"Жемқорлық індет, жою міндет"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жемқорлық індет, жою міндет"

Материал туралы қысқаша түсінік
ьосрпьмидоджроптлордмпло
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жемқорлық індет, жою міндет»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністің бағдарламасы.

1-көрініс. Студенттің сабақ барысындағы бейжайлығы.(Студенттер сабақта отырады, лектор сабақты түсіндіріп жатады, LED панелде «Уақытыңды бос өткізбе» сөзі тұрады)

Лектор: -Құрметті инженерлер, электрик өмірде бір-ақ рет қателеседі. Қателесуі оның өмірінің соңы болуы мүмкін. Ақжігітов, жасырып отырғаның не?

Ақжігітов: Телефон ғой.

Лектор: Ақжігітов ұялы телефон, бұл, сенің қайта оралмайтын уақытыңды қайтарып бере алмайды. «Жастық шақта алған білім тасқа қашап жазғандай, орта жаста алған білім қаламменен жазғандай, қартайғанда алған білім құм бетіне жазғандай» деген, (дейді де барлық оқушыға қарап)

Сол себепті жастық шақта көбірек білуге тырысыңдар, өздерің үшіп оқып, өздерің үшін жұмыстаныңдар. Өйткені ,бұл оқу сендердің ертеңгі жейтін нандарың! Әрі қарай лекцияны жалғастырамыз. (Ақжігітов әлі сол күйінде отырады, біраздан барлығы шығып кетуі керек, әуен ойналады, сахна сыртынан «Емтиханға бір күн қалды»деп дауыстап айтады)

2-көрініс: Ақжігітовпен досы сахнаға келеді.(Ақжігіт пен досының диалогі)

-Достым, сенің маған көмегің керек.

-Мен білемін қандай көмек екенін. ЖОҚ!

-Көмектесе салшы өтініш!

-Мен саған жоқ дедім ғой, деп бұрыла бергенде.

-Тоқта, мынаған қалай қарайсың, а?-деп ақша ұсынады. Досы ойланып келіседі.

-Дегенің болсын. (деп екеуі сахна сыртына шығып кетеді. LED панелде «Тыныштық сақтаңыздар емтихан жүріп жатыр» деген сөз шығады)

3-көрініс: Оқушылар емтихан тапсырып жатады.(Ақжігітов мұғалімге білдіртпей досына жауаптарын белгілетіп алады. Белгілеп болып тапсырып шығып кетеді. Ақжігіттің қуанышында шек жоқ!) оқушылар сахнадан шығады. LED панелдегі сөз: «АҚЖІГІТОВ БАРЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫН АҚША АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫП, ЕШТЕҢЕ БІЛМЕСТЕН ЖАҚСЫ БАҒАЛАР АЛАДЫ»

4-көрініс:

АРАДАН ЖЫЛДАР ӨТТІ. ОЛ УНИВЕРСИТЕТТІ БІТІРІП, ЖҰМЫСҚА ТҰРАТЫН УАҚЫТТА КЕЛЕДІ. Осы сөз тұрады фонда. Сахнаға жұмысқа қабылдайтын басшы отырады. Оған Ақжігітов келеді. Басшы мен Ақжігіттің диалогі:

Ақжігітов есік қағады.

-Келіңіз.

-Саламатсыз ба?

-Саламатсыз ба, ия не жұмыспен келдіңіз.

-Мен осында жұмысқа тұруға келгем, мінеки құжаттарым. (Құжаттарын көріп шығып.)

-Кешіріңіз дәл қазір бізде бос орын болмай тұр. Өтінішіңізді қабылдай алмаймын.

-Мүмкін мынау жұмысқа тұруыма көмектесетін шығар, деп ақша ұсынады.

(Басшы күлімсіреп, ақшаны қабыл алады.)

-Енді.... Жарайды, сізді жұмысқа қабылдаймын. Ертеңнен бастап жұмысқа келе беруіңізге болады. Екеуі қол алысады.

5-көрініс: Ақжігітов жұмыстың алғашқы күні жұмысында отырады.(LED панелде Инженер-электрик деген сөз тұрады.) Ақжігітов:

-Еее, сені жұмысқа алмайды дегені қайда, міне жұмысқа да орналастық. (Телефон соғылады)

-Ия, мен Ақжігітов. Тоқтан ақау шықты! Қазір, - деп кабинеттен шығады, сол кезде сахнаға тоқтар әкелінеді. Ақжігітов басы қатып ақырында тоққа түседі. (Тоқтың дауысы шығады.) LED панелден «ЖЕМҚОРЛЫҚ СЕНІҢ ТҮБІҢЕ ЖЕТУІ МҮМКІН» деген сөз шығады. Барлық қатысушылар сахнаға келеді.(Әуен ойналады)

Қорытынды сөз. Құрметті қонақтар. Біз бұл қөрініспен не айтқымыз келді? «Жемқорлық бұл ХХІ ғасыр дерті. Бұдан біз біріксек қана құтыламыз.

Сөз соңын Ақжігітовтың сөзімен аяқтаймыз.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
590
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі