№5 мектеп-лицей

«Даналық мектебі» жобасы аясында ұйымдастырылған
«Жеңгелерге жеті кеңес» тақырыбында жиналыс бағдарламасы
Күні: 02.06.2025ж.
Қатысқан сыныптар: 10а, 10б.
Ұйымдастырған: «Даналық мектебі».
Жетекшісі: Г.Қ.Қадырбек, Г.Ж.Көшетова.
«Жеңгелерге жеті кеңес»
Мақсаты: Отбасылық тәрбиедегі жеңгенің орнын анықтау
Міндеттері:
-
Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерімен таныстыру;
-
Жеңгемен сырласудың, сыйласудың астарын ашу;
-
Қайыніні, қайынсіңлілеріне білгенін үйретуді дағдыға айналдыру.
Ұлттық құндылықтар: Адалдық және жауапкершілік.
Күтілетін нәтиже:
-
Дәстүрлі тәрбиені қазіргі тәрбиемен байланыстыра алады,
-
Отбасылық тәрбиедегі жеңгелік орнын түсінеді,
-
Отбасындағыларға қамқорлық жасайды.
-
Ұйымдастыру бөлімі (10 мин). Мектеп ішінде жеңге туралы әуен ойналып тұрады. Ұйымдастырушылар келген қонақтарды (жеңгелерді) күтіп алып, алқалы жиын өтетін жерге алып барып, орналастырады. Іс-шара өтетін жерде бүгінгі таңда жеңгелердің қоғамдағы, отбасындағы орны, қызметі туралы айтылып жатқаны дұрыс. Ерте келген қонақтар аз да болса ақпарат алады. Бұл шараны тым ресми қылмай, мектеп әкімшілігі рұқсат етсе, шай іше отырып та өткізуге мүмкіндік бар. Онда «Шай үстіндегі әңгіме» болады. Сырттан келген жеңгелердің бірден әңгімеге араласып кете алмайтыны белгілі, сол себепті мектепте істейтін мұғалім жеңгелердің дайындықпен келгені дұрыс болар еді.
Модератор:
Мен үшін тосуға әзір желге демін
Ең жақын жандарым бар елде менің... Жайраңдап, жарқылдасып жүрсіңдер ме, Аяулы қайран менің жеңгелерім?!
Қадірлі де қадірменді, жеңгелер! Бүгін өткізгелі отырған «Отбасы құндылығы: Жеңгелерге жеті кеңес» тақырыбындағы іс-шарамызға қош келдіңіздер! Жаһандану заманында жеңгенің отбасындағы, тәрбиедегі орнымен қатар
«Жеңеше» деген атауының өзі жойылып бара жатқандай көрінеді. «Менің аппақ жеңешем» деп еміреніп тұратын қайынінілер мен қайынсіңлілердің де қатары азайып бара жатқандай... Неге? Бүгін бәріміз алқалы жиында (дөңгелек үстел) бас қосып, осы мәселені талқылайықшы.
-
спикер:
Жақында
интернеттен мынадай бір ақпарат
оқыдым, авторы
Сая Қасымбек.
«Бала күнімізде
ауылға түскен
келін – күллі
бала-шағаға
«жеңеше» боп шыға келетін. Руы, туыстығы ешкімді қызықтырмайды. «Жеңеше» – бітті!.. «Ақбас көкенің үйіндегі жеңешем босаныпты!» - деп, тайлы- таяғымызға дейін қалмай, ауыл-үйді түгел шарлай сүйінші сұрайтынбыз. Шапқылауымызға дүмпу болып тұрған – жеңгелердің бөліп-жармастан бәрімізге бірдей қарауында жатыр. Осы кездері ойлап қарасам, сол – «жеңеше» деп жүрегіміз үзіле сыйлаған жеңгелеріміз үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын ауылдас қана екен». Сонда жасы кішілердің зор махабатына
бөлену үшін оларды бөліп жармай, бәрін бірдей жақсы көруіміз керек екен ғой. Қазір біз бүкіл ауыл демей-ақ қояйықшы, өзіміз келін боп түскен үйдегі, әулеттегі күйеуіміздің жасы кіші іні-қарындастарын жақсы көре алып жүрміз бе? (Осы арада модератор осы мәселеге қатысты 2-3 жеңгені сөзге тартса...).
-
спикер: Мен жеңгемен қайынсіңлі-қайыніні арасындағы сырласу туралы айтқым келіп отыр. Сырласу үшін адамға сыйластық керек. Отбасындағы, әулеттегі сыйластық неден басталады? (жауап беретіндер болса айтқызу керек) Ал сырласуға келсек, мұны - жеңге мен қайыніні-қайынсіңлі арасындағы сыйластықтың шыңы деуге болатын шығар. Бозбала, бойжеткен шақтағы ұл мен қыздың тәрбиесі үшін оның ықпалы ерекше. «Анаң - ақылшың, жеңгең – сырласың» деген сөз бекер айтылмаған. Анасына айта алмаған ішкі сырын жеңгемен бөлісіп, оның ақыл-кеңесін тыңдаған бозбала әсіресе бойжеткен қапелімде шалыс баса қоймайды. Қазақтың даналығы шығар, үйге келін түскеннен бастап қыз баланың тәрбиесін жеңгесінің мойнына жүктейді. Ақан серінің «Балқадиша» әнінде
Бір түгіл, екі жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша...
деген жолдар бұл сөзімізге толық дәлел. Қазір заман басқа, жеңге сауық кештеріне еріп бармаса да, оңашада қыздар арасындағы тақырыпта
әңгімелессе,
олар үшін жан сырын жасқанбай айтатын сырласына айналса... от басып қалатын қыздар
азаяр еді. Ондай
кезде жеңге сырға берік болуы керек. Оны да есте ұстаған абзал. Сыр сақтай білу үлкен
өнер.
Сонда қыздар психологтерге, коучтерге жүгірмей, жеңгесіне жүгінер еді.
Модератор: Ал сіз жеңге ретінде қайынсіңліңізбен сырласасыз ба? Қандай тақырыпта? (1-2 жеңгені сөйлету)
-
спикер: Жаңа әріптесім сырласу туралы өте жақсы айтты, сол кезде сыйластық мәселесі де сөз болды. Қазір өткеннің бәрін мансұқтап, жаңаша өмір
сүреміз дейтіндер көп. Жеңге мен қайыніні-қайынсіңлі қарым-қатынасына келсек, «атын атағанда тұрған не бар» демей, байырғы «Ат тергеу» дәстүріне оралуымыз керек деп ойлаймын. Атын атамай, еркелетіп атаудың адамның тұла бойын жылытып жіберетінін ұмытпағанымыз абзал. Фариза апамыздың:
Сендерге қатыстыдай жан арманым, Тапсам деп көңілімді алаңдадың.
«Көзжақсым», «Еркемдерді» талғап, таңдап Жарыса ат қоюшы ең маған бәрің. –
дегені бар емес пе? Олай болса: Жаңа түскен келін күйеуінің інілерін атымен атамай «Еркебала», «Сылқым жігіт», ал қарындастарын «Ерке қыз», «Айнамкөз» деп іш тартып тұрса, олар да «Жеңеше» деп майыса қалмай ма?! Үйге «келін түсті» деп қуанған әулеттің, үлкеннің де, кішінің де көңілін қалдырмауға тырысу керек, т.б. Сонда өзі иіліп тұрған келінді, бәрін жақын көріп, іш тартып тұрған жеңгені ешкім ренжітпеуге тырысады. Сыйластық деген – осы. Отбасындағы татулық осыдан басталады. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болсақ, келінге, жеңгеге деген құрмет те арта түседі. Осы орайда алдарыңызда жатқан №1 үлестірмеге қағазды жұп болып толтырайықшы.
№1 үлестірме
Ат тергеу
|
Күйеуіңіздің туыстары |
Қалай атар едіңіз |
|
Қайынағаңыз |
|
|
Қайынапаңыз |
|
|
Қайынініңіз |
|
|
Қайынсіңліңіз |
|
-
спикер:
Иә, «кішіге
қамқор» демекші,
Қайыніні,
қайынсіңліге ақыл-кеңесіңді айтып
жүруді дағдыға
айналдыру керек.
Ондай мысалды
жүздеп, мыңдап
келтіруге болады
ғой. Көпшілігіміз
көрген
шығармыз, бұрынғы, ескі фильм болса
да, жеңге
мен қайыніні
арасындағы сыйластық пен сырластықты «Гауһартас»
фильмінен көруге
болады. Мысал ретінде үзінді
көрсек... https://www.youtube.com/watch?v=yAAU_Y3Gn54 44.00-45.05. Осы үзіндіден қандай қорытынды жасауға болады? (Жеңгелерді сөйлету керек) Жеңгесі қайыніні, қайынсіңлі бойындағы дарынын, қабілетін бір сөзбен айтқанда жақсы қасиеттерін жазбай танып, шама шарқы жеткенше ақыл- кеңесін айтып, болашағына жол сілтеп отыруы керек деп ойлаймын. Түсіне білген адамға бұл – үлкен қамқорлық.
Ал сіз қайыніні-қайыңсіңлілеріңіздің қандай дарыны барын білесіз бе?
Енді №2 үлестірмені жұбымызбен ақылдаса отырып толтырайықшы.
№2 үлестірме
|
Күйеуіңіздің туысы |
Қандай дарыны бар? |
Қандай үйірмеге апарар едіңіз? |
|
Қайынініңіз |
|
|
|
Қайынсіңліңіз |
|
|
(Қатысушыларды сөйлету)
-
спикер: Бүгін енді жеңгенің отбасындағы орны туралы салмақты әңгімелер айтылып жатыр. Отбасы болған соң сыйластық та, сырластық та, татулық та бәрі керек. Орнымен болған әзіл оның бәрін одан ары бекіте түседі деп ойлаймын. Жеңгесі мен қайыніні-қайынсіңлісі арасындағы әдемі әзілге жететін ештеңе жоқ. Қадыр ағамыздың әжесімен қалжыңдасатын ағасы туралы жазғаны бар емес пе...
Тірлік пе жүре беру құр санатта?! Жылға азық құрсан күндер, Құрсан апта.
Әжеміз бір жасайтын Қайнысымен Сөйлескен,
Әзілдескен бір сағатта. Өткізіп күзді де аман, Қысты да аман,
Қазірде сәл қиындай түсті ғалам. Қайнысы
Ә дегенде өте шыққан
Өзінің жастығындай ыстық оған!
Әлеуметтік желіде жүрген мына бір әзілге көңіл бөлейікші. https://www.youtube.com/watch?v=RBRbpIJwwAo немесе https://www.youtube.com/watch?v=xhh_8M4Zolw. Жұлдызай мен Әлидің мұндай әзілдері көп екенін білесіздер. Осы роликті көре отырып, әзілдесе білгеннің де үлкен өнер екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан орайы келгенде әзілдесіп жүрген дұрыс. Қайыніні-қайынсіңлі әзілдесуді білмесе, оның да қыр-сырын түсіндіріп, үйретіп қою керек шығар.
Модератор: Сіздермен қайыніні-қайынсіңлілеріңіз әзілдесе ме? Бір мысал келтірсеңіз... (Ойлануға уақыт беру. 1-2 қатысушыны сөйлету)
-
спикер: Жеңге аспаннан салбырап түсетін жан емес. Ол кешегі қыз. Жасы жеткенде, біреуге жеңге, біреуге келін болуға жараймын деп, бұлғақтаған қыз күнін келіншек болуға айырбастап келеді. Осы кезде енесімен, атасымен, күйеуінің аға-әпкелері, іні-қарындастарымен жағымды қарым-қатынас орнатып, сыйластықта тұруы керегін түсінуі керек. Тіпті отауы бөлек болғанның өзінде олармен жиі араласып тұрғаны абзал. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Үйдегі қайынсіңлісі жеңгенің осындай әдептілігін, ибалығын көрсе, өзі де келін, жеңге болғанда, үйренгенін істейді. Шіркін осыны өмір салтымызға енгізіп жіберсек, баяғы бабаларымыздан келе жатқан дәстүрді жалғап, кейінгі буынға мирас етер едік. Бүгінгі күні осы дәстүрімізден айырылып бара жатқанымыз қиын-ақ. Ене мен келін, жеңге мен қайынсіңлі арасындағы келіспеушіліктер жиі көрініс береді. Осыған ене де,
келін-жеңге де мүдделі болса, Қыз – Келін – Жеңге – Ана – Ене деген тіршілік тізбегін ұмытпаса деймін. Сонда әрбір әулетте татулық, сыйластық салтанат құрар еді. Мына бір роликке назар аударайықшы. https://www.instagram.com/reel/C8AE1-UtteW/?igsh=ZnZhZzY1a2gwOXlq
Осыған кім не айтады? Отбасындағы татулықты сақтауға осылай үлес қосуға болар ма еді?
-
спикер: Ұлт ретінде жойылып кетпеу үшін біз ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтауымыз
керек. Ол біздің қазақы болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз, әдебиет
пен өнеріміз,
бір сөзбен айтқанда рухани мұрамыз. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас боп келе ізгілік қағидаттары. Осындай құндылықтардың отбасында сақталуына жеңгелер аз да болса үлес қосуы керек. Әлдиін ұйықтатқанда қазақша «Бесік жырын» айтса, үйде кішкентай балалар
болса, оларға кешкісін қазақ ертегілерін оқып берсе, домбыра тартуды үйретсе немесе домбыра үйірмесіне қатыстырса... қандай жақсы?! Кейде кішкентай нәрсе деп мән бермей жатамыз, алайда жұма күні бауырсақ пісіріп, аруақтарға құран оқытуды әдетке айналдырсақ, аптасына ең болмағанда бір күнді ұлттық асымыз етке арнасақ, т.б. (қазір «бешбармақ» деп жүрміз ғой) отбасында үлттық тағамдарға деген құрмет қалыптаспай ма?! Тәрбие деген тек моральдық әңгімелер айту емес, кейде осылай әрекет арқылы да бойға, санаға сіңіп жатады. Сондықтан жеңгелер де өз кезегінде ұлттық құндылықтардың сақталуына назар аударса деген тілегім бар. Сонда біз әлемдік өркениетке өз үлесімізді қосып, ұлттық болмысымызды, қалпымызды сақтап қаламыз.
-
Жеңгелерден қандай ертегі, аңыз-әңгіме білетінін сұрау
-
Хормен «Бесік жырын» айту. Қатысушыларға №3 үлестірмені тарату https://www.youtube.com/watch?v=u6mP0LAcOxs
№3 үлестірме ән мәтіні
Кішкентай жүрегім
Медет Демежан
Жаным-ау, күнім-ау, әр сенің қылығың, Жалғайды мендегі көңілдің сынығын.
Сен барда жанымда еркетай құлыным, Бақытты ананың, ананың бірімін.
Кішкентай жүрегім, тәттісің, білемін. Бір тілек тілесем өзіңе тіледім.
Аман бол, аман бол кішкентай жүрегім. Көзіңнен көремін тағдырдың тынығын,
Өзінсің себебі байлығым ғұмырым. Сен барда жанымда еркетай құлыным Сарқылмас аналық, аналық жылуым.

Аман бол, аман бол кішкентай жүрегім.
Кішкентай жүрегім, тәттісін, білемін Әрқашан адалдық болсыншы тірегің. Сол менің, ол менің аналық тілегім.
Модератор: Құрметті қонақтар, қадірлі жеңгелер, бүгінгі басқосуда біраз дүниені ортаға салдық деп ойлаймын. Арасында фильмнен үзінді көріп, бейнероликтерді талқыладық, бесік жырын айттық. (Егер демеушілер табылып жатса, үйдегі кішкентай балаларға оқып беріңіздер деп, қатысушыларға қазақша ертегілер жинағын сыйлыққа беруге болады) Енді осы мәліметтерді негізге ала отырып, жеңгелерге қандай кеңес берер едік? Ой- пікірімізді ортаға салайықшы. (Тілек білдірген қатысушылардың бәрін сөйлету) Ал біз ұсынатын кеңестерді интерактивті тақтаға шығарып немесе мына QR-код арқылы ашып, ой елегінен өткізсек...

-
Жасы кішілердің
махабатына бөлену үшін оларды бөліп жармай, бәрін бірдей жақсы көруіміз керек
-
Қайынсіңліңнің жан сырымен бөлісетін сырласына айналу. Ондай кезде жеңге сырға берік болуы керек. Сыр сақтай білу - үлкен өнер.
-
Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу. Сонда келінге, жеңгеге деген құрмет те арта түседі
-
Қайыніні-қайынсіңлі бойындағы қабілетті, дарынды жазбай танып, ақыл-кеңес айтып, болашағына жол сілтеп отыру
-
Орайы келгенде әзілдесіп жүру. Қайыніні-қайынсіңліңе қалжыңдасып жүруді үйрету. «Әзілің жарасса атаңмен ойна»
-
Қыз – Келін – Жеңге – Ана – Ене деген тіршілік тізбегін ұмытпай, әр кезеңдегі статусыңа лайық болу
-
Ұлттық құндылықтардың сақталуына назар аудару.
Модератор: Ал қазір бүгінгі отырыстан қандай ақпарат алдық, қандай пікірлермен келіспейміз, осыны ортаға салу үшін кері байланысқа кезек берейік. (Ауызша кері байланыс жүргізіледі)
Модератор:
Сендерсің – аңсап-талып ел дегенім, Елжіреп сағыныштан, сенделемін.
Қазақтың ошағына құт қондырған, қартаймай жүріңдерші, жеңгелерім! –
деп бүгінгі алқалы жиынды аяқтаймыз. Қош-сау болыңыздар!
Соңы
(Өлең жолдары Қадыр Мырза Әлі мен Фариза Оңғарсынованың шығармасынан, суреттер әлеуметтік желілерден алынды)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Жеңгелерге жеті кеңес”

шағым қалдыра аласыз