400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеңіл гимнастикалық құралдар мен жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім


Педагогтың аты-жөні

Туктыбаев Ерлан Турсынович

Күні


Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Жеңіл гимнастикалық құралдар мен жаттығулар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшт және әлсіз жақтарын салыстыру.

Сабақтың мақсаты


Гимнастикалық жаттығуларды орындату арқылы адам дене мүшелерін өмірде кездесетін қимылдарды жеңе білуге даярлау


Бағалау критерииі

  • топта бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады;

  • қозғалмалы ойындар арқылы негізгі қозғалыс координациялары қалыптастырады;

  • көшбасшылық дағдыларымен жұмыс жасайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Саптық жаттығуларды орындату:

  1. «Оңға» «Солға» «кері айнала»

бұрылып саппен жүру,

Жүру жаттығулары:

Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, аяқтың өкшесімен, табанның ішкі қырымен, табанның сыртқы қырымен жүру.

Жүгіру жаттығулары:

Екі қолды белге таяп, аяқтарын алға кезек – кезек сермеп жүгіру.

Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

Тізені алға көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа сермей жүгіру.
Толық отырып секіру.

Толық отырып жүру.
Дем алуға арналған жаттығулар. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен көтерілу, қолды жанына түсіріп, демді сыртқа шығару. Бір қатардан 3 немесе 4 қатарға тұрып жаттығу жасату.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ







Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

Picture 2

1. Жалпы дамыту жаттығуын аяқтап, сыныпты бір қатар сапқа тұрғызып сабақтың негізігі бөліміне көшу.

2. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, видео көрсетілім арқыл көрсету. Практикалық түрде орындап көрсету.

3 . Топқа бөлу. Балалар қазір қандай жылдың мезгілі? (Көктем) Күн жылығанда бізге не ұшып келеді? (Құстар). Ендеше балалар мозайкада екі құстың суреті берілген сол суретті құрастырып екі топқа бөлінесіңдер.


4. Оқушыларға түсіндіріп, видео көрсетілім арқылы көрсету экраннан. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.


1-жаттығу.

Жүресінен отырып, екі қолды жерге тірей демеп, алға қарай домалау.





2-жаттығу.

Ж үресінен отырып, екі қолды жерге тірей демеп, артқа домалау.




3-жаттығу.

Жауырынға тұру.



4-жаттығу. Сергіту сәті

Picture 2

Picture 7

5 -жаттығу. Ойын жаттығуы.

- Бір аяғын бүгіп ұстап, екінші аяғымен

3 метр жерді секіру;

- Төсеніштің үстінен алға домалау;

- Матының үстінде 3-рет денені көтеру, айналып өтіп артқа жүгіру.

Picture 2

Қорытынды бөлімі:

алға қарай домалап түсу.
8. «Акробатикалық эстафеталар» ойыны:
Аяқ арасы иық кеңдігіндей бір қалыпта саусақтарды айқастырамыз алдыға, кері айналдырамыз.

Б.қ. екі қолды алға қарай созып, шынтақтан бүгіп сыртқа қарай, ішке қарай айналдыру.

қолды екі иыққа қойып 1-2 санымен алға, 3-4 санымен кері айналдыру.

Б.қ екі қолды белге таяп басымызды оңға, солға қарай айналдыру.

Б.қ екі қолды белге қойып, белімізді оңға,солға қарай айналдыру.

Б.қ екі аяқтың арасын ашып, оң аяққа отырып сол аяқты солға созу, сол аяққа отырып оң аяқты оңға созу.

Екі аяқты қосып тізені оңға, солға айналдыру.

Оң аяғымыздың ұшын оңға,солға қарай айналдыру, сол аяғымыздың ұшын оңға,солға қарай айналдыру.

Қолды ал ға созып, аяқтың арасын ашып, оң жақ аяққа отырып сол жақ аяғын созу; сол жақ аяққа отырып, оң жақ аяғын созу:

Ұлдар екі қолдарымен еденді тіреп денесін көтеру 10 рет

Отырып тұру, ер балалар 10 рет, қыз балалар 20 рет.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Оқушылар спорт залды айналып жүре отырып тыныс алуын қалпына келтіру. Қолды жоғары көтере отырып мұрынмен терең дем алады да, қолды түсіргенде демді ауызбен шығарады.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау











ҚБ «От шашу»




Үлкен бос кеңістік.

Волейбол добы, ысқырық, конустар



Қауіпсіздік ережелері сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=jHIONPeIMLE




Сабақтың соңы


«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Команда капитаны» рөліндегі оймен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі