу» ойынын ойнаймыз
2 топқа бөлініп, жемістер мен
көкөністерді бір себеттен екінші себетке тасу. Жеңіске жеткен
балаларды мадақтау.
Қорытынды: Бүгінгі оқу іс-
әрекетінде не істегенімізді сұрап, балаларды
мадақтау.