Фариза Оңғарсыноваатындағы №41 мектеп-гимназия

«Жеңгесі жақсы қандайды?»
(8 «А» сыныпоқушыларының
Жеңгелерімен біріккен сыныптан тыс шарасы)
Сынып жетекшісі:Жакупова Н.К
Ақтөбе 2025 жыл
Тақырыбы «Жеңгесі жақсы қандай-ды?»
Өткізген күні 03.03. 2025 ж
Мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларға талап, ар-ұят, ұлттық мүдде құндылықтарын дарыту бағытындағы «Даналық» мектебінің бір бөлігі жеңгелер мектебінің жұмысын айқындау, оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жеткіншек жастарды адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Кітап көрмесі, шашбаулар, ұлттық киім, ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі туралы нақыл сөздер, арнайы лупа пішінді тапсырмалар, майшам,дөңгелек,
Сабақтың барысы:
Ой қозғау Жеңге дегенісіз кім?
Жеңгенің туыстық қатысы қандай?
Сұраққа жауап алу.
Кіріспе
Оқушыларға жеңге туралы қысқаша түсіндіру
Жеңге деген кім? Ол – ағаның сүйіп қосылған жары, шаңырақтың тірегі, ата-ененің қамқоршысы, қайнысы мен қайын сіңлілердің сырласы. Олардың атын атамай, еркелетіп «Төрем», «Сырғалым» деп ат қойып, олармен құрдасындай қалжыңдасатын да жеңге болатын. Қазақ дәстүрінде жеңгенің орны ерекше. Жақсы жеңге шешенің орнын жоқтатпайды. Босаға аттаған келін қайын жұртын бақытты қыламын, шаңырақты шаттыққа бөлеймін деп келеді. Бұл мақсатына жету үшін ол қайнылары мен қайынсіңлілерімен тез тіл табысып, етене араласып кетуі тиіс. Қайынсіңлілері сырласындай, қайнылары құрдасындай болып кеткен жаны жайдары жеңгелеріміз арамызда аз емес.
Қазақ келіндері қайныларының, қайынсіңлілерінің аттарын ешқашан атамаған. Ауылдың үлкендерінен бастап, еңбектеген сәбиіне дейін ат қойған. Себебі, үлкен кісінің есімін атау әу бастан-ақ әдепсіздіктің белгісі болып саналған. Ұлтымыздың салт-дәстүрінде жаңа түскен келін отбасы мүшелері мен жақын туыстарға, көршілерге дейін жанама ат қояды. Мұны қазақта «ат тергеу» дейді. Мәселен, мінезі тіктеу қайынсіңілісін «жуасым», жайбасар қайнысын «жүйрігім» деп атайтын жеңгелер де бар. Сондай-ақ, «Еркежан», «Бикеш», «Мырзам», «Сырғалым» дегендей еркелетіп те атай береді. Келін сонысымен отбасыға қадірлі болады.
Қаймағы бұзылмаған қазақ дәстүрінде жеңге мен қайынсіңлі, қайны арасында ерекше қарым-қатынас орнаған. Олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ықыласы, сыйластығын сөзбен жеткізу қиын. Жақсы жеңгелердің кей жағдайда қайныларының шаңырақ құруына да септігі тиіп жатқан. Бұл үшін ол өз ауылынан немесе бірге оқыған құрбыларының арасынан мінезге бай, көргенді, инабатты қыздар іздеп, қайнысымен таныстырып жіберетін. Сол арқылы екі жақсының басын қосып, адам алдында да, Құдай алдында да сауапқа кенеледі.
Қашанда қыз баласы жеңгесіне жақын. Ертелі-кеш жанында жүретін қайынсіңлісіне жеңгенің үйретері көп. Оның үстіне қыздың анасы да «жеңгеңнен үйрен, жанында жүріп жәрдемдес» деп айтып отырса, олардың арасы бұрынғыдан да жақындай түседі. Бүгінгі бойжеткен ертеңгі бір шаңырақтың келіні. Жеңгесі сияқты ол да ертең бір босағаны аттайды. Сонда жеңгесінен үйренгендерін кәдеге асырса барған жеріне құт келін болары анық.
Мағынаны тану
Жеңгенің отбасы мүшелеріне, ағайын туысқанның, көрші колаңдардың атын атамай айтуын қазақ халқында қандай дәстүр дейді?
Оқушылар жауабынан соң бейнежазба арқылы түсіндіру
Ұлттық құндылық «Ат тергеу» туралы бейнежазба көрсету;
https://www.youtube.com/watch?v=gRZkzdgQgBk
Сынып сағатына қатысып отырған сынып оқушыларының жеңгелерін таныстыру:
Диананың жеңгесі - Саяна жеңге
Айкөркемнің жеңгесі – Мөлдір жеңге
Каусардың жеңгесі – Гүлшат жеңге
Шыңғыстың жеңгесі - Мөлдір жеңге
Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмаларын беру
Оқушылар топқа бөлінеді:
1-топ. «Сен білесің бе?» «Шаш өру құпиясы»Гүлшат жеңге
2-топ. «Шебердің қолы ортақ». «Қазақтың ою өрнектері» құндылығын ашу; Мөлдір жеңге
Домбырашылар мен қобызшының орындауында «Балбырауын» күйі
3-топ. «Ас – адамның арқауы»«Жент – ұлттық тағамы» Саяна жеңге
4-топ. «Білгенім бір тоғыз»Зейнеп Ахметова «Күретамыр» шығармасындағы салт – дәстүрден көрініс көрсетеді. Мөлдір жеңге
https://www.youtube.com/watch?v=ZHsPSIRgXGo
Топтық жұмысқа берілген тапсырмалар бойынша ортаға шығып өз ойларын талдап, жеңгелер кеңесін тыңдайды.
Қорытынды: Жеңгелеріне тілек айту
Болмысың, бар тілегің елің
үшін,
Әйел-жар, отбасының сенімісің!
Тәлімін Ару-ғұмыр күннен алған
Сен бүгін бір әулеттің келінісің
Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа
әнін,
Біздің үйдің босағасын аттадың.
Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің,
Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың.
Әдемі әр кез сенің салған әнің де,
Бұл әулетте иесің сен сенімге.
Сен естідің, сен тыңдадың әрқашан
Қандай алғыс болса айтылар келінге.
Кеудемізден арайлы арман ұшырдың,
Сол арманға ортақтастың - түсіндің.
Өкпелесіп қалған сәттер болса да,
Сен иілдің, сен алдымен кішірдің.
Біз салатын әнді бірге жырластың,
Бізбен бірге талай қиял қырға астың.
Біздің жүрек төрімізден сыр ұғып,
Жібек мінез қалпыңменен сырластың.
Көңіліңде айтылар көп ән, дастан,
Жырлай берші тоқтамастан, тынбастан.
Сенің нәзік жүрегіңе махаббат
Ізгілік боп ұя салған әу бастан.
Артық түсер бір ісінен бір ісі,
Әр тірлігің - біздің үйдің тынысы.
Десе жұрттар біздің үйдің келіні,
Дейміз біздер біздің үйдің ырысы.
Сондықтан да көңіл әр кез көктесін,
Нәзік жаның мұңның сазын шекпесін.
Жүректегі үзілмесін әсем ән,
Жанарыңнан сол бақ сәуле кетпесін.
Нұр жүзіңнен сол бақ сәуле сөнбесін,
Отауыңа мұңның табы келмесін.
Өйткені сен қайын сіңлі, қайнының
Шаттығына жаратылған жеңгесің.
Қорытынды:
ЖЕҢГЕ сөзіне әдемі теңеулер айтып, «Жеңгесі жақсы қандайды?» сынып сағатын қорытындылайды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Жеңгесі жақсы қандай-ды?»

шағым қалдыра аласыз