Тәрбие сағатының тақырыбы :
Жемқорлық индет, жою
міндет
Тәрбие сағатының
мақсаты:
-
Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін
қалыптастыру; «жемқорлық деген не екенін
түсіндіру;
-
Өз
ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды;дүниетанымдары
кеңейеді;
-
Патриоттық тәрбие
қалыптасады;
Тәрбие сағатының
барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар
7-«Б» сыныбының «Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағатына
қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Біз бүгінде өркениетті
еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық
дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол
жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айтқанымызбен,
осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады-деген сауалға жауап
іздеп жүргеніміз шамалы.
Жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық деген
не?
Оқушы: «Сыбайлас жемқорлық» деген
«параға сатып алу», «пара» ретінде, «
соrruptio» деген латын сөзін алып,
анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire»
түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу,
зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген
де,құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме
сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды
адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде
сипаттайды
Оқушы: ҚР «Сыбыйлас –жемқорлықпен
күрес туралы»
Заңы сыбайлас-жемқорлыққа
келесідей анықтама береді. Ол: «...мем-лекеттік міндеттерді
орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңел-ген адамдар өздерінің
лауазымды құзыреттерін және онымен байла-нысты мүмкіншілікті немесе
өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен
қарастырылмаған мүліктік жайлы-лықты және артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және
артықшылықты оларға заң-сыз беруге осы адамдарды парамен сатып
алу».
Оқушы: 1989 жылы әлемнің дамыған 37
мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы
конвенцияга қол қойды
Оқушы: Қазақстан осы конвенцияға
қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес» туралы заң қабыл-дады.
Оқушы: Жемқорлық латынша сатып алу.
Мемлекеттік басқару құры-лымындаға лауазымды қызметкерлердің
өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының
пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға
қауіпті қылмыстық іс-әрекет-тері.
Оқушы: Жамандыққа тосқауылды
қояйық,
Пара алғанның жолы жабыққой
анық.
«Қазақстан-2050»- айқын
жол,
Күресейік жемқорлықты
жояйық.
Оқушы:
Әр ата-ана өнеге берсін
балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың
жанама.
Адалдыққа даналыққа
үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң
санада.
Оқушы:
Пара алғандар темір тордан әрі
асар,
Алса да оны мойындамай
санасар.
Беделі кетіп, қайыры қашып
ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп
жарасар.
Оқушы:
Қазақ елі байтақ болсын
десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге
көсеміз.
Сонда ғана жер гүлденер, ел
байып,
Сонда ғана шарықтаймыз,
өсеміз.
Оқушы:
Егеменді өсер елде тұрам
мен,
Білдіремін сезімімді
жыр-әнмен.
Жолыменен Елбасының
жүрейік,
«Жемқорлыққы жол жоқ»-деген
ұранмен.
Оқушы: 2001 жылы Мексикада БҰҰ-ның
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған
Дүниежүзілік конференция ашылды.
Оқушы: БҰҰ 2003 ж. 9 желтоқсан күнін
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп
жариялады.
Адамгершілік, әділеттілік
туралы мақал-мәтелдер.
1. Адамгершілік
болмай,
Әділдік
болмас.
2. Адамның ұяты
бетінде,
Адамгершілігі
ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш
сауап бар:
Шөлге құдық қазған бір
сауап,
Өзенге көпір салған бір
сауап,
Жолға ағаш еккен бір
сауап.
-
Адалдық- ардың
ісі.
-
Шындық жоқ жерде сұмдық
көп.
-
Адамның әдемілігі
шыншылдығында.
-
Ақиқат сөзде алалық
жоқ.
-
Әділ айтған
жеңер.
-
Әділдікке жығылмайтын адам
жоқ.
-
Әкімің әділ болмаса жұрт
бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық
бұзылады.
Оқушы:
Парақорлық, бір жұмысты
бітірту мақсатымен, жұмыс істеушіге, заңсыз жолдармен қолайлылық
көрсетуі үшін берілетін пара немесе кіргізілетін
пайда.
Дініміздің негізгі
принциптерінің бірі әділеттілік. Әр бір жұмыста әділ болу және
қаққа сәйкесу дінні борышымыз. Әділдік істемеген, әділетке
бағынбаған адам, басқалардың қақысын жеген саналады, бұл да күнә
есептеледі.
Оқушы:
Пара неліктен беріледі? Қақысы
болмаған бір нәрсені қолға келтіру үшін беріледі. Өзіне тиісті
болмаған бір нәрсені қолға түсіру мақсатымен бір нәрселер (пара)
беру де, алу да, алып –беруге дәнекер болу да шектелген, істелуі
күнә есептеледі. Өйткені пара беру арқылы, қақылы қақысыз, қақысыз
да қақылы көрінеді де ақиқаттың ортаға шығуына кесе көлденең
болады. Бұл жағдай, қоғамда орынсыз мөлшерде тынышсыздықтардың
туылуы-на себеп болады.
Оқушы:
Құран Кәрімде былай
баяндалған:
«Мал-мүлкіңізді қақысыз
себептермен жемеңіз. Орынсыз екенін өзіңіз біле тұра басқалардың
мал-мүлкінен қақысыз жеу мақсаты-мен жалған куәгер болып, әлгі
мал-мүлікті төрешілерге бермеңіз».
Оқушы:
Парақорлық, жеке адамдармен
бірге, қоғамға да көптеген нашар ықпалдар тұғызады. Парақорлық
өрбіген жерде әділетсіздік артады. Қауіпсіздік пен сенім қалмайды.
Қаблиетсіз кісілер жұмыс басына шығады. Осының кесірінен қоғамдық
тынышсыздықтар молаяды. Сондықтан, Пайғамбарымыз «Параны алған да
берген де жәһәннәмға кетеді»,- деп
бұйырған.
Оқушы:
Ел болып еңсемізді көтеріп,
тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық. Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің
тамыры тереңге тартып, нығая түсінуіне бағыттылған құқықтық
заңнамалар қабыл-данып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы
түзеліп, әлем мем-лекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл
әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам
дамуы-ның жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі
кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол –Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен
күрес жолы.
Оқушы:
Сондықтан сыбайлас
жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының
азаматтық борышы деп білеміз.