Жемқорлық ғасыр дерті

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жемқорлық ғасыр дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
Жемқорлық туралы статистикалық мәліметтер және Қазақстандағы жемқорлық мәселесі, жемқорлықпен күрескен Әлем
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жемқорлық -ғасыр дерті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу- Қазақстанның бүгінгі күнгі ең өзекті мәселесіне айналды. Қ.Р мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі- сыбайлас жемқорлықпен күресу. Себебі сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси, қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, билікке деген сенімсіздік тудырады.

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы вируспен күресуден кем түспейді. Әлемде жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді бірегей жинағы жоқ екен... Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикасына ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағына, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес,  азаматтық және қоғамдық ұйымдар белсенділік танытулары қажет екен.

XX ғасырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа моделін енгізген мемлекеттердің бірі - Сингапур. Мәселен, 1965 жылы тәуелсіздігін алған Сингапурде парақорлық өршіп тұрған. Кез-келген мәселе пара беру арқылы ғана шешіліп отырған. Осының барлығына аталған елді бірнеше жыл басқарған Ли Куан Ю нүкте қойды. Қазір Сингапур әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің үздік ондығына кіреді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күресті Дания, Швеция, Канада, Финляндия, Норвегия, Исландия, Жапония, Германия, Израиль сынды мемлекеттер табысты жүргізіп келеді.

2023 сыбайлас жемқорлық аз елдер рейтингінде Қазақстан тізімнің соңғы жағында: 87 мемлекеттің ішінде 75 орында тұр.

US News мәліметінше, ТМД елдері арасында сыбайлас жемқорлық бойынша Қазақстан Ресей мен Беларусьтен ғана алда. Өзбекстан, Әзірбайжан және Украинада Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз. Сыбайлас жемқорлық ең аз елдер: Швейцария, Канада, Швеция, Аустралия және Нидерланд, ал Ресей – тізімнің соңында.

Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы қорытындысы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 1,2 мың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 17,7% аз көрсеткіш. Оның ішінде 855 іс – ауыр қылмыс, 283 іс – орташа ауыр қылмысқа, 43 іс – аса ауыр қылмыс, 41 іс – ауыр емес қылмыс.

Қылмыстың басым бөлігі, яғни 460 іс пара беруге қатысты. Былтыр бұл көрсеткіш – 417 болған. Екінші орында пара алу: 320 іс, яғни 20% азайған, ал үшінші орында  сыбайлас жемқорлық: 141 іс, яғни 44,9% азайған.

Берлинде орналасқан Transparency International ұйымы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері мемлекеттік сектордағы коррупцияны азайтуға қол жеткізе алмай отырғанын айтады. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің орташа балы - 35. Дания (88 балл) мен Жаңа Зеландия (87 балл) бастап тұр, олардан кейін Финляндия, Сингапур және Швеция (85 балл) орналасқан.

TI есебінде "іс жүзінде [Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның] барлық елдері 100 балдан 45 немесе одан да аз балл алды, коррупциямен күресте болмашы ғана прогресс бар. Саяси ерік-жігері жоқ, азаматтық институттары әлсіз және саяси бостандықтар шектелген қоғамда жемқорлықтың әлсіз қарсылыққа бой бермей, дендей береді" делінген.

"Қазіргі кезде Ресейден бастап Әзербайжанға дейін көптеген елдерде көбіне авторитарлық басқару кесірінен демократиялық институттар мен нормаларға қатер төніп тұр. Демократиясы әлсіз қоғамда коррупция өршиді...Билікте отырғандар демократияландыру мен тәуелсіз институттарды нығайтуға шынайы құлық танытпайды деп санайды зерттеу авторлары. Постсоветтік елдердің көбінде ықпалды тұлғалар мен топтар мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдауды бақылауына алып, сот әділеттігін айналып өтуге коррупцияны пайдаланады. Үкімет саяси коррупциямен күреске басымдық беретінін мәлімдегенімен, оны іске асыратын қадамдарға бармайды деп жазады Transparency International.

Қорыта айтсақ, Қазақстанда жемқорлықпен күрес соңғы жылдары айқын көріне бастады. Оның қарапайым көріністеріне келсек –жемқорлықпен айыпталғандарды түрмеге тоғыту, қаржысын тәркілеу, парамен ұстап беру,бейне камераларға түсіру т.б. Мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде “адалдық алаңы” жобасы бойынша іс шаралар, үгіт–насихаттар жүргізілуде. Алайда жоғарыда айтылғандай Transparency International ұйымының зерттеуінше жемқорлықпен күресте елімізде болмашы ғана прогресс бар. Оның негізгі себебі еліміздегі -демократияның әлсіздігі. Қазір көптеген ақпарат көздерінде жемқорлықпен қоғам болып, халық болып белсенді күресуіміз керек екені айтылады. Дұрыс-ақ, алайда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар жүргізуге міндетті» деп тайға таңба басқандай жазылған...

Тәрбие тал бесіктен” дегендей, кішкентай кезінен жемқорлыққа қарсы ойды баланың санасына сіңіру керек....

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2024
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі