Жемқорлық – ғасыр дерті
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл кесапат кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр. Сондай-ақ, ол тек құзырлы мекемелердiң ғана мiндетiне жатпайды. Онымен бүкiл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижеге жетуге болады. Жемқорлықпен күрес жөнiндегi нақты әрi кешендi шараларды жүргiзу мәлiметтермен алмасу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiнiң алдын алу үшiн бiрлескен түрде жұмыс iстеу, насихат жұмысына ден қойып, баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болу өз нәтижесiн бермек.
Пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастырылса қауіптің алды алынар еді.
Қазіргі ұрпақ - болашақтың іргетасын құрайтын, ел сенімін ақтайтын келешек азаматтарымыз. Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбектенуден шаршамайтын, бойында жақсы қасиеттері көп қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасынан қалыптасса жақсы болар еді. Мектеп қабырғасында білім ала жүріп, жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиеленсе ұстаздың да ата-ананың да еңбегінің ақталғаны. Баланың рухани жетілуі үшін, оған рухани саналықты меңгерту, рухани дүние танымын қалыптастыру қажет. Сонымен қатар балаларды өмірде дұрыс жол таңдауға, адами құндылықтарға жат ақпараттарды ажырата білуіне үйрету, өмірдегі орнын, өз тағдырын, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықты сезіндіруі қажет.
Ұлт болашағы үшін ұрпағымыздың саналы түрде адал болып, жат қылықтардан аулақ болуы үшін тәрбиені өзімізден бастауымыз керек. Әрбір ата-ана өз шаңырағында баласына, ұлық болсаң кішік бол, күшіңе емес, адал ісіңе сен деген тәлім-тәрбие беріп және баланың бойына сіңіріп отырса, тәрбиелі ұрпақ қалыптасады деп нық сеніммен айтуға болады. Міне, сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біраз нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Қорытындылай келе, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның әр азаматтың ісі екендігін түсінуі керек. Сондықтан да әр баланы жастайынан Отанға деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, адалдыққа тәрбиелеу керек. Нақ осы тәрбие мен білім беру – адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруына негіз болары сөзсіз.
Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.
Мемлекеттердің зайырлы, дамыған елдердің қатарына ену үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсуіміз қажет. Құқық бұзушылыққа, жемқорлыққа тосқауыл қою баршамыздың парызымыз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Олай болса қоғам, оның әр мүшесі болып жемқорлықпен ашық күрес жүргізуіміз керек. Елбасының бүгінгі таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы.
Азаматова Сайран Хабибуллақызы,
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы,
№50 жалпы орта білім беретін
мектебінің мұғалімі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жемқорлық - ғасыр дерті

шағым қалдыра аласыз