Материалдар / Жеңілдетілген спорттық ойындар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңілдетілген спорттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ оқушыларға арналған жеңілдетілген спорттық ойындар 6 сынып денешынықтыру сабағында қолданады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шаңғы/кросс/ коньки даярлық негіздері. Ортақ тақырып: Табиғи құбылыстар. III -тоқсан

Күні: Мектеп: №58 жалпы орта білім беретін мектебі

Сынып: 4 Мұғалімнің аты-жөні: Аманов шыңғыс

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі.Тапсырма арқылы дене шынықтыру компоненттерін дамыту

Оқу мақсаттары 4.3.4.4Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану

Сабақ мақсаттары Кросстық даярлық негіздері бойынша қашықтықтан өту тапсырмаларында кеңістікте бірқатар іс-қимылдарды қолдану, динамиканы байланыстырып және тиімді машықтарды жүйелендіріп қолдана білу.

Бағалау критерийлері · Кеңістікте бірқатар іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және басқалардың іс-қимылдарының орындалуын салыстырады. · Бірқатар дәл,тиімді дағдылардың реттілігін анықтайды және қимылды орындаудың уақыт, кеңістік және бір қалыптылық түсінігін көрсетеді.

Тілдік мақсаттар Оқудың тілдік мақсаты. Білім алушылар: Дайындық күйінің құрамдастары (күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік); Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды: · ширату және қалпына келу техникасы; · дене белсенділігінің қарқындылық деңгейі: төмен, орташа, ширақ: Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері. Талқылауға арналған сұрақтар: · Дене жаттығуларымен айналысқанда неге біздің жүрегіміз тезірек соғатындығын түсіндіре аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, дене шынықтыру компоненті ретінде ұстану, білім мен түсінік қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беру;

Пән аралық байланыс Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Бөлімде орта және ұзын қашықтыққа жүгіру көмегімен жақсартылатын күшке және төзімділікке арналған жаттығуларға айрықша назар аударылған.

Жоспарлардағы әрекеттер С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері Сабақтағы іс-әрекеттер Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың

басы:

10 минут Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау. Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Кросс даярлығындағы қашықтықтан өту, қозғалмалы әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру, жүгіру жаттығуларын қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау. Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы 25 минут Оқушылар алдағы қозғалыс әрекеті үшін сергіту жаттығуын орындайды. Сонан соң оқушылар өз еріктерімен топтарға бөлініп, қашықтықты 9–12 минутта өтуді бастайды және оны өту кезінде жасанды кедергілерден өту тапсырмаларын, қозғалу техникасының элементін орындайды. Жүгіру процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: - сөре және бастапқы ұмтылыс; - қашықтық бойынша жүгіру; - мәреге жету. Жүгіріп болғаннан кейін топтағы оқушылар қозғалыс техникасын сақтай отырып қашықтықты өту процесін түсіндіреді және сипаттайды. (С,Ж,ҚБ) «Шеңбер бойынша эстафета». Оқушылар топтарға бөлініп, өз кезеңдеріне орналасады. Кезеңдер қашықтығы – 50-60 метр. Белгі бойынша оқушылар жүгіруді бастайды және кезекпен эстафеталық таяқшаны беріп отырады. Мәреге бірінші келген топ жеңіп шығады. Қашықтықтың түрлі кезеңдеріндегі физикалық белсенділік кезінде болатын ағзадағы өзгерістерді талдайды. Үлкен бос кеңістік. Эстафеталық таяқшалар, жалаушалар.

Сабақтың

соңы:

5 минут Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Кросс дайындығындағы тапсырмалар кезінде жасанды кедергілерден өту тапсырмаларының орындалуына назар аударады, анықтамалар береді. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларын пайдаланып, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге

тапсырма Жүгіру төзімділігіне арналған жаттығулар орындау.

Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет

қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қашықтықтан өту

тапсырмаларының орындалу

сапаларына мән беру. Физикалық

жүктемелер барысында күшті

дұрыс жұмсауды ұстану, барынша

тапсырманың мағынасын ашу, әр-

түрлі қозғалыс дағдыларын

дамыту. Қабілеті жоғары білім

алушылар әр-түрлі қозғалысты,

кедергілерден өту дағдыларын

қайталап сынып алдында өз

бетінше көрсету. Тапсырмалардың

деңгейлерін күрделендіру,

орындалу нұсқаларын ұсыну. Білім алушылардың өз бетінше әр-түрлі қозғалыс дағдыларын дамытуға жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, өзіне тән тәсілдерін байқап көру. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру амалдарын қолдана білу. Кросс даярлығы барысында күшті дұрыс жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. Физикалық жүктемелер, тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларына бағытталған тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға жете назар аудару. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын дамытатын жаттығулар жинағын жүйелі орындайды, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген білім алушыларға бір қалыптылықты қалыптастыруға, тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бірқатар тиімді дағдылардың реттілігіне, шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың

деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене

өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың,

жаттығулардың айырмашылығын анықтау.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының

мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары

туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі

тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Іс-қимылдардың динамикасы мен байланысына

сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге

мүмкіндік беру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!