15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жеңіп көр!" спорттық сайысы
.Тақырыбы: «Жеңіп көр!» спорттық сайысы
Мақсаты: - кентінде спорттық сайыстарды дамыту, насихаттау;
cпорттық шеберлікті жоғарылату;
cалауатты өмір салтын насихаттау;
cпорт әуесқойларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
Қажетті
құралдар:теннис
ракеткалары, шарлар, секіртпелер,
фишкалар, доптар, қаптар, арқан т.б;
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Жүрг:-
Құрметті көрермендер! Ұстаздар ! Барша
спорт сүйер қауым! Ұстаздар мерекесіне
орай ұйымдастырылып отырған мектеп
ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері
арасында өтетін «Жеңіп көр!» спорттық
сайысына қош келдіңіздер!
ІІ.
Негізгі бөлім:
Олай болса бүгінгі спорттық сайысқа
қатысатын барлық топтарды ортаға
шақырайық.
Жүрг:
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып
ешқашанда мойымайтын.
Мықты спортшылар
келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық
,қане, халқым!
Жүрг:Ал,
құрметті халайық!
Жарысты енді
көріңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ
баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Спорттық сайыс барысында ескерілетін мәселелер: қауіпсіздік ережесін сақтау, команда құрамын түгел қатыстыру, әр ойынның қорытындысын айту, командалардың ұпайын есептеп, жеңген команданы анықтау, марапаттау.
Спорттық
сайысымыз 5
балдық жүйемен
бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы
10
кезеңнен
тұрады.
Әр
кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын
береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге
сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың
бірінші
бөлімі
«Таныстыру»
(Топты
таныстыру, ұраны)
Әр топ өздерін
таныстырады.
Жүрг:Құрметті әділқазылар сайыстың бірінші бөлімі бойынша бағаларыңызды берулеріңізді сұраймыз.
Шынықсаң
шымыр боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы
азамат боласың.- деп келесі екінші
бөлімге
көшеміз.
ІІ
кезең:
«Кім
жылдам?» сайысы
(Теннис
ракеткасымен
шарикті
жоғары серпітіп алып жүгіру )
Әділқазылар
сайыстың екінші бөлімі бойынша
бағаларыңызды
берулеріңізді сұраймыз.
Спорт
көркі өмірдің, спорт досың серігің –
деп сайысымыздың 3
бөліміне
көшейік.
ІІІ кезең: ««Секіртпемен секіру» сайысы
(Секіртпемен секіріп белгіні айналып келу.)
Әділқазылар
сайыстың үшінші бөлімі бойынша
бағаларыңызды
берулеріңізді сұраймыз.
Сайысымыздың 4 бөліміне көшейік.
IV
кезең: «Тасымақ»
сайысы
(Бұл
ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып
арқаларын түйістіреді де орталарына
доп қыстырып алып жүгіреді. Ойын кезінде
допты құлатпау, тапсырманы толық орындау
шарт.)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Топтар
міне отыр сынға түскелі,
Сыналмақшы
ептілікпен күштері, олай болса 5
кезең.
V
кезең: «Ептілік сайысы»
(Шелектегі
суды қасықпен төкпей тасып стаканға
жинау.)
Спорт
десе таза біздің арымыз
Жалындайды
жанымыз
Олай болса 6
– кезең.
VI кезең: «Көкөніс жинау»
(Қапты киіп алып белгі бойынша секіріп картоп жинау.)
VІІ
кезең: «Алмалар» сайысы
(Әр командадан бір адам қатысады. Берілген 1 минут ішінде алманы көп жеген адам жеңімпаз атанады.)
VІІІ кезең: «Қаппен тасу»
(Берілген белгі бойынша бір-бірін қаптың үстіне отырғызып тасу)
ІХ кезең: «Суретші» сайысы
(Командадан бір қатысушы көзі байлаулы күйінде тақтаға сурет салады.)
Х кезең:«Арқан тарту» сайысы
(Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына қарай тартады. Өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.)
Әділқазылар сайыскерлеріміздің ұпай санын көтерейік.
Жүрг:Жарыс
заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз
болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
Біреу
озса сайыста,
Біреу артта
қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса
бізге жарады. - демекші сайысымыздың
шарттары бойынша қорытынды шығарып
жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау
сөз әділқазыларға
беріледі.
Жүрг:Бүгінгі
спорттық сайысқа қатысушы спортшыларымызға
арналған
сыйлықтарымызды қабыл
алыңыздар.
Жүрг:Құрметті
қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп
рахмет. Келесі кездескенше, қош сау
болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген